Махамбеттің досы кім

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Махамбет шығармалары бойынша алған білімді жетілдіру және тереңдету.

Дамытушылық

Ізденгіштік қасиеттерін арттыру, дәлелді пікір айтуға үйрету, ойлау қабілетін дамыту және тұжырымды ой білдіруге дағдыландыру.

Тәрбиелік

Ақын шығармаларына қызығушылықты ояту, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын сұрау

Үйге Махамбеттің балалық және жастық шағы туралы мәлімет берілген болатын. Төмендегі сұрақтар арқылы білім бекітіледі:

  1. 1. Махамбет қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
  2. 2. Махамбет хан ордасында кімнің ықпалымен тәрбиеленді?
  3. 3. Махамбеттің досы кім?
  4. 4. Жәңгір ханның баласының аты кім?
  5. 5. Жәңгір хан губернаторға қандай хат жазды және ол хатта кім туралы айтылды?
  6. 6. Махамбеттің халық жағына шығуын дұрыс деп есептейсіз бе? Неліктен?
  7. 7. Махамбет Өтемісұлының қандай өлеңдерін білесіз?

Махамбет туралы қысқаша дерек

Махамбет Өтемісұлы (1803–1846) Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданында, Нарын құмындағы Бекетай құмында дүниеге келген. Әкесі Өтемістің он ұлы болған: тұңғышы — Бекмағанбет, екіншісі — Махамбет.

Махамбет жастайынан хан ордасында болып, араб, орыс және қазақ тілдерінде сауат ашқан. Оның ордада тәрбиеленуінің екі негізгі себебі аталады:

  • Біріншісі: ағасы Бекмағанбет Жәңгір ханның он екі биінің бірі болған.
  • Екіншісі: сол дәуірде хан-сұлтандар өз маңында ел намысын жырлайтын, сөз өнерін меңгерген ақындарды ұстаған.

Орда төңірегіндегі әділетсіздік пен жауыздықты көзімен көрген ақын бірте-бірте ел басындағы ауыр халді ұғына бастайды. Осы кезеңде оның өлең-жырлары халық үшін ұранға айналды.

Өр рухтың үні: өлеңнен үзінді

Махамбеттің шыншыл да өткір мінезі төмендегі жолдардан анық танылады:

Хан емессің, қасқырсың,

Қас албасты басқырсың.

Достарың келіп табалап,

Дұшпаның сені басқа ұрсын...

Махамбет Өтемісұлы — өлең жолдары

Тақырыптық түйін

Ақынның көтеріліс рухындағы өлең-жырлары күрес үстінде туып, халықтың намысын қайрады, еркіндікке үндеді.

Талдауға ұсыныс

«Мен — құстан туған құмаймын» өлеңінің бірінші шумағына сатылай кешенді талдау жасау.

Мен — құстан туған құмаймын,

Бір тұлпарға жұбаймын.

Сауырыма қамшы тиген соң,

Шаппай неғып шыдаймын?