Екі фракцияның ұсыныстарымен қосымшалары

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырып: Арал теңізінің экологиялық ахуалы.
Негізгі мақсат: Аталған мәселені ой елегінен өткізіп, өз пікірімізді дәлелдер арқылы таразылау.
Типі: дәстүрлі емес.
Түрі: пікірсайыс.

Үй тапсырмасы

Қоршаған ортаның экологиясын бақылау бойынша ізденіс жұмыстары.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар екі топқа бөлінеді:

Парасат тобы

Жақтаушы фракция

Ақиқат тобы

Даттаушы фракция

Пікірсайыс бөлімдері

I. Кіріспе

  • Әр фракцияда 3 спикерден болады.
  • Спикерлер өздерін және позициясын таныстырады: кейс, резолюция, дефиниция, критерий, дәлелдер.

II. Негізгі бөлім

  • Спикерлер дәлелдер, мысалдар және статистикалық деректер ұсынады.
  • Екі фракция өз ұсыныстарын және қосымшаларын енгізеді.
  • Фракциялар бір-біріне сұрақ қояды.

III. Қорытынды

  • Сарапшылар өз сараптамасын айтады.
  • Жалпы қорытынды жасалады.

Пікірсайыс ережелері

  1. Бос айтыс пен орынсыз тартыстан аулақ болу.
  2. Қарсыласты қорқытуға немесе қысым көрсетуге жол бермеу.
  3. Мысқылға құрылған сұрақтар қоюға болмайды.
  4. Қарсы сұрақтарға берілген уақытты тиімді пайдалану.
  5. Қосымша сұрақтарға дайын болу.

Пікірсайыс басталар алдында жеребе тасталып, қай фракция бірінші бастайтыны анықталады. Тақырыпқа кіріспе ретінде Арал теңізінің экологиялық ахуалы туралы бейнекөрініс көрсетіледі.

Таныстыру (1 минут)

Жүргізуші командалардың таныстыруы аяқталған соң, негізгі кезеңге көшуді ұсынады.

Негізгі кезең (2 минут)

Бұл кезеңде оқушылар өз пікірін білдіріп, дәлел келтіреді. Қажет жағдайда деректер, мысалдар және статистикалық мәліметтер қолданылады. Жақтаушы және даттаушы фракция спикерлері әр дәлел бойынша кезекпен сөйлейді.

Парасат тобы (жақтаушы)

Резолюция
Қазақстанда интернетті дамыту қажет, ал мессенджерлердің (агенттердің) өз орны бар.
Дефиниция
Интернеттегі сайттарды жабуға болмайды; керісінше, білім алу үшін оларды жаңа заман талабына сай дамыту керек.
Критерий
Білімді толықтырмаған әр күн — қайтып келмейтін, бос кеткен күн.

Дәлелдер

  1. Интернеттегі сайттар үнемі жаңарып отырады; мессенджерлер де құнын жоғалтпайды.
  2. Интернетке қолжетімділік — заманауи мәдениеттіліктің бір бөлігі. Сайттарды жаңарту қажет, ал мессенджерлер адамдардың байланысуына, хат алмасуына, ой бөлісуіне мүмкіндік береді.
  3. Ақпараттан және интернеттен толық қол үзген адам ойлау дағдысын да шектей бастайды.

Ақиқат тобы (даттаушы)

Резолюция
Оқушыларға интернетті шектеулі уақыт аралығында қолдануға рұқсат беру керек; мессенджерлер міндетті емес.
Дефиниция
Білім алудың ақпарат көздері көп. Бұрынғы ата-бабаларымыз кітап пен кітапхана арқылы да жаңалық ашып, ғылым көкжиегін кеңейткен.
Критерий
Қазақстанда интернеттегі сайттарды реттеп, білімді басқа да технологиялар арқылы дамытуға болады.

Дәлелдер

  1. Интернет пен мессенджерлер кей жағдайда оқушыларды тәуелділікке итермелеп, ойлау қабілетінің төмендеуіне әсер етуі мүмкін.
  2. Интернетте пайдалы да, зиянды да ақпарат көп; мазмұнды жүйелеу және сүзгілеу қажет.
  3. Мессенджерлерді шамадан тыс қолдану жасөспірімдердің психологиясына кері әсер етіп, жағымсыз жағдайларға әкелуі ықтимал.

Жүргізуші екі фракция спикерлері өз ойларын жеткізгенін атап өтіп, ұсыныстар бөліміне өтуді ұсынады. Әр тарапқа ұсыныс айтуға 3 минут беріледі.

Ұсыныс: Арал теңізінің экологиялық ахуалы

Арал экологиясы — шөлейт аймақтарда суды көп қажет ететін өндірістерді орналастырудағы стратегиялық қателіктер салдарынан қалыптасқан экологиялық жағдай.

1961 жылға дейін

Көпжылдық орташа деңгейі: 53 абс. м

Орташа аумағы: 66,1 км²

Су көлемі: 1062 км³

Негізгі өзгеріс

Өзен суларының теңізге құйылуы азайып, су деңгейі төмендеді. Соның салдарынан теңіз екіге бөлінді: Үлкен Арал және Кіші Арал (1992 ж.).

Климатқа әсері

Теңіздің тартылуы және суармалы егіншіліктің ұлғаюы энергия, жылу және ылғал алмасуын бұзып, өңірдің ландшафты мен ауа райын өзгертті.

1970 жылы Аралға құятын өзен суының көлемі 7–11 км³-ге дейін азайды. Ал 1980 жылдары теңізге құятын өзен сулары мүлдем сарқылды.

Суды тазарту мен бірнеше рет пайдаланылған сулардың шығыны шөлді аймақтардың бір бөлігін жарамсыз батпақ-шалшыққа айналдырды.

Ғарыштық суреттер деректері (1985 ж.)

Табиғи көлдер

Саны: 28
Аумағы: 287,48 км²

Антропогендік көлдер

Саны: 195
Аумағы: 6421,71 км²

Сарықамыс және Арнасай

Су қоры: 55 км³

Дерек иесі

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Қазақстанның 40 жылдығы атындағы орта мектептің «Жас эколог» секциясының мұғалімі — Жанназаров Нұрлыбек Темірбекұлы.

Сабақ туралы
Сабақ барысы
Негізгі кезең
Арал теңізі: ұсыныс