Қысым Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға қысым ұғымы, оның белгіленуі және өлшем бірлігі туралы түсінік беру.
Дамытушылық
Күнделікті өмірден мысалдар келтіре отырып, қысым туралы түсінікті тереңдету және әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Жүйелі білім алуға, шапшаң ойлауға, тез есептеуге, жинақылық пен ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың құрылымы (уақыт бөлінісі)
-
I. Ұйымдастыру кезеңі
2 минутАмандасу, оқушыларды орындарына отырғызу, түгендеу, сынып тазалығын тексеру, оқушыларды топқа бөлу.
-
II. Үй жұмысын тексеру
10 минут- Берілген есепті тексеру, сұрақ-жауап (слайд)
- Сәйкестендіру кестесі (слайд)
-
III. Жаңа сабақ
20 минут- Мұғалім түсіндірмесі, №433 есеп мысалы (слайд)
- «Ойлан, тап!» — себеп-салдарды түсіндіру (слайд)
- Ауызша есептеу (слайд)
- Есеп шығару: оқулық (15-жаттығу №1, №2), есептер жинағы (№432, №434–437). Әр топтан бір оқушы тақтада орындайды.
-
IV. Сергіту сәті
3 минут«Жаңбыр» тақырыбындағы бейнеролик.
-
V. Қорытынды
6 минутДеңгейлік жарыс «Кім бірінші?». Әр оқушы өз деңгейіне сай тапсырманы орындайды:
- I деңгей — ситуациялық сұрақтар
- II деңгей — сұрақ-жауап
- III деңгей — тест жұмысы
Үй тапсырмасы
2 минут (слайд)
Бағалау
2 минут (слайд)
Өткен тақырыпты пысықтау (үйкеліс)
Сұрақтар
- Қандай күшті үйкеліс күші деп атаймыз?
- Үйкеліс қандай себептерден пайда болады?
- Үйкелістің қандай түрлерін білесіңдер?
- Үйкелісті қалай азайтуға болады?
- Үйкеліс күшін қалай өлшеуге болады?
- Үйкеліс күші дегеніміз не?
- Күнделікті өмірде үйкелістің қандай түрлері жиі кездеседі?
- Неліктен тірі балықты қолда ұстап тұру қиын?
- Үйкелістің пайдасы мен зияны қандай?
Есеп
Массасы 50 кг дене жазық жерде 200 Н күштің әсерінен бірқалыпты қозғалады. Үйкеліс коэффициентін табыңдар.
Сәйкестендіру тапсырмасы
Физикалық шамаларды олардың белгіленуі және өлшем бірліктерімен сәйкестендіріңдер.
| Физикалық шама | Белгіленуі | Өлшем бірлігі |
|---|---|---|
| Үйкеліс коэффициенті | μ | өлшемсіз |
| Еркін түсу үдеуі | g | м/с² |
| Жылдамдық | v | м/с |
| Дене көлемі | V | м³ |
| Тығыздық | ρ | кг/м³ |
| Масса | m | кг |
| Уақыт | t | с |
| Жол | S | м |
| Күш | F | Н |
Жаңа сабақ: қысым ұғымын ашу
Инновациялық тәсілдің мәні
Жаңа сабақты меңгеру барысында инновациялық оқыту тәсілдерін қолдану арқылы тақырыпты түсіндіріп қана қоймай, талдау жасаймыз, формулаларды қолдануды және түрлендіруді үйренеміз, есеп шығарып, қорытынды шығарамыз.
Қансонарда бүркітші шығады аңға,
Сегіз найза қолында, көз аудармай,
Батыр да аял қылмай ерте таңға.
Қанат құйрық суылдап, ысқырады,
Көктен қыран сорғалап құйылғанда.
Күнделікті өмірмен байланыс
Бүркіттің тырнақтары мен тұмсығы өте өткір әрі ауданы кіші болғандықтан, аз ғана күштің өзімен үлкен әсер бере алады. Бұл — қысымның өмірдегі айқын көрінісі.
Тұрмыста біз пышақ, қайшы, ине сияқты құралдарды жиі қолданамыз. Өткір пышақпен кесу жеңіл, ал өтпейтін пышақпен кесу қиынырақ. Сол сияқты, матаны доғал инемен тескеннен гөрі, үшкір инемен тесу оңай. Ағашқа қалың шегені қаққаннан гөрі жіңішке шеге жеңіл қағылады.
Бұл мысалдардың барлығы бір нәрсені көрсетеді: әсер тек күшке ғана емес, күш түсетін беттің ауданына да тәуелді. Сондықтан бір дененің екінші денеге әсерін бағалау үшін күштің мәнімен қатар, әсер ететін бет ауданын да ескеру қажет.
Тәжірибелік бақылау (құм, үстелше және гір)
Тәжірибеде құмның үстіне үстелшені екі түрлі қалыпта қойып, үстіне 5 кг гір тасты орналастырамыз:
- Үстелше төңкерілгенде (тіреу ауданы кішірек) құмға аз бату немесе мүлде батпау байқалуы мүмкін.
- Үстелше дұрыс қойылғанда (тіреу ауданы үлкенірек) құмға батудың сипаты өзгереді.
Негізгі ой: бірдей салмақтағы жүк әртүрлі ауданда тірелсе, құмға түсіретін әсері де әртүрлі болады.
Қар үстіндегі адам және шаңғы
Қар үстімен жай аяқпен жүрген адам жиі омбылайды, ал шаңғы таққан адам жеңілірек қозғалады. Екі жағдайда да адам қарды өзінің салмағына тең күшпен басады, бірақ әсері бірдей емес.
Себебі шаңғының тіреу ауданы табан ауданынан шамамен ондаған есе үлкен. Демек, бірдей күш үлкен ауданға тарайды да, қардың әрбір шаршы сантиметріне түсетін әсер азаяды.
Анықтама: қысым
Қысым — белгілі бір бетке перпендикуляр бағытта әсер ететін күштің сол беттің ауданына қатынасын сипаттайтын физикалық шама.
Формула
p = F / S
Белгіленуі
p
Өлшем бірлігі
Па (Н/м²)
Мұнда F — бетке перпендикуляр әсер ететін күш, S — күш түсетін беттің ауданы.
Материал 7-сынып физика сабағына арналған жоспар және түсіндірме ретінде өңделді.
Тақырып: Қысым