Мектептен үйрендің сен нені
Алғашқы қоңырау мерекесі: 1-сыныпқа арналған сценарий
Музыка әуені естіледі. Балалардың шат күлкісімен араласқан дауыстары жақындай түседі. Осы сәтте қолдарында доп, қуыршақ және ойыншық көлігі бар 2–3 бүлдіршін өзара таласып, ортаға шығады.
Кіріспе көрініс
II жүргізуші
Ойын қуған, думан қуған бұл кімдер? Сылдыраған балғын тілмен естілген бір үндер.
1-балдырған (Руслан)
Мамам айтты: «Күзде мектепке барасың», – деп. Көп-көп оқу құралын аласың, – деп.
2-балдырған (Риза)
Онда мына машинаңды неге тастамайсың? Сен әлі ештеңені түсінбейтін кішкентайсың.
3-балдырған (Диар)
Жоқ, ол жетіге толды. Үлкен бала болды. Бұл қуыршақты да, машинаны да бөпесіне сыйлаймыз.
Балалар ойыншықтарын бөпелеріне береді. Осы сәтте мектепке бара жатқан 2-сынып оқушылары келіп, ортаға қосылады.
Мектеп туралы әңгіме
Айғаным
Балалар, мектепке бармайсыңдар ма?
Руслан
Мектеп?.. Мектеп деген не өзі? Оның бар ма мұрны, аузы, көзі?
Алсу
Мектеп — үлкен орда. Оқимын дегеннің бәрі сонда.
Диар
Онда не береді? Менің де барғым келеді.
Айғаным
Жетіге толсаң, ойын қуып босқа жүрмей, әрине, сен де мектепте оқисың.
Риза
Мектептен нені үйрендің? Көп пе оның сендерге бергені?
Алсу
Мектепте бәріміз білім аламыз, жан-жақты дамып, санамыз өседі. Біз секілді ағылшын тілін де меңгересің.
Айғаным
Мектепте домбыра қағуды үйренесің, үйірмеде билегенде бір ғажайып күйге енесің.
Ән сабағына қатысып ән айтасың, интернетке кіріп жаңалықпен танысасың.
Спорттың неше түрімен шынығасың. Қарның ашса, асханада сусын ішіп, тынығасың.
Алсу
Бүгін — 1-қыркүйек, Білім күні. Мектепте қоңырау үні сыңғырлайды. Мектебім — ақ ордам, тым асқақ. Ұстазым, достарым тұр, міне, қол бұлғап.
Жүріңдер, үңіліп мектептің сырына, шығайық біз бірге білімнің шыңына.
Жүргізушілер сөзі
I жүргізуші
Қадамыңа гүл бітсін деп, халқым, қол соғып бір қошеметтеп тұр жалпың.
II жүргізуші
Ортаға 1-сыныпқа қадам басқан бүлдіршіндер келеді. Жүрекжарды тақпақтарын сіздерге арнайды.
Хор:
«Мектеп — ана»
Оқушылардың тақпақтары
1-оқушы (Ақмерей)
Сәлем саған, мектебім, алғыстарым көп менің. Оқу, білім, тәрбие — ой-санама еккенің.
2-оқушы (Руслан)
Қуаныш бүгін — мереке, шуағын шашып тұр әлем. Мектепке келген алғашқы жан досым, саған мың сәлем.
3-оқушы (Айғаным)
Бірінші қыркүйек күні мен аңқыған жұпар гүлімен келдім. Қарсы алар мектебім сүйкімді қоңырау үнімен.
4-оқушы (Диар)
Биыл мен де мектепке, біріншіге барамын. Мақтанбаймын мен текке: дайын дәптер, қаламым.
5-оқушы (Айсұлу)
Мектепке енді барамыз, біз оқушы боламыз. Жақсы оқып сабақты, кілең бестік аламыз.
6-оқушы (Ерасыл)
Алдыңа келіп, ұстазым, тұңғыш қалам ұстадым. Күлімдеген көзіңнен мейіріңді сезіндім.
7-оқушы (Риза)
Отанның біз ұл-қызы, халықтың біз жұлдызы. Оқимыз ақын-жырларын, оқимыз еңбек сырларын.
8-оқушы (Шыңтүлек)
Сылдырлайды, сыңғырлайды мектеп жақта қоңырау. Ұмытпаймыз бұл бір айды, гүлге толы омырау.
9-оқушы (Мөлдір)
Гүл толы қала да, дала да, гүл толы бүгін омырау. Шақырып мектеп-анаға, соғылмақ тұңғыш қоңырау.
10-оқушы (Жантемір)
Мектебің мынау, класың — осында он жыл тұрасың. Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың.
Ән бөлімі
Ән тамашалаңыздар: Айғаным мен Айсұлудың орындауында — «Мектебім».