Абай ҚұнанбаевҚатыны мен МасақбайСырмақ қып астынаБайның тоқымын, Отының басынаТөрінің қоқымынБүксітіп, Бықсытып, Қоқсытып келтірді

Абай Құнанбаев

Қатыны мен Масақбай
Сырмақ қып астына
Байның тоқымын,
Отының басына
Төрінің қоқымын
Бүксітіп,
Бықсытып,
Қоқсытып келтірді.
Осының бәрімен
Көңілінде міні жоқ,
Жүзінің нәрі мен
Бойының сыны жоқ.
Бүкшиіп,
Сексиіп,
Түксиіп өлтірді.

Күлкі боп көргенге,
Құрбыға қадірсіз.
Ас қылып бергенге
Шыдамас, сабырсыз.
Келді, ойбай,
Салды айғай,
Түк қоймай боқтады.
Сөзінің жөні жоқ,
Ақылсыз томырық,
Қатынның күні жоқ
Қамшы мен жұдырық.
Барқылдап,
Тарқылдап,
Салпылдап тоқтады.



Ұқсас жұмыстар

Мазмұн мен пішін
Сұлулық
Жалғаулы сөздердің классификациясы және олардың сипаттамасы
Абай Құнанбаевтың ағартушылық тағлымы
Абай өлеңдері тілінің зерттелуі
Іздер. Мұхтар Әуезов
Сегізінші өлеңнің өлшеуі
Абайдың барлық өлеңі
Жамбыл Жабаев. Өмірі мен шығармашылығы
Диалектідегі синтаксистік ерекшеліктер
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
ТҮМЕН ҰЛЫ МҮДЕ ҚАҒАН
Диалектика — даму мен ең жалпы байланыс жөніндегі ілім
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi
Бухгалтерлік есептің концепциялары мен принциптері
Қаржы-несие мекемелері рыноктық экономиканың негізгі элементі ретінде
Тергеушінің тергеу бөлімінің бастығымен және анықтау органдарымен өзара әрекеттесуі
Ақшаның мәнi мен пайда болу тарихы
Валюталық нарықтың және валюталық операциялардың ерекшеліктері мен дамуы
Тауарлық – материалдық қорлар есебі мен аудиті және олардың жетілдіру жолдары