Тапсырма - Логикалық сұрақтар
Білім беру саласы және бөлім
Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Мақсаты
- 1-ден 5-ке дейін тура және кері санауға, геометриялық пішіндерді ажыратуға үйрету.
- Жұмбақ құрастыру және логикалық тапсырмалар арқылы балалардың тілін, ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.
- Ұйымшылдыққа, топпен жұмыс істеуге, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Сандар, пішіндер, суреттер
- Асықтар, екі түрлі сандық
- Дидактикалық ойынға қажетті пішіндер
- Сыртында 1–5 сандары жазылған «вагондар»
- Үлестірмелі материалдар
Тілдік қолдау және стратегиялар
Билингвалдық сөздік
- сандар
- цифры
- пішіндер
- фигуры
Белсенді стратегиялар
- Топтық жұмыс
- «Миға шабуыл» әдісі
- Жұмбақ құрастыру әдісі
Мотивациялық-қозғаушылық кезең
Шаттық шеңбері
Өлең жолдары
Кіп-кішкентай баламыз, Өсіп-өніп толамыз. Күнге қарай талпынып, Көкке қанат қағамыз. Әлемдегі бар адамға Тек жақсылық тілейміз. «Сәлеметсіздер ме, апайлар!» «Сәлем, достар!» дейміз.
Топқа бөліну
Шеңберде тұрған балаларға дөңгелек және төртбұрыш пішіндерінің суреттері таратылады. Дөңгелек алғандар бір үстелге, төртбұрыш алғандар бір үстелге отырады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік кезең
Бүгін біз 1-ден 5-ке дейін тура және кері санауды, геометриялық пішіндерді ажыратуды, жұмбақ құрастырып, оны шешуді жалғастырамыз. Ол үшін ұлттық «Ханталапай» ойыны арқылы интеллектуалды жарыс ұйымдастырамыз.
Ойын шарты
- Әр дұрыс жауап үшін топ қоржынына бір асық салынады.
- Ойын соңында асығы көп топ жеңімпаз болады.
Жарысты кім бастайды?
Екі топтан бір-бір баладан шығып, «Ханталапай» ойыны бойынша шашылған асықты кім көп жинаса, сол топ жарысты бастайды.
Қимыл-өлең
Талапай-ау, талапай, Табылды ойын, алақай! Асықты алға шашамыз, Талапайға басамыз.
Тапсырмалар топтамасы
-
Қаз/Орыс/Ағылш
1-тапсырма
1-ден 5-ке дейін тура және кері санау
Балалар 1–5 сандарын қазақша, орысша, ағылшынша атап, тура және кері ретімен санайды.
-
2-тапсырма
«Сан қатары»: адасқан вагондарды реттеу
Екі топтан бір-бір бала тақтаға шығып, вагондарды дұрыс ретпен орналастырады:
Тура рет
1 · 2 · 3 · 4 · 5
Кері рет
5 · 4 · 3 · 2 · 1
-
3-тапсырма
Суреттегі заттарды сандармен сәйкестендіру
Үлестірмелі материалмен жұмыс: әр санның жанына сол санға сәйкес заттар саны бар суретті қояды (мысалы, 3 санының жанына 3 мысық бейнеленген сурет).
Тапсырманы дұрыс орындаған балалар өз сандықтарындағы асық санын арттырады.
-
4-тапсырма
Логикалық сұрақтар
Әр дұрыс жауапқа бір асық беріледі.
1) Төртбұрышты үш доп туралы есеп Жауабын ашу
Шешімі: төртбұрыш доп болмайды. Сондықтан бұл сұрақ логикалық қақпан.
2) Қайыңдағы алма Жауабын ашу
Шешімі: қайыңда алма өспейді.
3) Аспанда неше жұлдыз бар? Жауабын ашу
Жауап: жұлдыз өте көп.
4) Бір қоянның құлағы нешеу? Жауабын ашу
Жауап: екі құлақ.
5) Екі аюда неше бас бар? Жауабын ашу
Жауап: екі бас.
Сергіту сәті
Аяқтарды топылдат, Алақанды сартылдат, Оңға да, солға да Бұрыламыз — оңай-ақ. Басымызды шайқаймыз, Қолымызды бұлғаймыз, Оңға да, солға да Бұрыламыз — оңай-ақ. Секіреміз биікке, Бәрімізге көңілді, Оңға да, солға да Бұрыламыз — оңай-ақ.
-
5-тапсырма
Дидактикалық ойын: «Сандарға үй жасаймыз»
Әр балаға ішінде геометриялық пішіндер бар конверт беріледі. Берілген пішіндерден үй құрастырады. Қай топ бірінші аяқтаса, сол топқа бір асық беріледі.
-
6-тапсырма
Жұмбақ құрастыру
Балалар бөлмедегі бір затты геометриялық пішінге ұқсатып, өз ойларынан жұмбақ құрастырады. Әр дұрыс құрастырылған жұмбаққа бір асық беріледі.
Мысал
Өзі тік төртбұрыш, барлық үйлерде болады. Біз оны ашамыз, жабамыз. Құлып салсақ, ешкім үйге кіре алмайды. Бұл не? — Есік.
-
7-тапсырма
Санамақ айту
Екі топтан бір-бір бала шығып, санамақ айтады. Әр санамаққа бір асық беріледі.
Санамақ үлгісі
Бір дегенім — білім, Білім — жарық күнің. Екі дегенім — еңбек, Еңбек бәрін жеңбек. Үш дегенім — үміт, Үміт артар жігіт. Төрт дегенім — төзім, Төзе білем өзім. Бес дегенім — бесік, Шықтық содан өсіп.
Қорытынды және рефлексия
Сұрақтар
- Бүгін біз не үйрендік?
- Қандай ойын ойнадық?
Жауаптар
- 1–5 сандарын тура және кері санауды қайталадық.
- Геометриялық пішіндерді ажыраттық.
- «Ханталапай» ойынын ойнадық.
Жеңімпазды анықтау
Екі топтың қоржынындағы асықтар саналады. Жеңімпаз топ анықталып, қошемет көрсетіліп, мадақталады.
Күтілетін нәтиже
Білуі керек
1–5 сандарын тура және кері санай білу, геометриялық пішіндерді ажырату.
Нені игерді
Жұмбақ құрастыру, логикалық сұрақтарға жауап беру.
Нені білді
«Ханталапай» ойынының ережесін, топпен жұмыс істеуді, ұйымшыл болудың маңызын.
Автор туралы
Өңірі: Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Солоновка ауылы.
Мекеме: «Балауса» балабақшасы.
Тәрбиеші: Захарьянова Гульбаршын Какановна.