Уатқан бізде баба тіл

Исина Сара Қартабайқызы, №3 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі

Ана тілім – ата-бабам мұрасы

Ана тілі — ұлттың жаны, халықтың ғасырлар бойғы аманаты. Оны қадірлеу, дамыту және келер ұрпаққа таза күйінде жеткізу — әр азаматтың борышы.

Мақсаты

  • Ана тіліміздің байлығын терең меңгеріп, оны әрі қарай байытуға ынталандыру.
  • Тілге сүйіспеншілік пен құрметті қалыптастыру, тілді қастерлеудің әрқайсымыздың бойымызда болуы қажеттігін түсіндіру.
  • Адамның ана тілін білуі — парыз екенін ұғындыру және өз тілін дамытуға жауапкершілік сезімін ояту.

Көрнекіліктер

Қабырға газеті Альбом Кітап көрмесі Ұлттық ойындар

Жүргізушілердің сөзі

1-жүргізуші

Ата-анамыз әлдилеп,
Уатқан бізде баба тіл.
Сол туған тіл атауы —
Ежелгі біздің қазақ тіл.

2-жүргізуші

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін — не бардың...
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, баба тілі, сен қалдың!

Оқушылардың ой-түйіндері

«Өз ана тіліңді қадір тұтпай тұрып, ел-жұртыңды сүйе алмайсың.»

К. Г. Паустовский

«Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ сияқты.»

Ғ. Мұстафин

«Сөзі жоғалған халықтың өзі жоғалады.»

А. Байтұрсынов

«Әр халықтың ана тілі — білімнің кілті. Біздің жастарымыз ана тілінде жетік, білімді, мәдениетті болсын.»

А. Жұбанов

«Қазақ тілі — бай тіл, оралымды, ырғақты; теңеу-бейнелеулері ерте туған тіл. Поэзияда Абай, Ілияс сияқты, прозада Мұхтар сияқты алыптар туғызған тіл. Сондықтан тілімізді таза ұстайық.»

Ғ. Мүсірепов

Тіл туралы мақал-мәтелдер

Өнер алды — қызыл тіл.

Ең тәтті де — тіл.
Ең ащы да — тіл.
Ең қатты да — тіл.
Ең жұмсақ та — тіл.

Өтірік өлеңдер айту

Қазақ халқы баланың дұрыс сөйлеуіне ерекше мән берген. Өтірік өлең айтқызу арқылы баланың сөйлеу қабілетін дамытып, өтірік пен шындықты ажырата білуге үйреткен.

Айттым да өтірік өлең, жұртқа жақтым,
Қой қылып құмырсқаны жаздай бақтым.
Айғырын шегірткенің ұстап міндім,
Адыр, адыр қойтасты түлкі қылдым.
Мен өзім жас күнімде тырна бақтым,
Тырнамды семірсін деп қырда бақтым.
Байлықтың бас-аяғын түгендеуге,
Лезде итке мініп ап үш жыл бақтым.

Жаңылтпаш айту

Айта, айта жақ талды,
Қайта, қайта жатталды.
Қайта, қайта жақ талды,
Айта, айта жатталды.

Оқуға салақтар —
Тек кітап парақтар.
Сабақта алақтар,
Далада далақтар.

Жұмбақтар

Аппақ дала, қара дән, сепкен дәні үсінуге жараған.

Жауабы: Әріптер.

Мен — ақ қалам, ақ қалам, жазған сайын жоқ болам.

Жауабы: Бор.

Үйреткен ілімді, қырық екі білімді.

Жауабы: Алфавит.

Қорытынды

Ана тілі — ата-бабадан қалған асыл мұра. Оны құрметтеу — өзіңді құрметтеу, ал оны дамыту — келешекке жасалған жауапты қадам. Тілімізді қадірлеп, көркейтіп, күнделікті өмірде таза әрі сауатты қолданайық.