Қайтып келген құстар сайрауда
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Білім саласы
Шығармашылық
Іс-әрекет түрі
Жапсыру
Тақырыбы
«Түймедақтар әлемі»
Мақсаты
- Балаларды көктем көрінісін бейнелей білуге үйрету.
- Қайшымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
- Табиғат тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту.
- Қоршаған адамдарға қуаныш сыйлай білуге, қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар
Сабақ барысы
Жылы сөз бен тілек арқылы бастау
Тәрбиеші балаларға гүл ұсынып, оны бір-біріне сыйлауды, жылы сөз айтып, ізгі тілек білдіруді ұсынады. Гүл шоқтары бірте-бірте көбейіп, соңында тәрбиешінің қолына бір құшақ «тілек шоғы» болып оралады.
Негізгі ой: өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасасаң, ол өзіңе қайтып оралады.
Балалар бір-біріне гүл беріп, жылы сөздер айтады.
Көктем туралы өлең
Көктемде, көктемде, Күн нұрын төккенде, Көк шыбық былтырғы Көгерді, құлпырды.
Сұрақ
Қай жыл мезгіліне арналған өлең?
Жауап: Көктем мезгіліне.
Көзді жұмып елестету: көктем көрінісі
Тәрбиеші балалардан көздерін жұмып, көктемді көз алдына елестетуді сұрайды: жып-жылы жел еседі, қар еріп суға айналады, су топыраққа сіңіп, жер жұмсарады. Жер бетін жасыл шөп басады, қылтиып бәйшешек шыға бастайды.
Балалар құстарға ұя жасап, ағаш бұтақтарына іледі. Қайтып келген құстар сайрайды. Мал-жан күн көзіне шығып, шуаққа қыздырынады.
Қорытынды сұрақ: Сонымен бұл қай жыл мезгілі? Жауап: Көктем мезгілі.
Гүлдер туралы әңгіме
Сұрақ
Балалар, мына жерде нені көріп тұрсыңдар?
Жауап: Гүлдерді, өсімдіктерді көріп тұрмыз.
Сұрақ
Бәріміз гүлдерді жақсы көреміз бе?
Жауап: Иә, жақсы көреміз.
Балалар балабақшаға келгенде таңертең гүлдерді суарады, жапырақтарының шаңын сүртеді. Ал кешкісін үйге қайтар кезде гүлдерге ауа жақсы жетуі үшін топырағын қопсытады.
Тәрбиеші гүлдердің тірі табиғатқа жататынын түсіндіреді.
Сұрақ
Гүлдермен тағы не істеуге болады?
Жауап: Гүлдермен сырласуға болады.
Сұрақ
Гүлдер адамдарға не сыйлайды?
Жауап: Қуаныш сыйлайды.
Күтпеген сәт
Осы кезде есік қағылады. Қонаққа қуыршақ келеді.