Физика 11 - сыныпСабақтың тақырыбы

Физика (11-сынып): Жарық дисперсиясы

Бұл сабақта жарық дисперсиясы тақырыбы бойынша білімді жүйелеу, қорытынды жасау және практикалық есептер арқылы түсінікті бекіту көзделеді.

Білімдік мақсат

Жарық дисперсиясы бойынша терең түсінік қалыптастырып, білімді жүйелеу және қорытындылай білу дағдысын дамыту.

Дамытушылық мақсат

Өз бетінше жұмыс істеу, талдау жасау, шығармашылық икемділікті жетілдіру.

Тәрбиелік мақсат

Ұқыптылыққа, жылдам жұмыс істеуге, ойды анық әрі нақты жеткізуге, ізденіске тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

  1. 1 Ұйымдастыру жұмысы (топқа бөлу, топ басшысын таңдау).
  2. 2 Физикалық диктант (топ басшыларының өзара тексеруі).
  3. 3 Деңгейлік есептер (жауаптары бойынша өзін-өзі тексеру).
  4. 4 Оқушылардың жобаларын тексеру.
  5. 5 Тест.
  6. 6 Бағалау (жалпы ұпай санын есептеу).

Физикалық диктант

Бос орындарды тиісті ұғымдармен толықтырыңыз.

1) Толқындық қозғалыс кезінде бөлшектер емес, ( … ) тасымалданады.

2) Электромагниттік толқындар бір-бірімен байланысқан айнымалы ( … ) кезекпен өзгереді.

3) Ортаның бөлшектері толқынның таралу бағытына перпендикуляр бағытта тербеліс жасаса, толқын ( … ) деп аталады.

4) Егер тербеліс бағыты толқынның таралу бағытымен сәйкес келсе, толқын ( … ) деп аталады.

5) ( … ) — бұл тербеліс фазалары сәйкес келетін нүктелердің геометриялық орны.

Деңгейлік есептер

Төмендегі есептер екі нұсқа бойынша беріледі. Әр тапсырмадан кейін жауаппен салыстырып, өзін-өзі тексеріңіз.

I нұсқа

  • A) Ұзындығы 1 м кесіндіге жиілігі 600 ТГц монохроматтық сәуле шығарудың неше толқын ұзындығы сыяды?
  • B) Көрінетін спектрдің шеткі қызыл (λ = 0,76 мкм) және ең шеткі күлгін (λ = 0,4 мкм) сәулелеріне қандай жиіліктер сәйкес келеді?
  • C) Жиілігі 9·1014 Гц жарық ауадан суға түссе, оның су ішіндегі толқын ұзындығы қандай болады?

Жауаптар

  • A) n = 2·106
  • B) 390 ТГц, 750 ТГц
  • C) 2,5·10−7 м

II нұсқа

  • A) Қызыл жарықтың ауадағы толқын ұзындығы 700 нм. Осы жарықтың судағы толқын ұзындығын табыңыз.
  • B) Ауадағы толқын ұзындығы 0,7 мкм қызыл жарық суға түседі. Судағы толқын ұзындығы қандай болады? Су астында көзін ашқан адам қандай түсті көреді?
  • C) Сәуле судан вакуумға өткенде оның толқын ұзындығы 0,12 мкм-ге артты. Осы сәуленің вакуумдағы және судағы толқын ұзындықтарын табыңыз.

Жауаптар

  • A) 526 нм
  • B) 0,53 мкм
  • C) 480 мкм, 360 мкм

Ескерту

Белгілеулер: λ — толқын ұзындығы, ν — жиілік. Бірліктерді (нм, мкм, м) түрлендіруде мұқият болыңыз.