Батыс Еуропаның дамыған мемлекеттерін ата

Сабақтың тақырыбы

Шығыс Еуропа елдері

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Шығыс Еуропа елдерінің географиялық орны мен құрамына жалпы шолу жасау; табиғат жағдайлары мен ресурстарын сипаттау.

Тәрбиелік

Шығыс Еуропа елдерінің экономикалық-географиялық және геосаяси жағдайымен таныстыра отырып, өз Отанының өркендеуіне үлес қосуға тәрбиелеу.

Дамытушылық

Шығыс Еуропа елдерінің геосаяси жағдайын меңгерту, ой қорыту және салыстыру дағдыларын дамыту.

Көрнекі құралдар

  • Шығыс Еуропа елдерінің физикалық және экономикалық картасы
  • Кеспе қағаздар

Сабақтың ұйымдастырылуы

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ассоциация әдісі, графикалық диктант

Түрі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгелдеу
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын сұрау

Формат: сұрақ-жауап

  1. Батыс Еуропа елдеріне қандай мемлекеттер кіреді?
  2. Батыс Еуропаның дамыған мемлекеттерін ата.
  3. Еуропада басым көпшілік қай тілдерді қолданады?
  4. Неліктен Еуропаның теңізге жақын елдері қарқынды дамыған?
  5. Еуропадағы ең жетекші саланы ата.
  6. Батыс Еуропаның ергежейлі елдерін ата.
  7. Еуропаның жалпы ішкі өнімінің үлесі қай саланың дамуымен байланысты артып отыр?
  8. Қаржы орталықтарымен және станок-сағат өндірісімен танылған мемлекет қайсы?
  9. Батыс Еуропада ұлттың қартаюы проблемасы байқалады. Неліктен?
  10. Батыс Еуропада индустрияландыру кезеңіне жаңадан қадам басқан елдерді ата.

Графикалық диктант

Тұжырымдардың дұрыстығын белгілеу

  • 1) Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдеріне 20 мемлекет кіреді.
  • 2) Швейцарияда 620 банк бар.
  • 3) Нидерландының астанасы – Мадрид.
  • 4) Нидерландының заң шығарушы органы парламент емес.
  • 5) Солтүстік Еуропада ер адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы 77 жас.
  • 6) Испанияда қытай ұлтының өкілдері мекендейді.
  • 7) Норвегия флотында 632 кеме бар.
  • 8) Испанияда өсімдік шаруашылығы 53% дамыған.
  • 9) Испанияда сыртқы экономикалық байланыстар дамымаған.
  • 10) Испанияға жыл сайын 58 млн-нан астам турист келеді.

III. Жаңа сабақ

Жоспар

  1. 1 Шығыс Еуропаның экономикалық-географиялық және геосаяси жағдайы
  2. 2 Табиғат жағдайлары мен ресурстары
  3. 3 Халқы, шаруашылығы, сыртқы экономикалық байланыстары
  4. 4 Өнеркәсібі

Негізгі ой

Шығыс Еуропа елдері ХХ ғасырда тарихи-әлеуметтік және экономикалық даму жағдайларының ортақтығымен ерекшеленеді. Аймақтың саяси картасының қалыптасуына, негізінен, ХХ ғасырдағы оқиғалар, әсіресе Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңдегі саяси өзгерістер ықпал етті.

Тарихи алғышарт

1945 жылы Югославияда монархиялық билік құлатылып, алты республикадан тұратын Югославия федерациялық республикасы жарияланды.

Географиялық орналасуы

Шығыс Еуропа елдері Балтық, Адриат және Қара теңіздері аралығындағы біртұтас аумақтық бөлікті алып жатыр. Аймақтың бес елі арқылы Дунай өзені ағып өтеді. Бұл өзен Венгрия мен Словакияның мұхитқа шығу мүмкіндігін арттырады және халықаралық көлік байланыстарында маңызды рөл атқарады.