Қане татуласыңдар

«Күлкі — денсаулық көркі» іс-шарасы

Бұл іс-шара балабақшада 1 сәуір — Дүниежүзілік күлкі күні екенін балаларға ұғындыруға, олардың көңіл күйін көтеруге және тапқырлыққа, шапшаңдыққа, өзара достыққа тәрбиелеуге бағытталған.

Мақсаты

  • Балалардың көңіл күйін көтеру.
  • 1 сәуір — күлкі күні екенін түсіндіру.
  • Тапқырлыққа, шапшаңдыққа және достыққа баулу.

Сахналық көрініс: Винни мен Квинни

Кіріспе

Музыка ойналады. Винни мен Квинни сахнаға дауласып шығады.

Жүргізуші (педагог-психолог):

«Сендерге не болды? Неге төбелесіп тұрсыңдар? Квинни, неге ашуланасың? Бүгін ашулануға болмайды, өйткені 1 сәуір — Дүниежүзілік күлкі күні!»

Сайқымазақтар күледі.

Күлкі күні туралы өлең жолдары

Балалар бақшасында бүгін той —
Күлкі күні екенін біліп қой!
Алақай-ау, алақай,
Той тойлайық, балақай!
Қызарғанша алақан,
Кел соғайық, балақай!

Күлкі күнінде ешкім ренжіспеу керек. Қане, татуласыңдар!

«Әзілің жарасса, атаңмен ойна» демекші, келесі кезекті ата-аналарға береміз.

Ойындар мен әзіл көріністері

Әзіл: «Балабақша өмірінен үзінді»

Сахналық эпизод

Сайқымазақтар юбкаға таласып қалады. Осы кезде жүргізуші келіп, ескерту жасайды.

Жүргізуші (педагог-психолог):

«Квинни, Винни, төбелеспейміз. Бұл — менің юбкам. Мен оны балалармен ойын ойнауға әкелдім. Қане, балалардың көңілін көтерейік!»

Ойын: «Егіздер»

Ойын шарты түсіндіріледі.

Бізбен бірге бар әлем
Қуанады балаша,
Қуанышқа бөленген —
Өмір қандай тамаша!

Әзіл: «Сиқырлы тон»

Комедиялық көрініс

Винни келе жатып су етікті көріп қалады. Киіп көріп, ойына бір «әзіл» келіп, шығып кетеді. Оны көрген Квинни су етіктің бір сыңарын тауып алып, тығып қояды.

Винни қайта келіп, етігін таба алмай ашуланады: әрі іздеп, бері іздеп таба алмаған соң балалардан сұрайды. Балалар өз аяқ киімдерін ұсынып көмек береді, бірақ ешқайсысы келмейді.

Винни ренжіп, жылап қалады. Сол сәтте Назым есімді қыз бала Виннидің аяқ киімін тауып беріп, бәрі мәз болады.

Ойын: «Желаяқ»

Ойын шарты түсіндіріледі.

Гүлмен келсін келер күн —
Бала-бағы бар елдің.
Балалардың күлкісі —
Көркі, сәні елімнің.

Әзіл: «Кемпір мен жігіт»

Көңілді нөмір

Сайқымазақтар залға кіріп, бір-біріне шар лақтырып ойнайды.

Жүргізуші (педагог-психолог):

«Квинни, Винни, неге бір-біріңе шарик лақтырып жүрсіңдер? Қане, балалармен бірге ойын ойнайық!»

Ойын: «Мергендер»

Ойын шарты түсіндіріледі.

Би: Флешмоб

Барлық залдағы көрермендермен бірге орындалады.

Қорытынды тілек

Күлейікші, әрқашан күлейікші!
Бұл дүниенің қадірін білейікші.
Әр күн сайын қуанып жүрейікші,
Бақытты боп, жадырап жүріңіздер!

Ұйымдастырушылар

Педагог-психолог

№6 «Ақкөгершін» мектепке дейінгі ұйымы

Бержанова Гүлсезім Айтжановна

Меңгеруші

Омарова Шолпан Шамшатовна