Әсем күлкі

Дастархан — берекенің символы

Қазақ халқы қуанышты да, қайғыны да дастархан басында бөліскен. Өсиет айту, бата беру, татуласу, достасу — бәрі де бір дастарханның маңында шешімін тапқан. Сол себепті халқымыз дастарханды құт-берекенің қасиетті нышаны деп қадірлейді.

Дәстүрлі көрініс

Үй төріне дөңгелек үстел жайылып, ақ дастархан төселеді. Жиналған жұрт дастарханды айнала отырып, бірлік пен ынтымақтың мәнін айқындайды.

Тақырып: «Нан — байлықтың атасы»

Бұл тақырып оқушыларға нанның қадірін ұғындырып, еңбектің мәнін терең түсіндіруге бағытталған тәрбиелік мазмұны зор жұмыс ретінде ұсынылады.

Мақсаты

  1. 1 Оқушыларға нан мен дән туралы мағлұмат беру, нанның үлкен еңбекпен келетінін түсіндіру, сөздік қорын молайту.
  2. 2 Топтық жұмыс арқылы тақырыпты ашу, танымдық қабілетін арттыру.
  3. 3 Нанды қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Жұмыс форматы

  • Топтық жұмыс
  • Сахналық көрініс
  • Талдау және әңгімелеу
  • Ойын элементтері

Пәнаралық байланыс

Ана тілі, музыка, дүниетану, қазақ тілі.

Көрнекіліктер

Тақырып жазуы, нан өнімдерінен жасалған көрме, нақыл сөздер, топтарға арналған тапсырмалар, шарлар.

Сабақ барысы: ұйымдастыру кезеңі

Қонақтармен амандасу

Ақ көңілді жүрекпен,
Ақ ниетті тілекпен,
Амандасып алайық,
Қонақтарға ізетпен!

Психологиялық дайындық: «Шаттық шеңбері»

Сұрақ–жауап

Көңіл-күйлеріңіз қалай?
Керемет! (қолдарын көтереді)
Сабаққа дайындықтарыңыз қалай?
Тамаша! (алақандарын шапалақтайды)
Ынтаңыз ше?
Ғажап! (қолдарын көтереді)

Ендеше бастайық!

Жұмбақ

Алға жайып тұз-дәмін,
Келтіреді үй сәнін.
Ол — халқымның ақ жаны,
Жақсы дәстүр маржаны.
Кең пейілде арайлы,
Осы жерден тарайды.

Шешуі

Дастархан