Өсімдіктердің вегетативті мүшелері арқылы көбею жолдары
Модуль
Оқыту үшін бағалау әдісі және диалогтік оқыту әдісі.
Сабақ
29-сабақ
Сабақтың тақырыбы
Өсімдіктердің вегетативті мүшелері арқылы көбею жолдары
Сабақтың мақсаты
- Өсімдіктердің көбеюі туралы негізгі түсінікті қалыптастыру.
- Өсімдіктердің вегетативті мүшелерін талдауға үйрету.
- Вегетативті мүшелер арқылы көбею жолдарын анықтай білуге бағыттау.
Табыс критерийлері
1
Өсімдіктердің көбеюі туралы біледі.
2
Өсімдіктердің вегетативті мүшелеріне талдау жасайды.
3
Вегетативті мүшелер арқылы көбею жолдарын айқындай алады.
Түйінді идея
Өсімдіктердің вегетативті мүшелері арқылы көбеюінің маңызын түсіну: түрдің сақталуы мен табиғатта таралуына ықпал ететін үдеріс ретінде бағалау.
Сабақ құрылымы
1 сабақ · 45 минут
Ұйымдастыру сәті
1 минут- Оқушылармен амандасу, түгендеу.
- Оқушыларды 4 топқа бөлу.
- Бағалау парағын тарату: өзін-өзі және топ мүшелерін бағалау.
Үй тапсырмасын сұрау
2 минут«Кім жылдам?» әдісі арқылы қысқа сұрақтар қойып, үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақты түсіндіру
Негізгі бөлімТақырып
Өсімдіктердің вегетативті мүшелері арқылы көбею жолдары. Түсіндіру барысында АКТ қолдану.
Мақсатпен таныстыру (оқушыға бағытталған)
- Мен білемін: өсімдіктерді вегетативті көбейтудің тәсіл түрлерін.
- Мен зерттеймін: қолдан вегетативті көбейтуге қатысатын өсімдік мүшелерін.
- Мен қолданамын: үй жағдайында өсімдіктерді вегетативті жолмен көбейту тәсілдерін.
Сұрақ құрастыру (еркін әңгіме)
«Менің балалық шағымның аспаны» фильмінен үзінді көрсетіледі. Бейнематериалды көре отырып, оқушылар өздері білгісі келетін сұрақтарды құрастырады және сол сұрақтарға сүйеніп жауап береді.
Сөздік жұмысы
Жаңа тақырып бойынша оқушыларға таныс емес терминдер түсіндіріледі.
Өсімдіктердің көбеюі
Жеке санның артуын, өзінен кейін ұрпақ қалдыру арқылы түрдің сақталуын және табиғатта таралуын қамтамасыз ететін қасиет.
Вегетативтік көбею
Жыныссыз көбеюдің бір тәсілі; көпжасушалы ағзаларға тән. Жаңа ағза ата-ана организмінің денесінен (вегетативті мүшелерінен) пайда болады.
Қосымша мазмұн
Вегетативті көбейтудің эволюциялық маңызы туралы қысқаша түсінік беріледі. Толық нұсқасын қажет болған жағдайда жүктеп алуға болады.
Бағалау
Бағалау парағы арқылы өзін-өзі және өзара бағалау жүргізіледі. Бағалау өлшемдері табыс критерийлерімен сәйкестендіріледі.