Сары алтынға малынған, Алтын күз деген мен болам
Алтын күз мерекелік ертеңгілігі
Әдемі сазды әуен ойнап тұрады. Балалар тәрбиешімен бірге залға кіріп, орындықтарға жайғасады.
Кіріспе
Жүргізуші
Құрметті қонақтар, ұстаздар! «Балбөбек» балабақшасының «Балапан» тобының «Алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар, халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Жүргізуші
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар
Күз мезгілі.
Бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Ендеше, күз ханшайымын ортаға шақырайық.
Бірге
Берекелі күз келді, мерекелі күз келді!
Күздің келуі
Күз
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар
Сәлеметсіз бе, Алтын күз!
Күз
Береке-бақ дарыған,
Жомарт көңіл, жарқын жаз.
Сары алтынға малынған —
«Алтын күз» деген мен болам.
Армысыздар, құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! Мерекеге кешігіп қалдым ба?
Балалар
Жоқ.
Жүргізуші
Шоғын толған гүлдей жайнап,
Шақырады жарқын жүз.
Сайрандаған күліп-ойнап,
Келді міне Алтын күз!
Жұмбақ
Күз
Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Сендерге бір жұмбақ жасырайын:
Ағайынды бәрі,
Шықса — жасыл,
Түссе — сары.
Бұл не?
Жауап
Жапырақ.
Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар!
Өлеңдер мен тақпақтар
Алтын күз, балаларымыз күз туралы өлеңдер мен тақпақтар біледі. Жайланып отырып, олардың өнерін тамашалаңыз.
Ән
«Отан»
Айару
Алтын, сары, қызыл, көк —
Алуан-алуан жапырақ.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Айжан
Ортақ мекен — жер шары,
Төбемізде — бір аспан.
Барлық ұлттың баласы —
Достығымыз жарасқан.
Нұрислам
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Би
«Қолшатыр» биі — Аяна, Мөлдір, Палина, Дария, Қалдан, Еркеназ, Айару.
Тосын сәт
Сайқымазақ кіреді
Ата-аналармен ойынСайқымазақ ата-аналармен көңілді ойын ұйымдастырады.
Жемістер шеруі
Жүргізуші
Жемістерді қарсы алайық!
Еркеназ
Мен өріктен ірімін,
Алма, алмұртқа інімін.
Тәттілердің бірімін,
Дастарханның гүлімін.
Сусыныңды қандырар
Салқын саумал шырынмын.
Қалдан
Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім.
Жерге сілкіп түсірме,
Ісіп кетер маңдайым.
Нұрдәулет
Мен моншақты шиемін,
Құмарсыңдар, білемін.
Кетіп қалып жүрмесін
Тамағыңа сүйегім.
Бибінұр
Тіл үйірген алмұртпын,
Таңсығымын бар жұрттың.
Жақсы өсіре алмайды,
Салғырт қараса — әркім.
Күз
Өте тамаша, балалар! Қазір менімен ойын ойнайсыңдар ма?
1-себет
Жапырақтар
2-себет
Алма мен алмұрт
Ойын: жапырақтарды бір бөлек себетке, алма мен алмұртты бір бөлек себетке жинаймыз.
Орыс тіліндегі тақпақтар
Айару
У меня колючий бок,
На макушке — хохолок.
Замечательный на вкус —
Ананасом я зовусь.
Серік
Детский сад, детский сад —
Почему так говорят?
Потому что дружно в нем
Мы одной семьей растем.
Ұлдар биі
Нұрдәулет, Бекнұр, Нұрислам, Серік, Нұрасыл.
Қонақтарға арналған ойын: «Ұйқасын тап»
Жарайсыңдар, балалар! Ал енді қонақтарымызды сынап көрейік — ұйқасын табайық.
-
Пісетін кезі дәл күзде,
Мезгілсіз оны үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі —
Оның аты: шабдалы. -
Кіп-кішкене болса да,
Ағаштың басын иеді.
Жемісін көріп айырып,
Танисың ба? Шие. -
Жапырақты тасалап,
Өсетін жері — бақша-бақ.
Күрең қызыл шіркін-ай,
Оның аты: таңқурай.
Күзгі сән үлгілері
Жүргізуші
Алтын күз, балаларымыз күз мерекесіне арнап дайындаған күзгі сән үлгілерін тамашалаңыз.
Қойылым/өлең
«Топ-топ, балақан»
Қорытынды
Жүргізуші
Алтын күз, балалардың өнері ұнады ма?
Күз
Рахмет, балалар! Маған мереке қатты ұнады. Енді менің орманға баратын уақытым болды.
Берекелі бақ — дәулет,
Арта түссін тойланып.
Сау болыңдар, балалар,
Келгенше жыл айналып!
Жүргізуші
Осымен «Алтын күз» мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Тамашалағандарыңызға рахмет!