Алкандар тарауы бойынша есептер шығару

Алкандар тарауы бойынша есептер шығару

Химия, 11-сынып • Сабақ жоспары (қайталау сабағы)

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: оқушылардың өтілген тақырыптар бойынша білімін жүйелеу; әртүрлі есептерді шығару барысында білімін тиімді қолдану қабілетін дамыту; пән бойынша білім, білік және дағдыны қалыптастыру.
  • Дамытушылық: тарау бойынша есеп шығаруда есептің мазмұнын түсініп, талдап, қажетті тәсілдерді дұрыс таңдауға дағдыландыру.
  • Тәрбиелік: ұқыптылыққа, уақытты бағалауға және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың сипаттамасы

Сабақтың типі
Қайталау
Сабақтың әдісі
Сұрақ-жауап, есептеулер
Көрнекіліктер
Слайдтар, дидактикалық үлестірмелер, тест нұсқаларынан алынған есептер

Оқу нәтижесі

Оқушылар алкандардың құрылысы, гомологтық қатары, алыну жолдары, қасиеттері және қолданылуы бойынша білімін қайталап, есептерді шығару кезінде дәлелді шешім қабылдайды.

Ескерту: әр оқушыға бағалау парағы таратылады.

Сабақтың барысы

  1. I. Ұйымдастыру кезеңі

    Сабаққа қажетті материалдарды дайындау, сыныптың жұмысқа дайын екендігін тексеру.

  2. II. Сабақтың мақсатын қою

    «Алкандар» тарауы бойынша: олардың құрылысы, гомологтық қатары, алыну жолдары, қасиеттері және қолданылуын қайталау арқылы есептер шығару.

  3. III. Үй тапсырмасын қайталау

    I балл

    «Ойды ояту»: қысқа сұрақтар арқылы негізгі ұғымдарды еске түсіру.

    Қайталау сұрақтары

    • Гомологтар дегеніміз не?
    • Метан қатарының көмірсутектеріне тән гомологтық қатарды атаңыз.
    • Пентан молекуласындағы біріншілік, екіншілік және үшіншілік көміртек атомдарын көрсетіңіз.
    • Метанның молекулалық, электрондық және құрылымдық формулаларын жазыңыз.
    • Метан молекуласының кеңістіктік пішіні қандай?
    • Метан молекуласындағы байланыс бұрыштары неше градусқа тең?
    • Алкандардың негізгі физикалық қасиеттерін сипаттаңыз.
    • CH3Cl (хлорметан) қайда қолданылады?
    • CCl4 (тетрахлорметан) қайда қолданылады?
    • Детонация дегеніміз не?
  4. IV. Білімді жан-жақты тексеру

    Ә) Нұсқау карточкасымен жұмыс

    I балл

    Оқушылар берілген карточкадағы тапсырмаларға сәйкес есептеулер жүргізеді және жауаптарын негіздейді.

    Б) «Білім инемен құдық қазғандай»

    II балл

    Айналымдарды жүзеге асыру: берілген түрлендіру тізбектерін (реакция теңдеулері мен есептеулерді) құру және орындау.