Жылқы сүйеді баласын құлыным деп, Тұлпар болып жүгірер жұрыным
Сабақтың тақырыбы
Жылқы. Боз бие.
Сабақтың мақсаттары
Білімділігі
Жылқы малы мен оның ерекшеліктері туралы, сондай-ақ қымыздың жасалуы, түрлері және адам ағзасына пайдасы жөнінде мәлімет беру.
Дамытушылығы
Халықтық педагогика негіздерін пайдаланып, оқушының дүниетанымын кеңейту; танымдық қабілетін арттыру және дамыту.
Тәрбиелігі
Қазақ халқының ұлттық дәстүрі, салт-санасы мен тұрмыс-тіршілігін оқушы бойына сіңіру; елжандылыққа және отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың форматы
Әдісі
- Талдау
- Түйіндеу
- Пайымдау
Көрнекілігі
- Интербелсенді тақта
- Төрт түлік суреттері
- Қымыз және оны құятын ыдыс түрлері
Түрі
- Шығармашылық ізденіс сабағы
- Интегралды сабақ
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық тұрақтылық қалыптастыру.
Оқушылар орындарына жайғасқан соң, сабақтың бағытын таныту мақсатында барлығы хормен төмендегі шумақтарды айтады:
Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп, Ештеңені білмейтін «момыным» деп. Сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп, Қараңғыда баспаған «қорқағым» деп. Түйе сүйеді баласын «боташым» деп, Жаудыраған көзіңнен «тоташым» деп. Ешкі сүйеді баласын «лағым» деп, Тастан тасқа секірген «шұнағым» деп. Жылқы сүйеді баласын «құлыным» деп, Тұлпар болып жүгірер «жұрыным» деп.
II. Өткенді қайталау
«Миға шабуыл» арқылы білімді белсендіру.
Мультимедиядан төрт түлік малдың суреттері көрсетіледі. Әрқайсысының қасына төмендегідей мән-мағына беріледі:
- Түйе
- салтанат
- Сиыр
- қанағат
- Жылқы
- мақтан
- Қой
- қазына
Тапсырмалар
1) «Атасы» атауларын толықтырыңдар
- Жылқы атасы — …
- Сиыр атасы — …
- Түйе атасы — …
- Қой атасы — …
2) Төлді қалай шақырады?
- Жылқыны — …
- Сиырды — …
- Түйені — …
- Қойды — …
III. Жаңа сабақ
Жылқының табиғаты, атаулары және қымыз туралы түсінікті тереңдету.
1) Ой қозғау
Мультимедиядан жылқы малының суреті және төмендегі өлең жолдары көрсетіледі:
Қоғалы көлді жайлаған, Қыраулап оны жылқышы Қыл арқанмен байлаған. «Ер қанаты — өзің» деп, Ел қуанып айдаған Жылқы деген жануар!
Тапсырма: жылқы туралы өз ойларыңды нақты үш сөйлеммен жазыңдар немесе ауызша айтыңдар.
2) Мағынаны ашу (түйіндеме)
- Жылқы түрі
- Бие, ат, сәурік, айғыр
- Пірі
- Қамбар ата
- Тобы
- Үйір
- Төлі
- Құлын
- Дыбысталуы
- Кісінейді
- Өнімі
- Қымыз
Жүрісі
Аяң, жорға, жортақ, бүлкек, бөкен, желіс, сар желіс, текірек, шоқыту, шабыс
Түсі
Торы, күрең, жирен, шабдар, ақбоз, боз, көк, шұбар, теңбіл, құла
Байлау құралы
Ноқта
Жауы
Бөгелек
Таңдаулы атаулар
Жорға, сужорға, дүлдүл, тұлпар, қазанат, сәйгүлік, арғымақ.
Жылқының өсу кезеңдері
-
Құлын
Жылқы төлі
-
Жабағы
Бір жасқа дейінгі төл
-
Тай
Екі жасар жылқы
-
Құнан
Үш жасар жылқы
-
Дөнен
Төрт жасар жылқы
-
Бесті
Бес жастағы жылқы