Мұқағали МақатаевБіздің үйге көктем келді, қыз келді, Қызығың да, тамашаң да бізде енді

Мұқағали Мақатаев

Біздің үйге көктем келді, қыз келді,
Қызығың да, тамашаң да бізде енді.
Неғып жатыр, Әнуар шұжық, балқаймақ,
Нөкерімен шауып кетпей біздерді...
Біздің үйге Шолпан келді, Шолпаным!
Шолпым менің...
Қызыққа енді шолпамын.
Мінезіңнен... Мінезіңнен қорқамын,
Лашынға тартқан - ау деп жортамын.
Қызым менің, күлкім менің, сауығым,
Базарым да, бауырым да, ауылым.
Қандай ғажап, қарақаттай көзіңде.
Қарап тұрған мен өзімді танимын.
Сен гүлімсің
Қарағым, сені кім еккен?
Сезімбісің?
Шыққансың қандай жүректен!
Жанарда тұрған жалғыз тал әлде тамшы ма ең?
Жалт етіп бірде кірпіктен ырғып дір еткен?!
Әнбісің әлде?
Неткен үн сені шырқады?
Әлде сен, қалқам,
Бозарып атқан қыр таңы.
Сезіп тұр санам,
Сен өзің, сірә, болғайсың
Жалғандағы осы жақсының ғана ұрпағы.
Қинама мені.
Айтсайшы маған, сүйіктім?
Адамба жүрген лағымысың киіктің?
Айтсайшы, қалқам, бұлағымысың әлде сен
Бұрқанып жатқан мендегі теңіз - күйіктің?

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2



Ұқсас жұмыстар

Көш атты өлеңінде
Сабит Мұқанов туралы
«М.Мақатаевтың» портреті
Төлеген сөз жоқ талант
Мұқағали Мақатаев поэзиясындағы отаншылдық рух
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мұқағали Мақатаев поэзиясынның көркемдік жүйесі
Кітап оқушылар конференциясы
Роза Мұқанованың шығармашылық лабораториясы
Мұқағали мұрасы - сөз маржаны
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
Тасымалдау шаруашылығын ұйымдастыру
Аурудың тұрақтылығы және даму себебі
ҚР қоғамдық жаңа даму кезеңінде жоғары білім беру
Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы ролі
Адамдар арасындағы қарым-қатынас және іс-әрекет психологиясы
Диалектика — даму мен ең жалпы байланыс жөніндегі ілім
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi