Тек терлегем, тек терлегем

Мұқағали Мақатаев

Тілегім қайда менің көкке өрлеген?
Жүрегім қайда менің кек кернеген?
Жүремін неге бұлай бөктерде мен?
Білемін...
Тек терлегем, тек терлегем.
Апырмай, бәрі бітіп қалғаны ма?!
Жеткізбей арманыма, алдағыма.
Аяй гөр, арманым - ау - ардағым - ау!
Үзілген үмітімді жалға мынау.
Жүргізбе мені бұлай бөктерменен,
Алып өт асқарыңа өткелменен.
Тілегім бөктерменен шектелмеген,
Алдымда өмірім бар өткермеген.
Жанымда жалын барда, қиял барда,
Аядай аулаға мен сыя алғам ба?
Аяшы, ая мені, ардағым - ау,
Апарып таста мені қияндарға.
Сырқаттанып жүргенше сызда қалып,
Өлсем де өлейін мен құзға барып.
Мұзға барып құлайын, құздан ағып,
Сөндірейін отымды мұзға малып.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2



Ұқсас жұмыстар

Халықтық басқарудың мұратты ең жақсы түрі өкілетті басқару болып табылады
Кант классикалық неміс философиясының негізін салушы
«Ата-тек-Астана» шағын бизнес орталығының басқару жүйесін талдау
Жады интерфейсі. Енгізу-шығарудың негізгі интерфейсі
Классикалық неміс философиясы жайлы
Тоталитаризмнің табиғаты мен философиясы
Вирустардың жалпы қасиеттері
Психологиядағы іс-әрекет мәселесі
Банктік аналитик бағдарламалық кешені. Негізгі мүмкіндіктері. Жұмыс істеу технологиясы
Пікір — ойлау формасы
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi
БАЙБЕКҰЛЫ ӘЙТЕКЕ БИ
ҚР банктеріндегі ипотекалық несиелендіруді ұйымдастыру және дамыту. Ипотекалық несиелер есебі
Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» еңбегі ХХ ғасыр басындағы әдебиеттану ғылымының контексінде
Австралияның тектоникасы
Капитализмнің үш жетекші орталығы
ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТЕКСЕРУ СХЕМАЛАРЫ
Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелеудің теориялық негіздері
ӘЙТЕКЕ БИ туралы
Ғимараттарды техникалық тексеруі