Сонша дөңгелек сал
Сабақ туралы мәлімет
Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден селосы, Ю. Гагарин атындағы орта мектептің мектепалды даярлық сыныбы.
Тәрбиеші: Курмашева Нұргүл Мұхамбетқалиқызы.
Пәні: Математика. Тақырыбы: 4 саны мен цифры.
Мақсаты
Білімділік
- 4 саны және оның цифрымен таныстыру.
- Сан қатарындағы орнын және құрамын түсіндіру.
- Кері санауға үйрету.
Дамытушылық
- Ой-өрісті және танымдық қабілетті дамыту.
- Есептеу және жазу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік
- Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
- Тапқырлық пен байқампаздықты дамыту.
Әдістері
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын әдістері.
Көрнекіліктер
Кеспе сандар, суреттер, әліппе дәптері.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
Сабаққа жұмылдыру және дайындық
- Балалардың назарын сабаққа аудару.
- Сабаққа қажетті құралдарын даярлату.
II. Өткен сабақты қайталау
Сан қатары және қысқа тапсырмалар
Сан қатары
0, 1, 2, 3 — тура және кері санау.
Ойын: «Көршісін тап»
Торкөзде берілген санның алдыңғы және кейінгі көршісін тауып, жаз.
Өрнектің мәнін тап
III. Жаңа сабақ
4 санының шығуын түсіндіру және цифрмен танысу
Тірі табиғат бұрышы бойынша әңгіме
4 санының пайда болуын аквариумдағы балықтар мен тордағы қояндар саны арқылы түсіндіру.
Мысал
3 балық + 1 балық = 4 балық
Мысал
3 қоян + 1 қоян = 4 қоян
4 цифрымен таныстыру
4 — «Неге ұқсайды?» сұрағына балалармен бірге жауап беру.
Жауап: төңкерілген отырғышқа.
IV. Дәптермен жұмыс
Жазу машығын қалыптастыру
- 4 цифрын ауада жазу.
- 4 цифрын екі жолға толтырып жазу.
Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай балалар,
Үп-үлкен боп өседі.
Ойын: «Кім жылдам?»
- 1 табақта 3 алма бар, ал қолымда 1 алма бар. Барлығын қосқанда неше алма болады?
- Тарелкада 4 қияр бар, оған 2 қияр қосамыз. Барлығы неше қияр болады?
V. 4 санының құрамы бойынша тапсырмалар
Құрамын бекіту және толықтыру
- Әрбір екінші жидекке жалпы саны жапырақтағы санға тең болатындай етіп нүкте сал.
- Қанша дөңгелек жетіспейді? Сонша дөңгелек салып толықтыр.
VI. Қорытынды
Бекіту тапсырмалары және жұмбақтар
Бекіту тапсырмасы
Әр суретте қанша алма бар екенін сана да, қажетті цифрды шеңбер ішіне жаз.
Сонымен бірге әр суреттегі қызыл және сары алмалардың санын бөлек санап, қажетті цифрларды торкөзге жаз.
Жұмбақтар
Қазда бар екі аяқ,
Құста бар екі аяқ.
Екеуін қосып санаса,
Болады сонда қанша аяқ?
Жауабы: 4 аяқ
Далада тұр екі ешкі,
Қорада тұр екі ешкі.
Екі ешкі мен екі ешкі,
Болады бәрі неше ешкі?
Жауабы: 2 + 2 = 4 ешкі
Мадақтау
Оқушылардың белсенділігін атап өтіп, орындаған тапсырмалары бойынша мадақтау және қысқаша кері байланыс беру.