Саяхат Әжей ауылы

Сабақтың тақырыбы

Ою-өрнек түрлері. Ою элементтерімен танысу және шығу тарихы.

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыларға ою-өрнек туралы білім беру, оюдың түрлерін және шығу тарихын түсіндіру. Қазақтың ұлттық ою-өрнегі мен халық өнерін таныстырып, оны қастерлеуге тәрбиелеу; ою оюды үйрету, өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

  • Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту; қыз балаларды әсемдікке, сұлулыққа баулу, талғамын арттыру.

  • Сабаққа қызығушылық пен ынтаны күшейту; шапшаңдыққа, өз бетінше еңбек етуге, ежелгі салт-дәстүрді қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс

Сызу, бейнелеу, математика, қазақ әдебиеті, тарих.

Көрнекіліктер

Ою-өрнек түрлері, тұрмыстық бұйымдар, буклеттер, мақал-мәтелдер, тірек-сызбалар, жұмбақтар, журналдар.

Сабақтың барысы

  1. I

    Ұйымдастыру бөлімі.

  2. II

    Үй тапсырмасын тексеру.

  3. III

    Жаңа сабақ бөлімі:

    • Кіріспе.

    • Саяхат: «Әжей ауылы».

    • Саяхат: «Ғұлама ата ауылы».

    • «Ою-хан» ертегісі (суретті жұмбақ).

    • Сабақты бекіту.

    • Үйге тапсырма.

    • Сарамандық жұмыс.

    • Қорытындылау.

    • Бағалау.

Кіріспе: Ою-өрнектің шығу тарихы

Адамдар ертеден-ақ өздерін қоршаған дүниені тасқа бейнелеп, кейін бұл суреттерді киім-кешекке, тұрмыста қолданылатын бұйымдарға түсіре бастаған. Осылайша ою-өрнек біртіндеп пайда болды.

Қазақ халқының тіршілігінде ою-өрнектің орны ерекше. Ол ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, дамып келе жатқан бірегей өнер. Шеберлер ою-өрнектің тілін, сырын, тарихын терең түсінген. Ата-бабадан қалған ою-өрнекті — мәдени шежіремізді — сақтап, барынша ұлықтау біздің парызымыз.

Әбілхан Қастеевтің ой-түйіні

«Таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан,
Анамның киізінен,
Ешкінің мүйізінен…»

Бұл жауап табиғаттың өзі — шынайы өнер, ал біз сол өнерден үлгі ала білуіміз керек деген астарлы ойды білдіреді.

Ою-өрнектің негізгі топтары

Өсімдік типтес

Гүлі, сабағы, жапырағы.

Зооморфтық

Жануар, аң, құс, балық.

Космологиялық

Дөңгелек, ирек, шимай, торкөз.

Ою-өрнектің атауы да, түрі де өте көп. Ғалымдар бүгінге дейін 200-ге жуық түрін анықтаған. Солардың ішінде ең кең таралғаны — мүйіз тектес оюлар.

Саяхат: «Әжей ауылы»

«Өнер — таусылмас азық, жұтамас байлық» дейді халық. Қазақтың қолөнері — ғасырлардан қалған асыл қазына. Сол қазынаның бірі — ою-өрнек. Оны жоғалтпай, әрі қарай жалғастыру — бәріміздің міндетіміз.

«Қарты бар үйдің қазынасы бар» дегендей, ертеде халқымыз тұтынған көптеген бұйымын оюмен әшекейлеп, безендірген. Бүгін біз «Әжей ауылы» арқылы осы өнердің мәнін тереңірек танимыз.

Еңбек пен қолөнер туралы өлең жолдары

1) Саусақтары майысып,
Түрлі ою ойысып,
Шебер болар ма екенсің!

2) Қазағымның оюын,
Біз де іздеп қарайық.
Ою менен өрнектің
Әдемісін табайық.

3) Ғасырлық салт-дәстүрді,
Халқым жалғап келеді.
Бұғы мүйіз оюы сәніменен
Ұрпақтарға көз тартып жетеді.

