Қазір қандай мезгіл

Сабақ туралы мәлімет

Өтетін орны

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Атакент кенті

Мұғалім

В. Комаров КММ бастауыш сынып мұғалімі — Айнұр Даужанова

Пән

Қазақ тілі

Тақырып

Сипаттау мәтіні (15–19-жаттығулар, слайд)

Сабақтың мақсаты

Негізгі бағыт

  • Мәтін түрлері туралы ұғымды талдау.
  • Оқушылардың өзара байланыстырып сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру.
  • Мәтін түрлерін ажыратып, оларды дұрыс құра білуге машықтандыру.

Дағдылар мен құндылықтар

  • Мәтінді түсініп оқуға дағдыландыру, сөздік қорды молайтудың жолдарын қарастыру.
  • Өз бетінше ойлауға және ізденуге үйрету.
  • Ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу және білімді терең меңгертуге ынталандыру.

Сабақтың әдісі

Аралас, топтық жұмыс

Көрнекілігі

АКТ, мәтін түрлері, суреттер, кестелер

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, әдебиеттік оқу

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық сәт

Ана тілің — арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Топқа бөліну

Оқушылар дауыссыз дыбыстардың түрлеріне қарай 3 топқа бөлінеді.

1-топ: Үнді

л, м, н, ң, р, й, у

2-топ: Ұяң

б, в, г, ғ, д, ж, з

3-топ: Қатаң

к, қ, п, с, т, ф, х, һ

Топ ережелері

  • Тәртіп сақтау.
  • Ой қосу және белсенді қатысу.
  • Біреудің ойын тыңдау.
  • Ашуға жол бермеу.
  • Топ мүшелерін қолдап отыру.

Ескерту: жұмыс барысында тәртіп бұзған оқушыға ескерту жасалады, ал белсенді әрі дұрыс жауап берген оқушы бағалауда ескеріледі.

Тақырыпты табу: сұрақ-жауап

Бүгінгі тақырыптың атауын сұрақтар арқылы табамыз: әр жауаптың бірінші әрпін алып, шашылған әріптердің ішінен тауып жазамыз.

Жұмбақтар

  • От басында құмған, екі көзін жұмған.

    Жауабы: мысық

  • Отбасының тірегі.

    Жауабы: әке

  • Қу, айлакер жыртқыш аң.

    Жауабы: түлкі

  • Сүттен жасалатын тағам.

    Жауабы: ірімшік

  • Қасиетті тағам.

    Жауабы: нан

Қорытынды сөз

Шыққан тақырып

МӘТІН

Бүгін мәтіннің түрлерін ажыратуды және сипаттау мәтінін құрастыруды үйренеміз.

Білімді тексеру

Жедел сұрақтар

  • Қазір қандай ай?
  • Қазір қандай мезгіл?
  • Мәтін деген не?
  • Мәтіннің құрылымы қандай бөліктерден тұрады?

Күз туралы шағын мәтін

Күз келді. Жапырақтар сарғайып, жерге түсе бастады. Құстар жылы жаққа ұшып кетті.

Мәтін құрылымы: басталуы, негізгі бөлімі, соңы.

Дәптермен жұмыс

Жазба жұмыстары

  • Бүгінгі күнді дәптерге жазу.
  • Көркем жазу жолдарын толтыру.

Көркем жазу үлгісі

Х х

Хат, хайуанат, саяхат, шах

Ескерту: Х дыбысы сөздің басында, ортасында және соңында кездеседі.

Мақсат қою және ереже

Мәтіннің түрлері үшке бөлінеді. Әр түрдің өзіне тән сұрағы және сөйлемдердің білдіретін мағынасы бар.

Әңгімелеу мәтіні

Сұрағы

Не істеді?

Оқиғаны ретімен баяндайды. Сөйлемдер іс-қимылды білдіреді.

Сипаттау мәтіні

Сұрағы

Қандай?

Заттың немесе құбылыстың белгілерін суреттеп, сипаттайды. Сөйлемдер заттың сынын білдіреді.

Пайымдау мәтіні

Сұрағы

Неліктен?

Оқиға мен құбылыстың себебін дәлелдейді. Сөйлемдер себеп-салдарды ашып көрсетеді.

Жаңа сабақ: оқулықпен жұмыс

15-жаттығу (әңгімелеу мәтіні)

  • Мәтін не туралы?
  • Мәтінге қандай ат қоюға болады?
  • Мәтін неше бөліктен тұрады?
  • Әр бөліктің жаңа жолдан басталып жазылуына назар аудару.
  • Әр бөліктегі сөйлемдерге сұрақ қойып, мәтіннің түрін анықтау.