Генетика негіздері
Түсінік хат
Бұл курс бағдарламасы — оқушыларға қосымша, тереңдетілген білім берудің құрамдас бөлігі. Бағдарлама биология пәнінің оқу жоспарына сай меңгерілген білімді әрі қарай жетілдіруге бағытталған.
Курс мазмұны экологиялық және эволюциялық ойлауын дамытып, биологиялық мәдениетін қалыптастыруға, дүниенің ғылыми бейнесіндегі биология саласын бағдарлай білуге, тірі табиғатты зерттеу әдістерін меңгеруге көмектеседі. Сонымен қатар цитология мен генетика бойынша білімді тереңдетіп, зат алмасу үдерістері және тірі ағзалардың жалпы қасиеттері туралы түсінікті кеңейтеді.
Курстың мақсаты
- Оқушыларды әлеуметтендіру және жоғары оқу орындарына даярлау үшін терең білім беру.
- Өмірде таңдаған мамандығын меңгеруге бағыттау.
- Ойлау қабілетін арттыру, жылдамдыққа және ептілікке машықтандыру.
- Биология туралы негізгі ұғымдарды меңгерту.
- Генетикалық білімді кеңейту, жүйелеу және дамыту.
- Адамгершілікке тәрбиелеу.
Курстың міндеттері
- Оқушылардың ғылыми дүниетанымын кеңейту.
- Негізгі ұғымдар мен теорияларды меңгерту.
- Өз бетімен белсенді жұмыс істеуге үйрету.
- Оқытуды өмірмен тығыз байланыстыру.
- Мамандық таңдауға ықпал ету.
- Жас ерекшеліктерін ескере отырып, интеллектуалдық және дарындылық қабілеттерін жетілдіру.
- ҰБТ-ға жүйелі дайындық жүргізу.
Оқушыларға қойылатын талаптар
- Жұмыс дәптерінің болуы.
- Танымдық іс-әрекет пен ой-өрісті дамытуға дайындық.
- Компьютерлік техника мен интернетті тиімді пайдалану.
- Пәнаралық байланыстарды түсіну және қолдану.
Пәнаралық байланыс
Химия, математика, география, экология, тәнтану, жануартану.
Кәсіпке бағдарлау
Биология, медицина, ауыл шаруашылығы, химия, биотехнология бағыттары бойынша бағдар беру.
Курсты ұйымдастыру формалары
- Дәріс (лекция)
- Ойын элементтері
- Есептер шығару
- Топтық және жұптық жұмыс
- Интерактивті оқыту
- Семинар
Курсты аяқтау формалары
- Реферат жазу және қорғау, жұмысты шығармашылық тұрғыда жетілдіру.
- Ғылыми жоба әзірлеу және қорғау.
- Генетикалық есептер шығару.
- Тест сұрақтарына жауап беру.
Оқу жетістіктерін бағалау
Деңгейлік сұрақтар, тест тапсырмалары, бақылау жұмыстары және өзіндік сынақ жұмыстары арқылы бағаланады.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспардың мазмұны
Генетика негіздері
21 сағат
- Генетика ғылымы және оның жаратылыстану ғылымдары жүйесіндегі орны.
- Генетика ғылымының даму кезеңдері және қазіргі зерттеулер.
- Грек ойшылдарының тұқымқуалаушылық туралы көзқарастары (Демокрит, Гиппократ, Аристотель).
- Эволюциялық ілім (Ч. Дарвин) және генетиканың қалыптасуына ықпалы.
- Тұқымқуалаушылық заңдылықтарының ашылуы: Г. Мендель, Т. Бовери, У. Саттон, Т. Морган, В. Иогансен, Гуго де Фриз, К. Корренс, Э. Чермак, Н. Вавилов және т.б.
- Г. Мендельдің еңбектері. Гибридологиялық әдіс.
- Моногибридті будандастыру: доминантты және рецессивті белгілер.
- Аллельді гендер. Фенотип және генотип.
- Гомозиготалы және гетерозиготалы даралар.
- Мендельдің I–II заңдары. Белгілердің ажырау себептері.
- Гаметалар тазалығы гипотезасы. Талдаушы шағылыстыру.
- Моногибридті шағылыстырудың цитологиялық негіздері.
- Тіркес тұқымқуалау. Тіркесу топтары. Генетикалық карта.
- Т. Морган заңы. Хромосомалық теория. Кроссинговер.
- Ген: құрылымы мен қасиеттері. Гендердің өзара қатынасы.
- Жыныс генетикасы: жынысты анықтау, жыныспен тіркес тұқымқуалау.
- Гемофилия және дальтонизм.
- Ортаның гендердің өзгеруіне әсері.
- Медициналық генетика: тұқымқуалайтын аурулар және алдын алу.
Өзгергіштік заңдылықтары
5 сағат
- Өзгергіштік ұғымы және оның түрлері.
- Модификациялық және мутациялық өзгергіштік.
- Мутациялардың жиілігі және пайда болуына ортаның әсері.
- Геномдық, хромосомалық және гендік мутациялар.
- Эксперименттік мутациялар.
- Селекциядағы мутацияның рөлі.
- Н. И. Вавиловтың гомологиялық қатарлар заңы.
- Генетика және эволюциялық теорияның байланысы.
- Популяциялық генетика: аллельдер мен генотиптер жиілігі.
- Харди–Вайнберг заңы.
- Табиғи сұрыпталу түрлері: тұрақтандырушы және қозғаушы сұрыпталу.
Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер селекциясы
6 сағат
- Селекцияның генетикалық негіздері.
- Селекция үшін бастапқы материалды іріктеу және бағалау.
- Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары.
- Өсімдіктер селекциясы: қолдан сұрыптау және будандастыру.
- Селекциядағы табиғи сұрыпталудың маңызы.
- Айқас тозаңданатын өсімдіктердің өздігінен тозаңдануы.
- Гетерозис құбылысы.
- Жасанды мутагенез және оның селекциядағы маңызы.
- Полиплоидия.
- Жануарлар селекциясы. Үй хайуанаттарын әріден будандастыру.
- Қазақстандағы жануарлар селекциясының жетістіктері.
- Микроорганизмдер селекциясы және оның өнеркәсіптегі маңызы.
- Биотехнология: негізгі бағыттар.
- Генетикалық инженерия.
Зертханалық жұмыстар
Вариациялық қатар құру және жапырақ ұзындығының өзгергіштігі бойынша вариациялық қисық сызықтарды сызу.
Көрсетілімдер
Мендель заңдарын және хромосомалардың айқасуын (кроссинговер) бейнелейтін көрнекі материалдар: жинақтамалар, нақнұсқа-жапсырмалар, сызбанұсқалар және тәжірибелер.
Жауапты мұғалім
Исабекова Күляш Құрманқызы
Биологиядан қолданбалы курс: күнтізбелік-тақырыптық жоспар