Пернетақта және оның пернелерімен таныстыру

5-сыныпқа арналған сабақ жоспары

Тақырыбы

Пернетақта (презентация түрінде)

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Сабақ әдісі

Түсіндірмелі (практикум элементтерімен), сұрақ-жауап

Мақсаты

Білімділік

Оқушылардың білімін жетілдіру үшін жаңа материал ұсыну. Пернетақта пернелерінің қызметтері туралы толық мәлімет беріп, білімін нығайту және практикалық дағдыларын кеңейту.

Тәрбиелік

Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа баулу, адамгершілік қасиеттерін дамыту.

Дамытушылық

Жаңа технология элементтерімен жұмыс арқылы ойлау қабілетін арттыру, сабақ аясын озық тапсырмалармен кеңейту.

Қажетті ресурстар және байланыстар

Көрнекілігі

  • Интербелсенді тақта
  • Слайдтар
  • Электронды оқулық
  • Тапсырмалар
  • Тест парақшасы
  • Бағалау парағы

Пәнаралық байланыс

  • Қазақ тілі
  • Орыс тілі
  • Шет тілі
  • Математика
  • Бейнелеу өнері

Негізгі ой

Бұл сабақта оқушылар пернетақтаның құрылымын, негізгі пернелер топтарын және олардың қызметін түсініп, практикалық тапсырмалар арқылы қолдануды үйренеді.

Сабақтың барысы

  1. 1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. 2. Үй тапсырмасын тексеру: «Жасырылған жұмбақты таңда»
  3. 3. Үй тапсырмасын қорытындылау: «Компьютердің құрылғылары»
  4. 4. Жаңа сабақ: «Пернетақта»
  5. 5. Пернетақта және оның пернелерімен таныстыру
  6. 6. Пернелермен жұмыс: «Біздің сынып»
  7. 7. Ребус, сәйкестендіру және «Өзіңді тексер» (тест)
  8. 8. Жаңа сабақты қорытындылау: «Ой жинақтау»
  9. 9. Үй тапсырмасы
  10. 10. Бағалау

Ұйымдастыру кезеңі

А) Оқушыларды түгелдеу

Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру, назарын сабаққа шоғырландыру.

Б) Үй тапсырмасы

Тақырып: «Компьютердің құрылымы». Төмендегі сұрақтар арқылы білімді тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру: тест сұрақтары

Дұрыс жауаптар жұлдызшамен белгіленген.

1) Компьютердің негізгі құрылғыларын ата.

  • A) Монитор, пернетақта, жүйелік қорап Дұрыс
  • Ә) Принтер, сканер, тышқан
  • Б) Пернетақта, принтер, жүйелік қорап, монитор
  • В) Монитор, сканер, жүйелік қорап

2) Компьютерге ақпарат енгізу құрылғысы.

  • A) Монитор
  • Ә) Принтер
  • Б) Пернетақта Дұрыс
  • В) Жүйелік қорап

3) Компьютердің ақпарат шығаратын құрылғысы.

  • A) Монитор Дұрыс
  • Ә) Сканер
  • Б) Пернетақта
  • В) Жүйелік қорап

4) Компьютердің барлық құрылғылары қайда бекітілген?

  • A) Мониторға
  • Ә) Принтерге
  • Б) Пернетақтаға
  • В) Жүйелік қорапқа Дұрыс

5) Компьютер қандай құрылғы?

  • A) Тек қана жазу құрылғысы
  • Ә) Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрылғы Дұрыс
  • Б) Сурет салуға арналған құрылғы
  • В) Ойнауға арналған құрылғы

6) Ақпараттық процестер дегеніміз не?

  • A) Ақпарат алу
  • Ә) Ақпарат алу, сақтау, жеткізу Дұрыс
  • Б) Сурет салу
  • В) Ақпаратты жеткізу

7) Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі қандай?

  • A) Байт
  • Ә) Кбайт
  • Б) Бит Дұрыс
  • В) Мбайт

8) Ақпаратты немен өлшейміз?

  • A) мм, см, м, км
  • Ә) г, кг, тн
  • Б) Бит
  • В) Бит, байт, Кбайт, Мбайт, Гбайт Дұрыс

Келесі қадам

Жаңа тақырып

Пернетақта құрылымы және пернелердің қызметі.

Практика

Пернелермен жұмыс: мәтін теру және қарапайым жаттығулар.

Қайталау

Сәйкестендіру, ребус, қысқа тест арқылы бекіту.

Нәтиже

Оқушылар пернетақта пернелерін ажыратып, дұрыс қолданады.