Мақалды аяқта кезеңінің сұрақтары
Сабақтың тақырыбы
Ойлай білу — өнер
Сабақтың мақсаты
Оқушылардың психологиялық-танымдық қасиеттерін дамыту.
Сабақтың түрі
Сұрақ-жауап, жарыс сабағы.
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, слайдтар, плакаттар, шар, карточкалар және т.б.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар екі топқа бөлінеді: «Алғырлар» және «Тапқырлар».
Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі психологиялық ойындарға арналған «Ойлай білу — өнер» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Алда — жарыс сабағы. Ережелермен танысып, кезең-кезеңімен жұмыс жасаймыз.
Жарыс сабағының шарттары
Кезеңдер (7)
- 1 Мақалды аяқта
- 2 Мозаика
- 3 Логикалық есептер
- 4 Анаграммалар
- 5 Кім тапқыр?
- 6 Сөзжұмбақ
- 7 «Ойлай білу — өнер» ұғымын түсіндіру
Бағалау
Әр дұрыс жауап 5 баллмен бағаланады.
Сабақты бастамас бұрын әділқазылар алқасы сайланады.
1-кезең: «Мақалды аяқта»
Бұл кезеңде 8 ұяшық беріледі. Әр топтан 4 оқушыдан шығады (жалпы 8 оқушы).
- 1) Кісінің кісілігі…
- 2) Ерді намыс…
- 3) Ақылсыз адам… / Ақылды адам…
- 4) Жаман жолдастан…
- 5) Тіл тас жарады…
- 6) Ең тәтті… / Ең ащы… / Ең жұмсақ… / Ең қатты…
- 7) Қына тастан шығады…
- 8) Дос сыртыңнан мақтар,…
2-кезең: «Мозаика»
Бұл кезеңде 4 ұяшық беріледі. Әр ұяшықта төрт түрлі мозаика жасырылған. Орындауға берілетін уақыт — 10 минут.
3-кезең: «Логикалық есептер»
Барлығы 10 логикалық есеп ұсынылады. Әр топтан 5 оқушыдан шығады.
1) Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?
Жауабы: 5
2) Мектеп ауласында 18 шырша өсіп тұр. Тағы 4 емен және 3 шырша отырғызылды. Барлығы неше шырша болды?
Жауабы: 21
3) Төртеуі 4 сағат шахмат ойнады. Әрқайсысы қанша сағат ойнады?
Жауабы: 4
4) Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6-ға тең. Ол қандай сандар?
Жауабы: 1, 2, 3
5) Түнгі сағат 11-де жаңбыр жауса, 48 сағаттан соң күн шығады деуге бола ма?
Жауабы: Жоқ, себебі 48 сағаттан соң қайтадан түн болады.
6) Жанұяда 3 ұл бар. Әр ұлдың 1 әкесі бар. Жанұяда неше бала бар?
Жауабы: 4
7) 1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек?
Жауабы: 3 минут
8) Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр?
Жауабы: 4
9) Екі аяғымен тұрған адамның салмағы 50 кг. Бір аяғымен тұрса, салмағы неше кг болады?
Жауабы: 50 кг
10) 10 адамның қолында неше саусақ бар?
Жауабы: 50
4-кезең: «Анаграммалар»
Анаграмма — сөздегі әріптердің орны ауыстырылып берілген, бастапқыда мағынасыз көрінетін әріптер жиынтығы. Бұл кезең 10 ұяшықтан тұрады. Әр топтан 5 оқушы қатысады.
5-кезең: «Кім тапқыр?»
Бұл ойын 6 ұяшықтан тұрады. Әр ұяшықта әртүрлі логикалық есептер мен ойын тапсырмалары жасырылған.
6-кезең: «Сөзжұмбақ»
Үй тапсырмасы ретінде берілген сөзжұмбақтар екі топтың алмастыруы арқылы шешіледі.
7-кезең: «Ойлай білу — өнер» ұғымын түсіндіру
Осы бөлімде топ басшылары «Ойлай білу — өнер» дегенді қалай түсінетіндерін айтып, өз ой-пікірлерін ортаға салады.
Қорытынды
Бүгінгі сабақты қорытындылай келе, ойлай білу — жер бетіндегі тіршілік иелерінің ішінде ең алдымен адамға тән ерекше қабілет. Сондықтан өзімізге берілген таным үдерістерін, мүмкіндіктеріміз бен қабілеттерімізді тиімді пайдаланып, үнемі дамытуға ұмтылайық.