Қалалардың қалыптасуы

Сабақтың тақырыбы

Орта ғасырлық Қазақстан қалалары (презентациясымен)

Сабақтың түрі

Интерактивті сабақ

Сабақ әдістері

Ауызша баяндау, сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс

Пәнаралық байланыс

География, әдебиет, өнер

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Оқушыларға ортағасырлық қалалардың қалыптасуын, олардың әкімшілік және сауда орталықтарына айналуын түсіндіру. Қалалардың өмір сүрген кезеңдері мен орналасқан аймақтарын көрсете отырып, ортағасырлық Қазақстан қалаларының цитадель, шахристан, рабат болып үш бөлікке бөлінетінін кеңінен меңгерту.

Дамытушылық

Оқушылардың жүйелі ойлауын және есте сақтау қабілетін дамыту, шығармашылық ізденіс дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік

Оқушыларды Отанын сүюге, елін құрметтеуге, жерін қорғауға, мәдениетін сақтауға тәрбиелеу; ұлтжандылыққа, адамгершілікке, ізгілікке және білімділікке баулу.

Тәрбиелік мәні

Ортағасырлық қалалардың қалыптасу тарихын түсіндіру арқылы оқушылардың тарихи құндылықтарды құрметтеуіне, мәдени ескерткіштерді қорғауына және мәдениетті жалғастырушы жас ұрпақ ретінде қалыптасуына ықпал ету.

Сабақтың барысы

  1. 1

    Ұйымдастыру кезеңі

    Сыныптың дайындығын тексеру, сабақтың мақсаттарын айқындау.

  2. 2

    Үй тапсырмасын тексеру

    «Кім жылдам?» ойыны (сұрақтар)

    1. Әл-Фараби кім?
    2. Әл-Фараби қай жылы, қай қалада дүниеге келген?
    3. Әл-Фарабидің толық аты кім?
    4. Ғұлама ғалым қандай тілдерді меңгерген?
    5. Ғұлама ғалым білім іздеп қай елдерге сапар шеккен?
    6. Әл-Фараби шамамен қанша еңбек жазып қалдырған?
    7. Ғалым өзіне керекті деректерді қай кітапханалардан алған?
    8. Әл-Фараби қай жылы, қай қалада қайтыс болған?
    9. Шығыстың ғұлама ғалымын өз қолымен жерлеген кім?
    10. Әл-Фараби музыкант болған ба?
    11. Әл-Фарабиді тек Шығыстың ғана ғұлама ғалымы деп біле аламыз ба?
    12. Әл-Фараби бос уақытында немен айналысқан?
    13. Ғұлама ғалымның әкесі кім болған?
    14. Фараб өлкесінен шыққан тағы қандай «Фараби» аталған ғалымдарды білесіңдер?
  3. 3

    Жаңа сабақ

    • Қалалардың қалыптасуы
    • Ортағасырлық қалалардың әкімшілік және сауда орталықтарына айналуы
    • Ортағасырлық қалалардың тарихы және орналасқан аймақтары

    Термин сөздермен жұмыс

    Цитадель
    Патша сарайы, әкімшілік және басқару орындары орналасқан бөлік.
    Шахристан
    Кіші билеуші топ өкілдері және түрлі кәсіп иелері мекендеген бөлік.
    Рабат
    Еңбекші халық тұрған бөлік.

    Картамен жұмыс

    Қазақстан аумағындағы ортағасырлық қалалардың орналасуын картадан көрсету: негізгі сауда жолдары, өзен аңғарлары және аймақтық орталықтармен байланысын анықтау.

    Назар аударатын бағыттар

    • Қалалардың өзендер мен керуен жолдары бойында шоғырлануы
    • Әкімшілік және сауда функцияларының аймақтарға әсері
    • Қалалардың қорғаныс жүйесі мен құрылыстық құрылымы
  4. 4

    Сабақты бекіту

    Жабық тест

    1. 1) Қаланың қолөнершілер мен егіншілер тұратын бөлігі қалай аталады?

      • а) цитадель
      • ә) шахристан
      • б) рабат
      • в) базар
    2. 2) Қай қала қыпшақтардың басты саяси және мәдени орталығы саналады?

      • а) Сығанақ
      • ә) Иасы
      • б) Тараз
      • в) Испиджаб
    3. 3) «Түріктер елі, мекені» деген мағынаны білдірген қала

      • а) Тараз
      • ә) Түркістан
      • б) Отырар
      • в) Сайрам
    4. 4) Ортағасырлық қалалар қандай қызмет атқарды?

      • а) мәдениет орталығы
      • ә) әкімшілік орталығы
      • б) сауда мен қолөнер орталығы
      • в) саяси орталық
    5. 5) Ортағасырлық Қазақстан қалалары қанша бөліктен тұрды?

      • а) 2 бөліктен
      • ә) 5 бөліктен
      • б) 4 бөліктен
      • в) 3 бөліктен

    Сәйкестендіру тесті

    Қалаларды тарихи атауларымен сәйкестендіріңіз.

    Сол жақ Оң жақ
    Отырар Испиджаб
    Тараз Иасы
    Түркістан Тарбанд
    Сайрам Талас
  5. 5

    Бағалау

    Оқушылардың белсенділігі, карта және терминдермен жұмыс, тест нәтижелері бойынша бағалау.

  6. 6

    Үй тапсырмасы

    Оқулық: §25