Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктей отырып, олардың ЕҮОБ табу дағдыларын шыңдау
Сабақтың тақырыбы: Ең үлкен ортақ бөлгішті табу есептері
Мақсаты
Білімділігі
Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу арқылы олардың ЕҮОБ-ын табу дағдыларын шыңдау; өзара жай сандарды құра білу.
Дамытушылығы
Жеке және топпен жұмыс жасауға дағдыландыру; ойлау қабілетін дамытып, білімді тереңдету.
Тәрбиелігі
Бір-біріне көмек көрсете білуге қалыптастыру; еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу; ұлттық мақтаныш сезімін ояту; ұйымшылдыққа баулу.
Көрнекілігі
Сызбалар, сөзжұмбақ.
Техникалық құралдар
Интерактивті тақта.
Сабақтың түрі
Бекіту, қорытындылау.
Сабақтың әдіс-тәсілдері
Топтық жұмыс.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
5 минут- Оқушыларды түгендеу.
- Сабаққа дайындығын тексеру.
- Сабақтың мақсатын хабарлау.
1. Кіріспе
Бүгінгі сабағымызды сөзжұмбақтан бастаймыз. Экранда сөзжұмбақ көрсетіледі. Оны дұрыс шешсек, ұлы адамның атын оқимыз.
Сөзжұмбақ сұрақтары
- 1) Заттарды санауда қолданылатын сандар — натурал.
- 2) Натурал a саны қалдықсыз бөлінетін сан — бөлгіш.
- 3) Екіден көп бөлгіші бар натурал сан — құрама.
- 4) 1-ге және өзіне ғана бөлінетін сан — жай.
Ерекше бағаннан қандай есімді оқимыз? Абай
Абай кім? Ол туралы не білесіңдер? Қай жылы туған? Биыл ұлы Абай Құнанбайұлының туғанына 165 жыл толады. Осы сабағымызды ұлы бабамыздың мерейтойына арнаймыз.
Топқа бөлу
Сынып 3 топқа бөлінеді. Әр топ жетекшісі топты таныстырады:
-
I топ
Жай сандар
-
II топ
Құрама сандар
-
III топ
Бөлгіштер
2. Өлең және ой-толғау
Ұлы ақынның баршаға таныс «Ғылым таппай, мақтанба» өлеңін Жайнагүл оқып береді.
Абай айтқан 5 асылдың бірі — «Талап»
«Талаптыға нұр жауар» мақалын қалай түсінесіңдер? Экранда мақал көрсетіледі. Яғни талаптанған, ерінбеген, ізденген оқушы ғана мұратына, алға қойған мақсатына жете алады.
II. Ауызша тапсырмалар
5 минут«Бүгінгі күн — сайыста, сен ешкімнен қалыспа. Біліміңді көрсетер, сұрақтарға жауап бер» — деп, келесі сұрақтарға жауап беріп, талаптанып көрейік.
Сұрақтар барлық топқа ортақ. Қай топ бірінші қол көтерсе, сол топ жауап береді.
-
1) Құрама сандарды жай сандарға жіктеу дегеніміз не?
-
2) Өзара жай сандар дегеніміз не?
-
3) Берілген натурал сандардың ЕҮОБ-ын табудың әдісі қандай?
-
4) Карточкалар арқылы жай және құрама сандарды табу (3 мысал).
-
5) ЕҮОБ табуға мысалдар (3 мысал).
Ескерту
Құжаттың толық нұсқасын жүктеу бөлімі кейін қосылады.