Мәтіннен тірек сөздерді жазу

Сабақ туралы

Сынып: 4-сынып

Тақырып: Ж. Аймауытов — «Қартқожа»

Негізгі оқу мақсаты: шығарманың мазмұнын талдай отырып, тақырыбы мен идеясын ашу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар

  • Мәтінді (өлең/үзінді) мәнерлеп оқиды.
  • Мазмұнын түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі

  • Көркем шығарманы талдауға төселеді.
  • Сын тұрғысынан ойлап, өз пікірін дәлелдеп қорғайды.

Кейбір оқушылар

  • Шығарманың көркемдік ерекшеліктерін сипаттайды.

Тілдік мақсат және тірек материалдар

Тілдік мақсат

Оқушылар мәтінді мәнерлеп оқып, талдау жасай алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер

Уфа шәкірт кітапша

Диалог және жазылымға пайдалы бірліктер

  • Топпен жұмыс жасауға үйренеді.
  • Сабақтағы белсенділігі артады.
  • Шығармашылық қабілеті танылады.

Талқылауға арналған сұрақ

Ақынның «Жер сияқты пайдалы бол» деген ойын қалай түсінесіңдер?

Жазылым бойынша ұсыныстар (сөздік тірек)

қазақша

кітап

книга — book

қазақша

оқу

учеба — learning

еске түсіру

Алдыңғы оқу

Ш. Құдайбердіұлы — «Насихат»

Сабақ барысы

Басталуы

7 минут
  • Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
  • Топқа біріктіру.
  • Үй тапсырмасын тексеру: «Насихат» өлеңін жатқа айту.

Ортасы

28 минут

Білу

«Барлаушы» әдісі арқылы мәтінді оқу.

Түсіну (топтық жұмыс)

  • 1-топ:мәтін кейіпкерін сипаттау.
  • 2-топ:мәтінге жоспар құру.
  • 3-топ:мазмұны бойынша сұрақтар дайындау.
  • 4-топ:мәтіннен тірек сөздерді теріп жазу.

Қолдану

Мәтіннен Қартқожаның оқуға құштарлығын суреттейтін тұстарды тауып, мәнерлеп оқу.

Талдау

  • «Шығармалар кестесі» арқылы талдау.
  • Ш. Құдайбердіұлының «Насихат» өлеңімен салыстыру.

Жинақтау

«Синквейн» әдісі: Қартқожа тақырыбы бойынша қорытынды жасау.

Аяқталуы

10 минут
  • Бағалау: «Мен үшін үлгі болар жан» тақырыбында эссе жазу.
  • Кері байланыс және сабақты бекіту.
  • Өзара бағалау.

Мұғалім туралы мәлімет

Мұғалім: Оңдаған Жұлдызай Дүйсембайқызы

Материал: Ж. Аймауытов — «Қартқожа» (жүктеу)