Туған жерге оралу
Сабақ тақырыбы
Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесі.
Сабақтың эпиграфы
«Қабдеш – тілге аса бай және әр сөздің сиқырлы бояуын жан-тәнімен нәзік сезінетін жазушы» (Әкім Тарази)
Сабақтың мақсаты
«Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі жазушының тіл шеберлігін, көркемдік ерекшеліктерін талдау және мәтінмен жұмыс арқылы көркем ойлауды дамыту.
Сабақтың міндеттері
Білімділік
Сұрақтар мен тапсырмалар арқылы шығарманың мазмұнын меңгерту, тақырыбы мен идеясын ашу.
Дамытушылық
Ойды нақты әрі дәл жеткізуге дағдыландыру; сөйлеу тілі мен сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу; дүниетанымды кеңейту; шығармашылық қабілеттерді дамыту.
Тәрбиелік
Туған жерге, ата мекенге сүйіспеншілікті ояту және патриоттық сезімді қалыптастыру.
Үй тапсырмасы
Қ. Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесінің мазмұнын толық меңгеріп келу.
Ақпарат картасы
Төмендегі деректерді толықтырып жазыңыз:
-
1
Қабдеш Жұмаділов ______ жылы дүниеге келген.
-
2
Қабдеш Жұмаділов ______ бұлағының бойында дүниеге келген.
-
3
Жазушының ______, ______, ______ тәрізді әңгімелері және ______, ______, ______, ______ романдары жарық көрген.
-
4
Алпысыншы жылдардың орта шенінде жұртшылық назарын бірден елең еткізген шығарма — «______» әңгімесі.
-
5
Жазушы «______» романы үшін Мемлекеттік сыйлыққа ие болған.
Әңгімені талдау жоспары
-
Жолға шыққан қарт.
-
Жолдағы қиындықтар.
-
Өткенге оралу.
-
Қарттың өкініші.
-
Туған жерге оралу.
-
Қырық жыл бойы сақтаған бойтұмар.
Мәтінмен жұмыс
Әдебиет теориясы
Мәтіннен төмендегі көркемдік құралдарды тауып, дәлелмен көрсетіңіз:
-
Пейзаж
Табиғат көрінісін сипаттайтын тұстар.
-
Портрет
Кейіпкер кескін-келбетін танытатын детальдар.
-
Мінездеме
Ішкі жан дүниесін ашатын әрекет, ой, сөз.
-
Қайталау
Мағынаны күшейтетін қайталанған оралымдар.
Тұрақты тіркестер
Сұрақ: Тұрақты тіркестер дегеніміз не?
Тапсырма: Төмендегі тіркестердің мағынасын ашып, сөйлем ішінде қолданып көріңіз.
-
1
Титығы құру
-
2
Көзі шарадай жану
-
3
Бармағын шайнау
-
4
Жігері құм болу
-
5
Ет жүрегі езілу
-
6
Қайырымы тию
-
7
Өзегі тала қоймаған
Сөз қоржыны
Мәтіннен бейнелі сөз тіркестерін тауып, өзіңізге ұнаған және есіңізде ерекше сақталған тіркестерді жазып алыңыз.
Мысал
«Өне бойы ағаштай сіресіп қалды».
Шығармашылық тапсырма
Басты кейіпкерге мінездеме беріңіз: әрекеті, сөзі, ішкі ойы және авторлық бағалау арқылы дәлел келтіріңіз.
Нақты дәлел
Мәтіннен үзінді келтіріп, неге солай ойлайтыныңызды түсіндіріңіз.
Қорытынды
Кейіпкер бейнесінің негізгі қырларын жинақтап жазыңыз.