Балалар бүгін қай күн
Сабақ тақырыбы: «Т» дыбысы мен әрпі
Бұл оқу іс-әрекеті ойын элементтері арқылы балалардың «Т» дыбысын дұрыс айтуына, «Т» әрпін тануына және сөздерге дыбыстық талдау жасауына бағытталған.
Негізгі мақсат
«Т» дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату, дыбысты дұрыс артикуляциялауға үйрету, әрпін таныту.
Тәрбиелік мәні
Балаларды сауаттылыққа және тазалыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты
Ойын арқылы дұрыс айту дағдысын дамыту, тілдік белсенділікті арттыру.
Көрнекіліктер мен әдіс
- «Т» дыбысына арналған плакат
- «Т» дыбысынан басталатын сөздер суреттері
- Жаңа оқу іс-әрекеті: ойын түрінде
Мотивациялық кезең: «Шаттық шеңбері»
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң, аналар!
Қайырлы таң, апайлар!
Күн шуағын жинаймын,
Достарыма сыйлаймын!
Қысқаша әңгімелесу
Сұрақ: Бүгін аптаның қай күні?
Жауап: Аптаның 2-ші күні — сейсенбі.
Сұрақ: Қазір жылдың қай мезгілі?
Жауап: Қыс мезгілі.
Сұрақ: Қыс айларын атаңдар.
Жауап: Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Күтпеген сәт: қонақтар келді
(Есік қағылады.) Балалар, есік қағылып жатыр. Қараңдаршы, бізге қонаққа кімдер келді? Қандай әріптер келіпті?
Өтілген әріптер: А, Л, О, У, Н.
Өтілген әріптерді қайталау
А әрпі
А дегенің — ана ғой,
Ана деген — дана ғой.
Л әрпі
Лағым десең, лашын десең,
Лағыл десең —
Әрқашанда сөз басында
Л тұрады, ұқсап шыңға.
О әрпі
Отан — ана,
Отан — жер,
Отан — дана,
Отан — ел.
Н әрпі
Ас біткеннің анасы —
Қасиетті нан осы.
Қайсы әріптен басталып,
Аяқталғанын қарашы.
У әрпі
Уық деген немене?
Уыз деген немене?
Қай әріптен атаулар
Басталып тұр, атаңдар?
Жаңа тақырыпқа шығу: ертегі арқылы
Балалар, мен сендерге ертегі оқып беремін. Бүгінгі әріпті сол ертегіден табамыз. «Түлкі мен тырна» ертегісін үстел үсті театры арқылы сахналаймыз.
Талқылау сұрақтары
- Ертегі қалай аталады? — «Түлкі мен тырна».
- «Түлкі», «тырна» сөздерінде бірінші қандай дыбыс естіледі? — «Т» дыбысы.
Дыбысты бекіту
Кәне, бәріміз бірге қайталайық: Т — Т — Т — Т — Т — Т.
«Т» дыбысының баспа және жазба түрлерімен танысу.
«Т» әрпін ауада жазып көру.
«Т» — дауыссыз дыбыс. Дауыссыз дыбыстар көк үйде тұрады.
Тақтамен жұмыс: суреттерді атау және буынға бөлу
Балалар тақтаға бір-бірлеп шығып, «Т» әрпінен басталатын суреттерді атайды, сөздерді буынға бөледі және қанша буын бар екенін айтады.
Дидактикалық ойын: «Буынға бөл, сөйлем құра»
Берілген сөздерді буынға бөліп, сол сөздермен қысқа сөйлем құрастыру.
Ойын: «Қарама-қарсы сөздерді ата»
Тәрбиеші бір сөзді айтады, балалар оған қарама-қарсы мағыналы сөзді табады.
Жоғары — төмен
Үлкен — кішкентай
Алыс — жақын
Ауыл — қала
Құрғақ — сулы
Ұзын — қысқа
Жылдам — баяу
Ыстық — суық
Жарық — қараңғы
Аз — көп
Жаңылтпаштар: «Т» дыбысын бекіту
Нұрбек
Топ, топырлап
Топтасқан тоқылдақ.
Тоқтамай томарды
Тоқпақтап тоқылдат.
Бейбарыс
Тау бар, тау бар,
Тауда бау бар.
Бауда ара бар,
Ара барда бал бар.
Инабат
Тас тостаған,
Тас тостаған ішіне
Тас тастаған.
Нұрдаулет
Түйетауық түйеқұстың,
Түйенің тарайтұғын тереңінен
Түбі тектес, туыстас деп білемін.
Рефлексия және түзету жұмыстары
Дәптермен жұмыс
«Т» әрпін жазу дағдысын бекіту, дыбыстық талдауды қайталау.
Сергіту сәті
Әуен арқылы қимылды сергіту (компьютер арқылы).
Ойын: «Отан» сөзін жазу
«Отан» сөзін дұрыс жаздыру арқылы «Т» әрпінің орнын және дыбысталуын бекіту.
Қорытындылау
Балалар өз көңіл күйін смайлик арқылы білдіреді, сабақта не үйренгенін қысқаша айтады.
Күтілетін нәтиже
Нені білуі керек
Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата білу.
Нені игерді
«Т» дыбысына қатысты жұмбақтар, мақал-мәтелдер мен тілдік жаттығуларды түсініп, жаттауға машықтану.
Нені білді
«Т» дыбысынан басталатын суреттерді атап, сөздерді буынға бөлу.