Сөздіктердің мағынасын түсіндіру

Сабақ тақырыбы

Ақ қыс (Әдебиеттік оқу)

Сабақтың мақсаты

Білімдік

Мәтін мазмұнымен таныса отырып, негізгі идеяны ашу және оқушыларды жүйелі сөйлеуге үйрету.

Дамытушылық

Оқушыны ізденуге жетелеу, ойлау белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік

Жауапкершілікті сезінетін, өнерге құштар тұлғаны тәрбиелеу. Танымдық тапсырмалар арқылы өз ойын тұжырымдап, жеке және топта жұмыс істеуге, пікірін еркін әрі сенімді айтуға дағдыландыру.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, қазақ тілі

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Көрнекіліктер

Жұмбақтар, мақал-мәтелдер, қыс көрінісі бейнеленген суреттер

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару, оқу әрекетіне бағыттау.

II. Өткен сабақты қайталау

  1. 1) Өтілген тарау бойынша тақырыптарды қайталау.
  2. 2) Оқушыларға ұнаған өлеңнен үзінді оқыту.
  3. 3) Сөздердің мағынасын түсіндіру (сөздік жұмысы).

Сергіту сәті: «Кім шапшаң?»

«У» дыбысы сөз басында келетін сөздерді айту. Мысалы: уық, уақыт, уылдырық, уайым, уақ, уыз.

III. Жаңа сабақ

1) Қызығушылықты ояту

Ой қозғау: жұмбақ шешу.

Жайған жастық сөгілді,
Аппақ мамық төгілді.

2) Суретпен жұмыс

Қыс мезгілі бейнеленген сурет бойынша әңгімелеу, қысқы табиғаттың ерекшеліктерін сипаттау.

3) Автор туралы мәлімет

Т. Айбергенов туралы қысқаша мағлұмат беру.

4) Мәтінмен жұмыс

  • Өлеңді мәнерлеп оқу.
  • Ақын қыс көрінісін қалай суреттегенін талқылау.
  • Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болатынын анықтау.

5) Мақал-мәтелмен жұмыс

Мақалдың мағынасын түсіндіру, өмірмен байланыстырып пікір айту.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды соғайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық.

IV. Сабақты бекіту

Сөз тіркестерін қолданып, сөйлем құрастыру:

қыс суық аязды боранды

V. Үй тапсырмасы

  1. 1) Өлеңді түсініп оқу.
  2. 2) Қыс мезгіліне байланысты сурет салу.