Оқушылардың түсінген білімдерін тексеру

4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Ғарыш туралы алғашқы түсінік

Дүниетану 4-сынып Топтық жұмыс

Негізгі оқу мақсаты

Күн жүйесіне кіретін аспан денелері және Галактиканың неден тұратыны туралы түсінік қалыптастыру.

Ұзақтығы

Басталуы: 10 минут
Ортасы: 20 минут

Дереккөз

Дүниетану, 4-сынып (Алматы: «Атамұра»), 96–98-беттер.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар

Күн жүйесінің құрамына кіретін аспан денелерін атайды.

Оқушылардың басым бөлігі

Ғарышты, Жердің ғарыштағы орнын және ғаламшарлар туралы негізгі түсініктерді меңгереді.

Кейбір оқушылар

Галактиканың құрамын ажыратады және ғарышты игеруге Қазақстанның үлесін анықтайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар Күн жүйесі планеталарының атауларын дұрыс атап, тақырып бойынша ойларын ауызша және жазбаша жеткізе алады.

Негізгі сөздер мен сөз тіркестері

Планеталар Галактика Күн Ай Жер Меркурий Шолпан Марс Юпитер Сатурн Уран Нептун Әлем Ғарыш

Жазылымға ұсыныс

Бақылау күнделігіне Күн жүйесінің құрамын жазу.

Талқылау тармақтары

  1. Ғарыш туралы жалпы түсінік
  2. Күн жүйесіне кіретін планеталар
  3. Галактиканың құрамы

Сұрақ: Неліктен олай екенін түсіндіріп бере аласың ба?

Сабақтың барысы

Басталуы (10 минут)

Ұйымдастыру

Сәттілік тілеу (шеңберде)

Армысың, шапағатты күніміз!

Армысың, мейірімді жеріміз!

Армысың, табиғат — анамыз!

Келді сізге өзіңіздің балаңыз.

Қызығушылықты ояту: жұмбақтар

  1. Жылт-жылт етіп төбемде, Түсе алмай тұр төменге. Жауабы: Жұлдыз
  2. Үлкен алтын табақтан Әлемге нұр таратқан. Жауабы: Күн
  3. Орақ болып туады, Табақ болып тынады. Жауабы: Ай
  4. Алып кілем — гүлге толы, Үсті кілең. Жауабы: Жер

Топқа бөлу

Оқушылар конверт таңдайды. Әр конвертте Ай, Жер, Күн, Жұлдыз суреттері бар. Сол суреттер бойынша топтарға бөлінеді.

Ортасы (20 минут)

Зерттеу және талқылау

Саяхатқа кіріспе

Бүгін біз аспан әлемінің сырларына «саяхат» жасаймыз.

Сұрақ: Ғарышқа немен ұшады? Ғарышқа ұшуға қалай дайындаламыз?

Топтық жұмыс (1–3-топ)

«Ғарышты қалай елестетесің?» — сурет салады. Әр топтан бір оқушы жұмысты қорғайды.

Топтық жұмыс (2-топ)

«Ғарышты зерттеудің маңызы қандай?» — ойларын бірнеше сөйлеммен жазады және қорғайды.

Топтық жұмыс (4-топ)

«Ғарыш денелері туралы бұрын не білесің?» — топта ой бөліседі, бұрынғы білімге сүйеніп сыныпқа ұсынады.

Бағалау

  • Әр топтың жауабы «Үш шапалақ» әдісімен бағаланады.
  • Өзара бағалау жүргізіледі.

Сергіту сәті

«Көңілді күн» сергіту жаттығуын орындап, оқушылардың қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру.

Оқулықпен жұмыс: «Жигсо» әдісі

Мәтін 4 бөлікке бөлінеді. Оқушылар бөліктерді оқып, топта талдайды және келесі топқа түсіндіреді.

Көрнекілік

«Ғарыш әлемі» және «Жердің жасанды серігі» тақырыптары бойынша слайдтар көрсету.

Түсінуді тексеру

«4 сұрақ» әдісі: әр топ бір сұрақ таңдап, жауап береді.

«4 сұрақ» тізімі

  1. Жұлдыз деген не?
  2. Күн жүйесінің құрамына қандай аспан денелері кіреді?
  3. Галактика неден тұрады?
  4. Ғарыш деп нені атайды?

Жұмыс форматы: топта ой бөлісу, бір оқушы жауап беру.

«Қалам ортада» әдісі: мұғалім жауап беретін оқушыны қаламы арқылы таңдайды.

Қорытынды бағалау

Берілген жауаптар «Бас бармақ» әдісімен өзара бағаланады.