Жұмыс орнын жинау
Ұлттық бас киімді тігу әдісі
Бұл сабақта ұлттық бас киімдердің мағынасы мен түрлері туралы қысқаша мағлұмат беріп, оларды жыл мезгілдеріне сай қолданудың ертеден келе жатқан дәстүр екенін талқылаймыз. СТО бағдарламасы аясында бірнеше стратегияны қолданып, оқушылардың ойлау және талдау дағдыларын дамытамыз.
Мақсаты (білімділік)
Бас киімдер туралы қысқаша әрі жүйелі мағлұмат беру.
Мақсаты (дамытушылық)
Бас киімдердің жыл мезгілдеріне қарай киілу ерекшеліктерін түсіндіре отырып, стратегиялар арқылы ой-қабілетін дамыту.
Мақсаты (тәрбиелік)
Бас киімді ұқыпты қолдану мәдениетін қалыптастырып, оның құндылығын түсіндіру.
Міндеті
Ұлттық бас киімдердің қазіргі замандағы қолданылуына қатысты түсінік беру.
Пәнаралық байланыс және ресурстар
Пәндер
Тарих, бейнелеу өнері, әдебиет және т.б.
Көрнекілік
Слайдтар, суреттер, бүктемелер, тақта және т.б.
Қолданылатын стратегиялар
Сабақ барысы
-
1
Ұйымдастыру: оқу құралдарын дайындау, жұмыс орнын ретке келтіру.
-
2
Үй тапсырмасын тексеру және қысқаша кері байланыс.
-
3
БҮҮ стратегиясы арқылы оқушылардың бұрынғы білімі мен жаңа ақпаратқа деген сұрағын анықтау.
-
4
Мағынаны тану: қазақ бас киімдерінің атаулары мен қолданылу мәнін талқылау.
-
5
Суретпен жұмыс: ұлттық бас киім суреттері арқылы түстердің үйлесімі мен қолданылу орнына назар аударту.
-
6
INSERT (түртіп алу): мәтінді оқи отырып, белгілеу арқылы кестені толтыру.
-
7
«Өзім үшін жазу»: мәтінмен танысу, маңызды жерін жазып алу, қорытынды шығару.
Мағынаны тану: бас киімнің қадірі
Өзге халықтардағыдай, қазақта да адам өмірінің әр кезеңіне байланысты киім-кешектің сан түрлі атауы қалыптасқан. Соның ішінде бас киім ерекше қастерленген. Бұл дәстүрдің айғағы ретінде бүгінге дейін аса құрметті қонаққа ат мінгізіп, шапан жауып, бөрік кигізу салты айтылып келеді.
Ер адамдардың бас киімі жергілікті жерде қолжетімді болған мата мен аң терісіне қарай әртүрлі тігілген. Ең кең тараған түрлерінің бірі — бөрік. Бөрік көбіне төрт үшкілден құрастырылып, төртқырлы күмбез тәрізді пішіліп, арасына жүн салынып астарланған. Сырты барқыт, шұға, күдерімен тысталған.
Көп жағдайда бас киімдер қолданылған аң терісінің атымен аталған: мысалы, құндыз бөрік. Сондай-ақ елтірі бөрік, түлкі тымақ, малақай және еуропалық үлгідегі құлақшын да халық арасында кең тараған.
Сарамандық жұмыс
Тақырыбы: өз қалауымыз бойынша бас киім тігу
Мақсаты
Ұлттық бас киімдерді тігудің негізгі әдістерін үйрену.
Қажетті құралдар мен жабдықтар
- Картон қағаз
- Мата
- Жұмыс қорабы
- Қосымша құралдар (қажетіне қарай)
Жұмыстың орындалу реті
-
1
Бұйым таңдағанда материалдың бағыты мен қасиетіне назар аударамыз.
-
2
Қажетті бас киім түрін таңдап, эскизін саламыз.
-
3
Эскизге сүйеніп, қажет жабдықтарды түгелдейміз.
-
4
Қауіпсіздік техникасы ережелерін (ҚТЕ) еске түсіріп, қысқаша көрініс арқылы бекітеміз.
Ой қорыту
«Күлпара басымда, пұшпақ, тымақ
Ішкі бауын өткізген тесік құлақ
Тобылғыдан кесіп ап, жіппен қадап,
Артын бірге қыстырған бар құрысқақ», —
деп Абай атамыз жырлағандай, бас киімді қадірлей білейік.
Бағалау
Оқушылардың стратегияларды қолдана отырып, өз түсінігін нақты көрсетіп, қорытынды жасай алуын бақылау арқылы бағалаймыз.
Үй тапсырмасы
-
Қазіргі заманғы бас киімдерді әсемдеуге қажетті материалдар мен жабдықтарды әкелу.
-
Жұмыс орнын жинақтап, құралдарды ретке келтіру.