Дайындаған оқушы
Оқушыларға арналған республикалық интернет-білім байқауы
Мақсаты — балалар мен жастардың қызығушылығын оятып, рухани жаңаруға үлес қосу, ұлттық сананың кемелденуіне ықпал ету. Байқауға еліміздің түкпір-түкпіріндегі тәжірибелі ұстаздар мен талантты оқушылар қатыса алады.
- Қатысу жарнасы
- 500 теңге
- Әр оқушы
- 1 жұмыс жібереді
- Қабылдау мерзімі
- 5 желтоқсаннан бастап
Байқау бағыттары
Жұмыстар сынып деңгейіне қарай бағаланады. Төмендегі тақырыптардың бірін таңдап, көрсетілген форматтардың бірінде ұсынуға болады.
-
1) Менің қаламның танымал тұлғасы
Эссе, өлең, мақала, ғылыми жоба
Туған қалаңыздың немесе ауылыңыздың танымал тұлғасы туралы жазыңыз.
-
2) Қарттарым аман-сау жүрші
Шығарма, эссе, өлең
Қарттар туралы ой-толғау, ата-әжені құрметтеу тақырыбы.
-
3) Өмір — өлең
Ақындар мүшәйрасы
Өз өлеңін ұсынатын, ақындық қабілеті бар оқушыларға арналған.
-
4) Күнделікке ақтарамын сырымды…
Эссе, үзік сыр, өлең
Өміріңізде болған оқиғаларды, ойларыңызды күнделік стилінде баяндаңыз. Мәтін күнделік дәптеріне қолмен жазылған болуы тиіс.
-
5) Танымал ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқу
Мәнерлеп оқу (бейнежазба)
Өлеңді жатқа, мәнерлеп оқып, бейнежазба ретінде жіберіңіз (ұялы телефон немесе бейнекамера арқылы түсіруге болады).
-
6) Менің сүйікті сынып жетекшім
Эссе, өлең
Ұстаздарға арналған жүрекжарды туындылар.
-
7) Қазақ батырлары
Эссе, өлең, сөзжұмбақ, реферат, ғылыми жоба
Қазақ тарихындағы батырлар тұлғасын танытатын шығармалар.
-
8) Дана — Абай!
Ғылыми жоба, реферат, өлең, эссе
Абай мұрасы, ойлары мен шығармашылығы туралы жұмыстар.
-
9) Ауылым — алтын бесігім
Эссе, өлең, шығарма
Туған жерді қадірлеу, ауылдың рухы мен құндылықтарын дәріптеу.
-
10) Сыр-сұхбат
Журналистік сұхбат
Тұрғылықты жеріңіздегі танымал тұлғамен немесе ұстазыңызбен, ата-әжеңізбен, әке-шешеңізбен жүргізілген сұхбат.
-
11) Өнегелі бала — халық ауыз әдебиеті
Өтірік өлең, әзіл әңгіме, аңыз әңгіме
Өз ойыңыздан өтірік өлең құрастырып, әзіл әңгіме жазыңыз немесе үлкен кісілерден естіген аңыз әңгімелерді қағазға түсіріп жіберіңіз.
-
12) Менің анашым — ең тамаша жан!
Эссе, өлең, ребус, сөзжұмбақ
Анаға деген құрмет пен махаббатты арқау еткен жұмыстар.
-
13) Менің арманым
Эссе, өлең
Арман-мақсат, болашаққа жоспар тақырыбындағы шығармашылық жұмыс.
Нәтижелер мен марапаттау
Жеңімпаздар
1, 2, 3 дәрежелі диплом беріледі.
Қатысушылар
Орын алмаған оқушыларға қатысушы сертификаты немесе алғыс хат табысталады.
Жетекшілер
Байқауға қатысқан оқушылардың жетекшілеріне арнайы алғыс хат беріледі.
Жұмысты рәсімдеу үлгісі
Қатысушы оқушының аты-жөні толық көрсетілуі қажет.
Үлгі:
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Покатилов ауылы, №45 И. Шұғайыпұлы
Дайындаған оқушы: Игизғали Сымбат
Жетекшісі: Бектембаева Гулдана Мендыгалиевна