Оңтүстік Қазақстан 711 мың шаршы шақырым

Сабақтың тақырыбы

Оңтүстік Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайының (ЭГЖ) ерекшеліктері, табиғат жағдайы мен ресурстары және халқы.

Білімділік мақсаты

Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының ЭГЖ-і, табиғат ресурстары, халқы және көлік кешені туралы қосымша деректерді карта мен оқулық мәтіні арқылы меңгерту, оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты

Оқулықтағы сурет, сызба-схема, атлас және кестелерді пайдалану, қосымша деректермен тест орындау арқылы өз бетімен ізденуін дамыту; оқушының ойлауын, сөйлеу қабілетін, пәнге қызығушылығын және әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты

Оқушыларды отансүйгіштікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу; экономикалық ауданның өзіндік ерекшелігін танытып, табиғатының әсемдігін бағалауға, оны қорғап, аялай білуге баулу.

Сабақтың ұйымдастырылуы

Көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Карта
  • Сызба-схемалар
  • Кестелер (қосымша материалдар)
  • Арнайы дайындалған слайдтар

Түрі, әдісі және байланысы

Сабақтың типі
Жаңа білімді өзектендіру.
Сабақтың әдісі
Түсіндіру, тірек-сызбаны пайдалану, сұрақ-жауап, баяндау, топтық жұмыс.
Пәнаралық байланыс
Химия, экология, тарих.

Сабақтың құрылымы

Негізгі кезеңдер

  1. I Ұйымдастыру кезеңі
  2. II Үй тапсырмасын сұрау
  3. III Өткен сабақты бекіту
  4. IV Жаңа сабақ
  5. V Жаңа сабақты бекіту
  6. VI Үйге тапсырма
  7. VII Рефлексия
  8. VIII Бағалау

Үй тапсырмасын сұрау: стратегиялар

A) «Миға шабуыл»

Тест тапсырмалары арқылы.

Ә) «Ой шақыру»

Деңгейлік тапсырмалар арқылы.

Жаңа сабақты бекіту (V кезең)

  • «Көп ізденсең, көп білерсің» (шығармашылық ізденіс)
  • Деңгейлік тапсырмалар
  • «Ізденген жетер мұратқа» (тест)

Күтілетін нәтижелер

Оқушылар нені білуі керек

  1. Оңтүстік экономикалық аймақтың мамандану салаларын.
  2. Оңтүстік экономикалық аймақтағы минералды-шикізат ресурстарын.
  3. Оңтүстік экономикалық аймақтың Қазақстан аумақтары арасындағы өндірістік байланыстарды дамытудағы рөлін.
  4. Оңтүстік экономикалық аймақтың қазіргі даму проблемаларын.

Оқушылар нені меңгеруі керек

  1. Пайдалы қазба кен орындарын картадан көрсете білу.
  2. Оңтүстік экономикалық аймақтың Қазақстан экономикасындағы орны мен рөлін түсіндіру.
  3. Картадан басқа экономикалық аймақтармен байланыс орнататын теміржол және автомобиль жолдарын, сондай-ақ орман және ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп кәсіпорындарының орналасуын көрсете білу.

I кезең: Ұйымдастыру

  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • Оқушыларды түгендеу.
  • Назарларын сабаққа аудару.

II кезең: Үй тапсырмасы

A) «Миға шабуыл» стратегиялық тест

1. Түсті металлургия салаларынан қайсысы жақсы дамыған?

  • A) Боксит
  • Б) Алтын
  • В) Вольфрам

2. Негізгі маманданған шаруашылық саласы қайсы?

  • A) Күріш
  • Б) Жаздық бидай
  • В) Күнбағыс

3. Ақмолаға «Астана» атауы қашан берілді?

  • A) 1992 жыл
  • Б) 1997 жыл
  • В) 1998 жыл

4. «Республиканың солтүстік қақпасы» деп қай қаланы атаған?

  • A) Қостанай
  • Б) Павлодар
  • В) Петропавл

5. Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстанда қанша қала бар?

  • A) 45 қала
  • Б) 24 қала
  • В) 32 қала

6. Трактор зауыты қай қалада орналасқан?

  • A) Павлодар
  • Б) Қостанай
  • В) Көкшетау

7. Солтүстік Қазақстанмен шектесетін мемлекет қайсы?

  • A) Қытай
  • Б) Ресей
  • В) Моңғолия

Дұрыс жауаптар

1 — A, 2 — Б, 3 — В, 4 — В, 5 — Б, 6 — A, 7 — Б.

Ә) «Ой шақыру» деңгейлік тапсырмалар

A. Ривин мен В. Дьяченко технологиясын қолдана отырып, интерактивті тақтада Қазақстанның кескін картасы көрсетіледі. Оқушылар карта бойынша тапсырмаларды орындайды.

1) Кескін картаға Қазақстанның экономикалық аудандарын орналастыр.

2) Солтүстік Қазақстан құрамына кіретін облыстарды, олардың халық саны мен жер көлемін картаға белгіле.

3) Экономикалық аудандарды аумағы бойынша топтастыр.

Экономикалық аудан Аумағы
1 Батыс Қазақстан 736 мың км²
2 Оңтүстік Қазақстан 711 мың км²
3 Солтүстік Қазақстан 565 мың км²
4 Орталық Қазақстан 428 мың км²
5 Шығыс Қазақстан 283 мың км²

III кезең: Өткен сабақты бекіту

Бұл бөлімде алдыңғы тақырып бойынша негізгі ұғымдар қайталанып, оқушылардың түсіну деңгейі сұрақ-жауап және қысқа тапсырмалар арқылы тексеріледі.