Қалай оқимыз

Сабақтың тақырыбы

Үш таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері.

Сабақтың мақсаты

Үш таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдерін меңгерту, есеп шығарудың әртүрлі тәсілдерін қарастыру.

Дамытушылық

Ой-өрісті кеңейту, логикалық ойлау қабілетін дамыту; ойша есептеу, математикалық тілде сөйлеу және тұжырым жасау дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік

Ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, білімді болуға, Отанды сүюге және қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдістері

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап

Көрнекіліктер

  • Суреттер
  • Кесте
  • Слайдтар
  • Семантикалық карта

Сабақтың барысы

Жоспар

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Дайындық

  • Оқу құралдарын түгендеу
  • Сабаққа даярлықты тексеру
  • Назарды сабаққа аудару

ә) Психологиялық дайындық

Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен үзінді:

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа, ғылым сүйсеңіз.

Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз.

Сұрақ:

— Бұл кімнің өлеңі?

Абай атамыз балаларды кішкентай кезінен ғылымға құштар болуға шақырған. 4-сыныптар арасында оқушылардың ғылымға қызығушылығын арттыру мақсатында «Ғылымға көңіл бөлсеңіз…» апталығы өтуде. Сендер бастауыш сыныпта ғылымның алғашқы баспалдақтарын негізгі пәндер арқылы меңгересіңдер. Бүгін сол пәндердің бірі — математикадан алған білімдеріңді көрсетесіңдер. Сабаққа белсенді қатысайық.

Ауызша есеп (жылдам санау)

I топ

11-мен санау: 11, 22, 33, 44, 55, 66, 77, ...

II топ

100-ден бастап 6 қосып санау: 106, 112, 118, 124, 130, 136, 142, 148.

III топ

1000-нан бастап 5-ті азайтып санау: 995, 990, 985, 980, 975, 970, 965, 960.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Бағалау: әр дұрыс жауап — 1 ұпай. Үй тапсырмасы: №3, 50-бет.

I топ

208500-ден 44 455 пен 523-тің бөліндісін азайтамыз: 208500 − 85 = 208415

Өрнек қалай аталады? Айырма.

II топ

204932 + 328 = 205260

Өрнек қалай аталады? Қосынды.

III топ

56058-ге 452 мен 325-тің көбейтіндісін қосамыз: 56058 + 146900 = 202958

Өрнек қалай аталады? Қосынды.

Қорытынды ереже

Амалдардың орындалу тәртібіне қарай соңғы орындалатын амал қайсы болса, өрнек солай аталады. Топ басшылары бағалау парағына ұпайларды белгілеп отырады.

III. «Бәйге» ойыны

Әр дұрыс жауап — 1 ұпай. Ұяшық таңдап, тапсырманы орындау арқылы жасырын сөздегі тиісті әріптер жазылады. Нәтижесінде «Математика» сөзі шығады.

Қорытынды ой

Математика — ғылымдар патшасы. Ол арифметика, алгебра және геометрия сияқты үш саладан тұрады. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін пән — математика. Сондықтан оны жүйелі түрде оқу қажет.

IV. Семантикалық карта (топтық жұмыс)

Бағалау: 2 ұпай. Геометриялық білімді анықтаймыз. Оқушылар өз білімдерін көрсетіп, тапсырмаларды бірге орындайды.

Рефлексияға бағытталған сұрақ

«Бүгінгі сабақта…» — осы сөйлемді толықтырып, өз ойларыңды айтыңдар.

V. Жаңа сабақ

Нені оқимыз?

Күннің жадын жазу. Тақырыппен танысу.

Қалай оқимыз?

Түсіндіру, талдау, жаттығу арқылы.

Не үшін оқимыз?

Бұл сұраққа сабақ соңында бірге жауап береміз.

VI. «Ұшқыр ой» стратегиясы

Топтарға тапсырма беріледі. Әр дұрыс жауап — 2 ұпай.

№1 тапсырма: есептемей салыстыру

Оқушылар өзара талқылап, ортақ қорытынды шығарады. Салыстыруға негіз болатын белгілер:

  • Көбейткіштердің орындары ауыстырылған жағдайлар
  • 4200-ді 70 есе кеміту және 4200-ді 2 есе арттыру
  • Екінші көбейткіштері бірдей, ал бірінші көбейткіштері екі таңбалы және үш таңбалы болған жағдайлар
  • Бөлінгіші бірдей сандар: 5480-ді 2 есе кеміту және 20 есе кеміту
  • Бір көбейткіші бірдей, екіншісі 1 жүздікке артық болатын жағдайлар
  • Көбейткіштердің біреуі екі таңбалы, ал екіншісі төрт және бес таңбалы болатын жағдайлар

Қорытынды: кей жағдайларда өрнектерді есептемей-ақ салыстыруға болады.

VII. №2(a): Бөлудің орындалуын түсіндіру

Мұғалім үш таңбалы санға жазбаша бөлудің орындалу жолын кезең-кезеңімен түсіндіреді.

VIII. Есептеу және тексеру

Бағалау: 1 ұпай. Тақтамен жұмыс: әр топтан бір оқушы бір мысал орындайды, дұрыстығы көбейту арқылы тексеріледі (1 оқушы — 1 ұпай).

Өзіндік жұмыс

Қалған мысалдарды дәптерде орындайды. Кейін слайдтағы дұрыс жауаптар бойынша бір-бірін тексеріп, бағалайды (сағат тілі бағытымен ауыстыру арқылы).

Ұйымдастыру

Топ басшысы дұрыс орындалған тапсырмалар санын анықтап, бағалау парағына белгілейді.

Қорытынды: үш таңбалы санға жазбаша бөлудің алгоритмін меңгердік.

Сергіту сәті

Логикалық қызықты тапсырма арқылы оқушылардың көңіл-күйін сергіту: «Қайықшыға көмектес».

IX. Перфокартамен жұмыс

Бағалау: 1 ұпай. №6 тапсырманың 1-бөлігін орындаймыз. Топ басшылары дұрыс жауап санын анықтап, бағалау парағына белгілейді (бір оқушыға оқыту арқылы).

Қайталау

Диаметр мен радиус ұғымдарын еске түсіру, анықтамаларын қайталау.