Қажымұқанның жеңісі

Ана тілі (4-сынып)

Сабақ тақырыбы: «Жиб-Жица күресі»

Сабақ түрі: дамытпалы Сабақ формасы: топтық Көрнекілік: интерактивті тақта

1) Білімдік мақсат

Автор туралы түсінік беру; Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірі мен еңбегі жайлы толық деректермен таныстыру.

2) Дамытушылық мақсат

Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту; пікірін жүйелі жеткізу дағдысын қалыптастыру.

3) Тәрбиелік мақсат

Алып күш иесін құрметтеуге, спортты сүюге баулу; бірлесіп жұмыс істеуге, өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері оқушы белсенділігін арттыруға, мәтінді талдап оқуға және топтық әрекет арқылы ойды жинақтауға бағытталған.

I

Ұйымдастыру

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  • Оқушыларды топқа бөлу.
II

Қызығушылығын ояту

Сұрақ: «Балуан» деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді? Оның мағынасын қалай түсінесіңдер?

Заңғар күш иесі
Батылдық, алғырлық
Қайратты, күшті
Отанын, жерін қорғаушы
Мықты, қайсар
Өжет, табанды
Ер, батыр
Алып күш
Күш атасы
Ерлік

Осы атауларға сүйене отырып, әр топ өз тобының атауын таңдап, негіздемесін қысқаша жазады.

III

Мағынаны тану: Қалмақан Әбдіқадыровтың «Жиб-Жица» әңгімесі

1-топ: Автор туралы

Тірек сызба

Қалмақан Әбдіқадыров (15.04.1901, қазіргі Қызылорда облысы, Шиелі кенті — 30.04.1964, сонда) — ақын, жазушы, аудармашы.

Алғашқы «Сырдария» өлеңі «Еңбекші қазақ» газетінде 1925 жылы жарияланды. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Жалшы» (1928).

Аударма саласында да жемісті еңбек етті: шығыс әдебиетінің классиктері Әбілқасым Фирдоуси, Әлішер Науаи өлеңдерін (1948), қырғыз ақыны А. Тоқомбаевты, орыс жазушысы В. М. Кожевниковті аударған.

Парсы тілінен тікелей тәржімалаған «Мың бір түн» шығармасының 4 кітабы 1949, 1955, 1962 жылдары қайта басылды. Бұл аударма әлемдік әдебиеттің таңдаулы нұсқаларының бірі ретінде бағаланады.

Жазушы жауынгерлік «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған.

2-топ: Қажымұқанның өмірбаяны

Тірек сызба

Қажымұқан Мұңайтпасұлы (1886–1948) — қазақ халқы тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Орасан күш иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы.

Ол жер шарын аралап, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған. ХХ ғасырдың басында түркі халықтары ішінде мұндай деңгейдегі балуан қазақтан ғана шыққаны тарихи деректерде айтылады.

1886 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Қараөткел ауылында дүниеге келген. Әлемдік деңгейде алғаш танылған кезеңі — 1906 жыл: Германияда өткен дүниежүзілік сайыста чемпион атанады.

1948 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы аумағында дүниеден өтті. Темірлан ауылында қабірі басына ескерткіш орнатылған.

3-топ: «Жиб-Жица» күресі

Түсіндіру

Жапонның жиб-жица күресіне ұқсас қазіргі спорт түрлерінің бірі — ережесіз күрес (аралас жекпе-жек).

Мұнда қатысушылар қол мен аяқты қатар қолданып күреседі. Жекпе-жек барысында қарсыластың денесіне зақым келсе де, ол әрдайым жазаға әкелмейді (ережесіне байланысты бағаланады).

IV

«Дөңгелек үстел» әдісі

1-топ: «Қажымұқан туралы не білеміз?»

Топтағы әр оқушы Қажымұқан туралы білетінін бір сөйлеммен жазады да, парақты оң жағындағы оқушыға береді. Келесі оқушы алдыңғы ойды қайталамай, жаңа мәлімет қосады.

2-топ: Тірек сөздермен жұмыс

Тірек сөздер

Қажымұқан палуан күрес

Осы сөздерді қатыстыра отырып, топ шағын әңгіме құрастырады.

3-топ: Мінездеме беру

Қажымұқанға мінездеме беріп, оның қасиеттерін дәлелмен негіздейді (батырлық, қайсарлық, еңбекқорлық, намысшылдық).

V

Мәтінмен жұмыс

Оқу және жоспар құру

  • Мәтінді мәнерлеп оқу.
  • Жоспар құру.

Жоспар

  1. Қажымұқанның жапон палуаны Сар-Кек-Ки-мен кездесуі.
  2. Палуандар арасындағы сайыс.
  3. Қажымұқанның жеңісі.

«Аквариум» әдісі

Әр топтан ұсынылған оқушылар тақтаға шығып, жоспардың тиісті бөлімі бойынша мазмұнын баяндайды. Осылайша мәтін мазмұнымен барлық сынып толық танысады.

1-бөлім

1-топ баяндайды

2-бөлім

2-топ баяндайды

3-бөлім

3-топ баяндайды

1-топ: «Бес жолды өлең»

1. Тақырыпты суреттейтін сөз (зат есім).

2. Екі сын есім.

3. Іс-әрекетті көрсететін үш сөз.

4. Төрт сөзден тұратын мағыналы сөйлем.

5. Соңғы сөз — синоним.

2-топ: Венн диаграммасы

Қажымұқан

Ерекшеліктерін жазыңдар.

Сар-Кек-Ки

Ерекшеліктерін жазыңдар.

Ортақ

Екеуі де палуан.

3-топ: Мақал-мәтелдің мәні

Мақал:

«Қоянды қамыс өлтіреді, жігітті намыс өлтіреді

Тапсырма: мақалдың мағынасын түсіндіріп, әңгіменің мазмұнымен байланыстырыңдар.

Қорытынды және рефлексия

Сұрақтар

  • Бүгін кім туралы білдік?
  • Қажымұқан сияқты тағы қандай палуандарды білесіңдер?
  • Қазір қандай палуан сайыстары өтіп жүр?

Үлгі жауап

Қазіргі таңда «Қазақстан Барысы» сияқты палуандар сайыстары өткізіледі.

Үй тапсырмасы

  1. Мәтінді түсініп оқу.
  2. Қ. Мұңайтпасұлы туралы реферат жазу.

Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі, топтағы жұмысы, мәтінді талдауы және ойды жүйелі жеткізуі бойынша бағалау жүргізіледі. Жақсы нәтиже көрсеткен оқушылар мадақталады.