Жайқалып өскен бидайлар

Күз мерекесі: өлең, ойын және нанның қадірі

Күз де келді — алтын дәнін сапырып, той-думанды шақырып. Күздің күні алтын нұрын шашады, жердің жүзін шұғылаға батырып.

Армысыздар, құрметті қонақтар! Бармысыздар, жадыраған жас достар! Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!

Бүгін балалар күз мерекесіне деген қуаныш сезімдерін әнмен, тақпақпен және шағын көріністер арқылы жеткізеді.

Балалардың тақпақтары

Абылай

Қарашы, күз келді, күз келді,
Сары алтын жауыпты іздерді.
Құс біткен керуенін түзеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.

Жанель

Береке-бақ дарыған,
Жомарт көңіл — жарқын күз.
Сары алтынға малынған,
Жетті міне, алтын күз.

Нанның жолы: еңбек пен құрмет

«Дәм атасы — ақ нан, дастарханның басында» — дегендей, нанның дастарханға қалай келетінін бірге еске түсірейік. Жеріміздің байлығы, тіршілігіміздің нәрі, дастарханымыздың сәні — нан. Оның әр түйір дәні маңдай термен, төзіммен келеді.

Көрініс: «Жарнама»

Жайқалып өскен бидай алқабы. Бидайдың ортасында құстардан қорғайтын қарақшы тұр. Торғайлар бидайға жақындайды.

Торғай

Неткен көп бидай! Жайқалып өскенін қарашы.

Қарақшы

Кіш, бұзақылар! Мұндай бидайға қамқорлық керек. Бұл бидайдан «Цесна» ұны шығады, ал сол ұннан нан пісіріледі.

Нанның қадірін танытатын тағы бір көрініс — «Егінші мен қасқыр» ертегісінен үзінді. Еңбек етіп, жерді ырысқа толтырған егіншіге балалар хормен алғыс айтады:

«Рақмет сізге, егінші!»

Күз сыйлары: көкөністер сөйлейді

«Күз — мереке, күз — ырыстың белгісі. Күздің бізге бақыт-байлық бергені…» — деп, күздің молшылық сыйларын ортаға шақырамыз. Әрқайсысы өзі туралы тақпақ арнайды.

Алан

Мен картоппын, картоппын,
Бір қарасаң — доппын.
Кім не жесе де жағам,
Мені қоссаң — тәтті болар тағам.

Малик

Менің атым — қызанақ,
Сусындатам, шөлдесең.
Шырынымның дәмін көр,
Бақша ішіне кел де сен.

Жұмбақ, саңырауқұлақ және эстафета

Жұмбақ

Өзіне шақ-шақ,
Киген қалпағы аппақ,
Балалары тұр қарап.

Жауабы: саңырауқұлақ. Ендеше, барлығымыз бірге шақырайық!

Көрініс және ойын

Мухомор кіріп, балалармен амандасады. «Мен жалғызбын ба?» — дейді. Тәрбиеші: «Жоқ, жалғыз емессің. Жаңбырдан кейін бізде бірнеше саңырауқұлақ өсті».

Эстафеталық ойын

Саңырауқұлақтарды жинау.

Одан кейін би орындалады: «Саңырауқұлақтар». Ән: «Күз жомарт».

Тағы бір көңілді тапсырма

  • «Дәміне қарай ажырат» — дәмін сезіп, жемісті табу.
  • «Өз жемісіңді тап» — әркім өзіне тиесілі жемісті табады.

Күз: «Мен сендерге көп сыйлық әкелдім. Ал сендер менімен қонаққа барасыңдар ма?» — деп, балаларды ертіп топқа шақырады.

Қоштасу сөзі

Сеуіп мейір-білімін,
Табыс­тырған біздерді.
Берекелі күз еді,
Қосты білім — нұрға нұр.

Біз де, міне, жарқынбыз —
Рақмет мың да бір!
Рақмет, жомарт күз!

«Сау болыңдар, балалар! Келгенше жыл айналып!» — деп қоштасамыз. Берекелі жомарт күзге арналған ертеңгілігіміз осымен аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рақмет!