Спорт сөзіне ассоциативтік қатар құраңдар
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Бұл сабақта оқушылар KAZsport телеарнасы туралы мәліметті өз бетімен іздену, талдау және мәтінмен жұмыс жасау арқылы меңгереді. Сабақ құрылымы оқылым, айтылым, жазылым дағдыларын қатар дамытуды көздейді.
Сабақтың тақырыбы
Мен «KAZsport» телеарнасын қараймын.
Мақсаты
Оқушыларға «KAZsport» телеарнасы туралы білімді өз бетінше іздену мүмкіндіктері арқылы қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар «KAZsport» телеарнасы туралы мағлұмат алады, мәтін мазмұнын түсінеді және тапсырмалар арқылы өз ойын жеткізе алады.
Негізгі дереккөздер мен ресурстар
- АКТ (бейнероликтер, таныстырылым)
- Бағалау парағы
- Стикерлер, смайликтер
- Маркерлер, таратпа материалдар
Дереккөз
С. Жұманова, 8-сынып оқулығы.
Негізгі идеялар (ақпараттық анықтама)
Қазақстан ұлттық телеарнасы
1958 жылғы 8 наурыз
Эфирге алғаш рет шыққан күн.
КТК
1991 жылдан бастап
Жұмыс істейді.
«Хабар» телеарнасы
1995 жылы
Алматыдағы филиал негізінде, Қазақстан ұлттық арнасының ақпараттық қызмет базасында құрылды.
«KAZsport»
2013 жылғы 1 шілде
Хабар тарата бастады.
Әдістер
Сабақ барысы
-
I
Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа дайындық, назар аударту, жұмыс ережесін белгілеу.
-
II
Үй тапсырмасын тексеру
Алдыңғы тақырып бойынша білімді нақтылау, кері байланыс беру.
-
III
Жаңа сабақ
Сұрақтармен жұмыс және мәтін арқылы тақырыпты ашу.
1-тапсырма
«Спорт» сөзіне ассоциативтік қатар құраңдар.
2-тапсырма
«Спорт» сөзінің мағынасын түсіндіріңдер.
3-тапсырма
Сұрақтарға жауап беріңдер.
4-тапсырма
Мәтінді оқып, мазмұнын түсініңдер.
Мәтін
Менің атым — Марғұлан. Мен теледидардан «KAZsport» телеарнасын көремін.
«KAZsport» телеарнасы 2013 жылғы 1 шілдеден бастап хабар тарата бастады. Таратылатын хабарлардың 70 пайызы тікелей және түпнұсқа трансляциялардан тұрады. Негізгі бағыты — елімізде кең тараған спорт түрлерінен өтетін ішкі чемпионаттар мен халықаралық бәсекелер.
Теле көрсетілімдер қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Бұл арнада қазақстандық жанкүйерлер ұлттық құрама командалар қатысатын құрлықтық және әлемдік деңгейдегі жарыстарды тікелей эфирде көре алады.
Мысалы: Қазанда өткен Жазғы Универсиада, теннистен әлемнің мықтылары жиналатын «Australian Open» және «Roland Garros», дзюдодан өткен әлемдік Гран-при турнирлері, Инчхонда өткен Азия ойындары, ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты.
Біз кәсіби бокста Қазақстанның атын әлемге танытып жүрген Геннадий Головкиннің жекпе-жектерін де тікелей эфирден көреміз.
Ұлттық спортты дәріптеу мақсатында «KAZsport» телеарнасы қазақ күресінен өткен «Қазақстан барысы», «Еуразия барысы» сияқты айтулы додаларды да тікелей эфирде көрсетті.
Мен «KAZsport» телеарнасын қараймын, өйткені өзім спортты жақсы көремін.
5-тапсырма
Мәтін мазмұны бойынша жоспар құрып, мәтінді мазмұндаңдар.
6-тапсырма
Берілген етістіктерді өткен шақтың болымды және болымсыз түрінде жазыңдар. Етістік туралы ережені қайталаңдар.
Сабақты бекіту
- Сұрақтарға жауап беру.
- Қорытындылау.
- Бағалау.
Үй тапсырмасы
120-бет, 7-тапсырма.