Мыстың физикалық қасиеттері

Сабақтың тақырыбы

§7.3. Хром (презентациямен).

Сабақтың мақсаты

І. Білімділік

Хромның периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы және табиғатта таралуы туралы түсінік қалыптастыру. Физикалық және химиялық қасиеттерімен таныстыру, алынған білімді жүйелеу және қорытындылау.

ІІ. Дамытушылық

Оқушыларды өзіндік жұмысқа дағдыландыру және теория мен практиканы ұштастыру қабілеттерін дамыту.

ІІІ. Тәрбиелілік

Химияға танымдық қызығушылықты арттыру. Хром қосылыстарымен жұмыс істегенде техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі

Аралас сабақ.

Сабақ әдістері

  • Сұрақ–жауап
  • Баяндау
  • Тәжірибе жасау

Көрнекіліктер мен құралдар

  • Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесі
  • Интерактивті тақта
  • Карточкамен жұмыс
  • (NH4)2Cr2O7
  • Штатив
  • Спирт шамы

Сабақ барысы

  1. I Ұйымдастыру кезеңі
  2. II Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
  3. III Білімді тексеру кезеңі
  4. IV Мақсат қою
  5. V Материалды түсіндіру кезеңі
  6. VI Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі
  7. VII Бекіту кезеңі
  8. VIII Үйге тапсырма беру кезеңі

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Сыныпты түгендеу.
  • Сабаққа дайындығын тексеру.

II. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі

Үй тапсырмасы Мыс және Мырыш тақырыптары бойынша теориялық базаны қалыптастыруға берілген шығармашылық жұмыстар (буклет) арқылы және төмендегі деңгейлік тапсырмалар арқылы тексеріледі.

А деңгейі тапсырмалары

  1. 1. Мыстың физикалық қасиеттерін атаңыз.
  2. 2. Мыстың алыну реакциясының теңдеуін жазыңыз.
  3. 3. Мыстың қосылыстарының формулаларын жазыңыз.
  4. 4. Мыстың электрондық және графиктік формуласын жазыңыз.
  5. 5. Мырыштың физикалық қасиеттерін атаңыз.
  6. 6. Мырыштың электрондық және графиктік формуласын жазыңыз.

В деңгейі тапсырмалары

  1. 1. Массасы 20 г Cu(OH)2 еріту үшін 2Н азот қышқылының қандай көлемі қажет?
  2. 2. Мыстың концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттесу реакциясының теңдеуін жазыңыз.
  3. 3. Электролиз сызбанұсқасын құрастырыңыз: күміс нитраты ерітіндісі үшін.
  4. 4. Егер анодта 67,2 м3 (қ.ж.) газ бөлінсе, калий хлоридінің балқымасы электролизге ұшыраған мөлшерін (моль) есептеңіз.

Ескертпе

Тәжірибелер мен реактивтермен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы қатаң сақталады: көзді және теріні қорғау, ашық отты абайлап пайдалану, реактивтерді дұрыс мөлшерлеу және жұмыс орнын таза ұстау.