Тұрақты тіркестерді жай сөз тіркесінен ажырата алуы және оны өмірде қолдана білуі

Сабақтың тақырыбы

Тұрақты тіркестер

Сабақтың мақсаты

Білім беру

  • Тұрақты сөз тіркестері ұғымын енгізіп, мағынасын тереңдете түсіндіру.
  • Тілдің дамуына, қызметіне және тиімді қолданылуына назар аударту.
  • Тұрақты тіркестер бойынша алған білімді саралап, оқу жетістіктерін бағалау.

Тәрбиелік

  • Сөз құдіретін терең түсініп, орынды қолдануға үйрету.
  • Адамгершілік құндылықтарды дәріптеп, шапшаңдық пен іскерлікке баулу.
  • Күнделікті өмірде қолдануға бағытталған тапсырмалар арқылы тәрбиелеу.

Дамытушылық

  • Оқушының ана тілін жүйелі меңгеруіне жағдай жасау.
  • Өзге тілді үйренуге, құрметтеуге және қадірлеуге үйрету.

Міндеттері

  • Тұрақты тіркестер туралы теориялық білімді меңгеру.
  • Мәтін ішінен тұрақты тіркестерді табу.
  • Тұрақты тіркестерді жай сөз тіркесінен ажырату және өмірде қолдану.
  • Жаттығу жұмыстарында тұрақты тіркестерді ажыратып, талдау жасау.
  • Шығармашылық жұмыстарда тұрақты тіркестерді орынды пайдалану.

Бағалау өлшемдері

A өлшемі

Тұрақты тіркестер туралы ұғыну және түсіну.

B өлшемі

Мәтінмен жұмыс: мағынасын түсіну, ажырату және талдау.

C өлшемі

Шығармашылық жұмыста тұрақты тіркестерді дұрыс қолданып, сөйлем құрастыру.

Сабақ форматы

Сабақтың формасы

Жеке жұмыс

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі → Жұмыс барысы → Қорытынды

A деңгейі

І тапсырма

1) 111-жаттығу

  • Тұрақты тіркестерді теріп жазыңдар.
  • Мәтінді оқып, ат қойыңдар.

2) «Орныңды тап»

Берілген сөздер: адасты, тыңдамады, аяды, лезде, тез. Төмендегі тұрақты тіркестерге сәйкес мағынасын сәйкестендіріңдер:

Көз жазып қалды
— адасты
Жаны ашыды
— аяды
Құлақ қойған жоқ
— тыңдамады
Көзді ашып жұмғанша
— лезде, тез

3) Сәйкестендір

Тұрақты тіркес Мағынасы
1) Қас пен көздің арасында лезде, тез, жылдам
2) Ер жүрек батыр
3) Тайға таңба басқандай анық
4) Мойны жар бермеді ерінді
5) Бармағын тістеу өкінді
6) Тасы өрге домалау жолы болу
B деңгейі

І тапсырма

1) 112-жаттығу

  • Мәтінді түсініп оқыңдар.
  • Мәтінге ат қойыңдар.
  • Мәтіннен тұрақты тіркестерді табыңдар.

2) Сурет бойынша жұмыс (ойын): «Кім көп біледі?»

Адамның портреті ілінеді. Бет-әлпетіне (мұрны, аузы, маңдайы, тілі, тісі, жағы) қатысты тілде қалыптасқан тұрақты тіркестерді көбірек айту.

І қатар

Бет, жүз

ІІ қатар

Көз

ІІІ қатар

Мұрын, езу

3) 115-жаттығу

  • Мәтіннен тұрақты тіркестерді бір бөлек, жай сөз тіркестерін бір бөлек көшіріп жазыңдар.
  • Өзара салыстырып, айырмашылығын түсіндіріңдер.
C деңгейі

Шығармашылық тапсырма

«Туған жерім» тақырыбында тұрақты тіркестерді пайдаланып, шағын шығарма жазыңдар.

Үй тапсырмасы

  • «Тұрақты тіркестер» тақырыбын оқып, ережесін жаттау.
  • 113 және 114-жаттығуларды орындау.