Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеуді меңгерту: құрама санды жай сандардың көбейтіндісі түрінде жаза білу және құрама санды табу реттілігін түсіну.
Дамытушылық
Есеп шығару дағдыларын жетілдіру, натурал сандарға амалдар қолдану ережелерін бекіту, тез ойлау мен нақты нәтижеге жету қабілетін және математикалық сауаттылықты арттыру.
Тәрбиелік
Топпен жұмыс жасау мәдениетін қалыптастыру, шапшаңдыққа және батыл шешім қабылдауға тәрбиелеу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
1 минут- Сәлемдесу.
- Оқушылардың қатысуын тексеру.
- Құрал-жабдықтарын қадағалау.
- Оқушыларды екі топқа бөліп отырғызу.
Бүгінгі сабақта бізді сан алуан белестер мен асулар күтеді. Олай болса, бір-бірімізге сәттілік тілейік!
II. Өткенді қайталау және үй тапсырмасын тексеру
I топ: сұрақтар
- Натурал a санының еселігі дегеніміз не?
- 7 санының алғашқы бес еселігін ата.
- Қандай сандар 2-ге бөлінеді?
- Қандай сандар 10-ға бөлінеді?
- Жай сандар деп қандай сандарды айтады? Мысал келтір.
- 1 саны жай сан ба, әлде құрама сан ба?
- Қосындының берілген санға бөлінгіштігін қалай анықтаймыз?
- Егер құрама санның жіктелген жай көбейткіштері белгілі болса, құрама сан қалай табылады?
II топ: сұрақтар
- Натурал a санының бөлгіші дегеніміз не?
- 36 санының бөлгіштерін ата.
- Қандай сандар 5-ке бөлінеді?
- Қандай сандар 3-ке, 9-ға бөлінеді?
- Құрама сандар деп қандай сандарды айтады? Мысал келтір.
- Көбейтіндінің берілген санға бөлінгіштігін қалай анықтаймыз?
- Айырма қандай жағдайда берілген санға қалдықсыз бөлінеді?
- Құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу дегеніміз не?
Үй тапсырмасын тексеру
Оқушылар дәптерлерімен алмасып, бір-бірінің жұмысын бағалайды.
№670 (3)
- 12 = 2·2·3
- 18 = 2·3·3
- 51 = 3·17
- 58 = 2·29
- 78 = 2·3·13
- 105 = 3·5·7
№670 (2)
- 396 = 2·2·3·3·11
- 456 = 2·2·2·3·19
- 504 = 2·2·2·3·3·7
- 700 = 2·2·5·5·7
- 594 = 2·3·3·3·11
- 1170 = 2·3·3·5·13
- 2310 = 2·3·5·7·11
- 3100 = 2·2·5·5·31
№684 — өрнектің мәнін табыңдар
a(a+2)·(a+4)·(a+8)
a = 3 болғанда: 3(3+2)·(3+4)·(3+8) = 3·5·7·11 = 1155
b(b−2)·(b−6)·(b−8)
b = 13 болғанда: 13(13−2)·(13−6)·(13−8) = 13·11·7·5 = 5005
III. Оқулықпен жұмыс
15 минут№678
- 24 = 2·2·2·3
- 40 = 2·2·2·5
- 56 = 2·2·2·7
- 65 = 5·13
- 77 = 7·11
- 95 = 5·19
№680
- 27 = 3·3·3
- 125 = 5·5·5
№687
- 66 = 2·3·11
- 195 = 3·5·13
- 255 = 3·5·17
№689
- 35 = 5·7
- 21 = 3·7
- 15 = 3·5
Қолданбалы есеп: көлем
Ені — 5 см, ұзындығы — 7 см, биіктігі — 3 см болса, тікбұрышты параллелепипедтің көлемі: V = 5·3·7 = 105 см³.
IV. «Күн шуағы» ойыны
8 минутОқушыларға күн шуағы пішініндегі кеспе қағаздар алдын ала таратылады. Әр қағазда жаңа тақырыпқа қатысты тапсырма берілген: оқушылар тапсырманы орындайды, ауызша жауап береді және дайын «күн сәулелерін» магнит арқылы тақтаға жапсырады. Нәтижесінде ортақ «күн шуағы» құрастырылады.
V. Сергіту сәті (ауызша тапсырмалар)
4 минут1) Термометр аяз болғандықтан −3° көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?
Жауабы: −3°
2) Бөлменің әр бұрышында бір мысықтан отыр, ал әр мысыққа қарама-қарсы тағы үш мысық отыр. Бөлмеде неше мысық бар?
Жауабы: 4 мысық
3) Үстелде төрт стақан шие тұр. Марат бір стақан шиені жеп қойды. Неше стақан қалды?
Жауабы: 4 стақан
4) Қараңғы бөлмеде майшам және керосин шамы бар. Біріншіден нені жағасыз?
Жауабы: шырпы
5) Суды қай кезде қолды «кесіп алуға» болады?
Жауабы: мұз кезінде
6) Шаршының қабырғасын 3 есе үлкейтсе, оның ауданы неше есе артады?
Жауабы: 9 есе
VI. «Алтын сақа» ойыны
5 минутШарты: егер x — жұп сан болса, берілген сандардың қайсысы жұп, қайсысы тақ екенін анықтаңдар. Презентациядағы тақ сандар бірінші «сандыққа», жұп сандар екінші «сандыққа» орналастырылады.
VII. Бекіту сұрақтары
2 минут- Құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу дегеніміз не?
- Егер құрама санның жіктелген жай көбейткіштері белгілі болса, құрама сан қалай табылады?
- Құрама санды жай көбейткіштерге жіктеудің қандай тәсілдерін білесіңдер?
Бағалау және үй тапсырмасы
Бағалау
Сабақ бойындағы белсенділік, жауаптардың дәлдігі және тапсырмалардың орындалуына қарай бағаланады.
Үйге тапсырма
- П4.6
- №679
- №682
Уақыты: 1 минут (түсіндіру)
Мәлімет
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Сарайшық селосы, Қ. Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебі.
Физика-математика пәнінің мұғалімі: Мырзағалиев Дидар Қуанышұлы.