4) Көрші әжей өнерлі,
Барып тұтам шеберді.
Құрмет тұтам шеберді,
Ою-өрнек үйренем.

5) Әжей кесте тігеді,
Ойып түрлі оюды.
Өрнегімен жібереді,
Шарықтатып өнерді.

6) Оюларға сүйсініп,
Қайран қалып тұрасың.
Көре білсең, түсініп,
Одан көп сыр ұғасың.

Саяхат: «Ғұлама ата ауылы»

«Ауылыңда қартың болса, жазып қалған хатпен тең!» — даналық сөз. Енді мақал-мәтелдер арқылы ойымызды бекітеміз.

Өнерлі елден өнерлі бала туады.

Өнерлі баланың он саусағы тең, өнерсіз баланың бір саусағы кем.

Қыз еркем — кестесімен көркем,

Ұл еркем — өнерімен көркем.

Алтын балдақ — қол сәні,

Әшекей кесте — тән сәні.

Балаң өнерлі болсын десең,

Ұстаға қос.

«Ою-хан» ертегісі: суретті жұмбақ

Енді «Ою-хан» еліне сапар шегеміз: ертегі айтылады, сурет бойынша талқылау жүргізіледі.

Бұл бөлім оқушылардың қиялын оятып, ою-өрнектің мазмұны мен символдық мағынасын түсінуге бағытталады.

Білімді бекіту: тест сұрақтары

  1. 1) Ұлттық оюлар:

    а) айшық    б) өркеш    в) қошқармүйіз

  2. 2) Ою-өрнектің неше түрі бар?

    а) 200    б) 300    в) 400

  3. 3) Гүл оюы нені бейнелейді?

    а) бейбітшілік    б) қуаныш    в) тоқшылық

  4. 4) Аспан әлеміне байланысты ою-өрнек:

    а) айшық    б) балта    в) көбелек

  5. 5) Құстарға байланысты өрнектер:

    а) жұлдыз    б) қазтабан    в) айшық

  6. 6) Геометриялық оюды тап:

    а) қошқармүйіз    б) гүл    в) сүйір

  7. 7) Ертеде ою-өрнекті матаға түсіру үшін қандай тәсілді қолданған?

    а) қарындаш    б) уыз    в) бор

  8. 8) «… аузынан шөп алмайтын момын» теңеуі қай түлікке арналған ою-өрнекте кездеседі?

    а) итқұйрық    б) сынық мүйіз    в) қошқармүйіз

Үйге тапсырма

  • Ою түрлерінен буклет жасау.

«Өткенді еске алып, ойға төсем,
Сұрыптап тезге салып, көп ойланам,
Қолыма қайшы алып, ою оям…»

— Бауыржан Момышұлы

Сарамандық жұмыс

Тақырыбы: Ою-өрнек эскизін сызу және қию

  1. 1

    Сабаққа қажетті құралдарды дайындау.

  2. 2

    Техникалық қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.

  3. 3

    Қағазды үш бүктеп, ою қию.

  4. 4

    Қошқармүйіз өрнегінің толық және жартылай үлгісін көрсету.

  5. 5

    Түрлі-түсті қағазға қошқармүйіздің жарты үлгісін жылдам эскиздеп, қайшымен қиып көрсету.

  6. 6

    Алынған оюды басқа түсті қағазға жапсырып, дайын үлгіні көрсету.

Қорытынды ой: өлеңнен үзінді

Түрін-ай текеметтің, асыл қандай!
Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай.
Келе ғой, қошақаным, өзіме деп,
Әжем кеп сипағандай шашымнан жай.

Күйімді кешсеңдер-ау сол беттегі,
Тұрғандай ана көңіл тербеп мені.
Жан бітіп жайраңдады жан-жағымда
Қазақтың қошқармүйіз өрнектері.

— Ф. Оңғарсынова

Осы өлең жолдарымен сабағымызды түйіндейміз: ою-өрнек — тек әшекей емес, халықтың жады, мәдениетінің өрнекті тілі.

Бағалау

Оқушылардың жауаптары, тест нәтижелері және сарамандық жұмыстағы ұқыптылығы мен шығармашылық шешімдері негізінде бағаланады.