Бала - ананың асыл арманы, алтын кені

Тәрбие сағатының тақырыбы

«Асыл ана»

Мақсаты

  • 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесінің салтанатын сезіндіру.
  • Анаға деген сүйіспеншілікті арттыру.

Негізгі бөлім

Аналар мен қонақтар төрден орын алады. Тәрбие сағаты сынып жетекшісінің кіріспе сөзімен басталады.

Сынып жетекшісінің кіріспе сөзі

Мұғалім: Әке — өмірдің берік тірегі болса, ана — оның ағынды арнасы. Ана жаны нәзік, ана жүрегі ізгі әрі мейірімді.

Нәресте шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап, оны алақанына аялап, ақ сүтін беріп, әлпештеп баулитын — ана. Ананың асыл қасиеттерін аз ғана сөзге сыйғызу мүмкін емес.

«Ана» деген сөздің қуаты дарияға тең: ол сарқылмайды, ұмытылмайды, ескірмейді. Бала — ананың асыл арманы, алтын кені.

Ендеше, балаларымыздың дайындаған шағын мерекелік тартуын қабыл алыңыздар. «Асыл ана» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын.

Сахналық көрініс

Әуен ойналып тұрады. Оқушылар сыныпқа өз қолдарымен жасаған гүлдерін ұстап кіріп, аналарына гүл шоқтарын тарту етеді.

Өлең жолдары

Диана

О, періште анам!

Келді көктем күнің,

Күлімдейді гүлің —

Алтын ойлы анам,

Мерекеңіз бүгін!

Жанатбек

Жұмақ — құшағың, анам,

Күндей нұрлы санаң!

Қызығын көр ұл-қыздың,

Еңбек сүйгіш анам!

Мәдина

Өмірде ана — бұлақ, ана — пана,

Өмірді өркендетер ана ғана.

Өсірген талай көсем, талай шешен,

Талай ер, талай ақын, талай дана,

Ана!

Ол — біздің елде ардақты адам.

Жандаулет

Кетті қысқы ызғар,

Еріп жатыр мұздар.

Мерекеңіз бүгін,

Қызғалдақтай қыздар!