Сабаққа әзірлігі Ыстық алақан жаттығуы
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пәні
Қазақ тілі (3-сынып)
Сабақтың тақырыбы
Бастауыш
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Әдісі
Сұрақ-жауап
Сабақтың мақсаты
- Оқушыларға бастауыш туралы түсінік қалыптастыру және сөйлем ішінен таба білуге үйрету.
- Байланыстырып сөйлеу дағдысын және сөздік қорын дамыту.
- Шыншылдыққа, көркем жазуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгелдеу.
- Сабаққа дайындығын тексеру.
«Ыстық алақан» жаттығуы
Көршіңе бұрылып, алақандарыңды түйістіріңдер. Бір-біріңе жүректеріңнің жылуын беріңдер.
2) Үй тапсырмасын пысықтау
Сұрақтар
- Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
- Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?
Тапсырма
«Айдана жазды. Олар шықты. Сиыр ішті.» сөйлемдеріне сөздер қосып, сөйлем мүшелерінің санын көбейтіп жаз.
3) Жаңа сабақ
Түсіндіру
Қимыл-қозғалыс, іс-әрекет иесін білдіретін сөзді бастауыш дейді. Бастауыш кім? кімдер? не? нелер? кімі? несі? сұрақтарына жауап береді.
Мысалдар
- Жәния дайындалды.
- Боран соқты.
- Ауылдан әкесі келді.
Дәптермен жұмыс
Дәптерлеріңді ашып, күн ретін жазыңдар.
4) Тақтамен жұмыс және жаттығулар
22-жаттығу
Сөйлемдерді көшіріп жаз.
- Жел соқты.
- Бұлт қоюланды.
- Жаңбыр себеледі.
- Оқушы оқыды.
- Малшы бақты.
Қарамен жазылған сөздердің астын сыз. Оларға сұрақ қой.
23-жаттығу
Сөйлемдерді оқып, көшіріп жаз.
- Мұғалім түсіндірді.
- Лақ маңырады.
- Мұз қатты.
- Күн шықты.
- Сәкен оқыды.
Қимыл иесін білдіретін сөздердің астын сыз. Оларға сұрақ қой.
Шығармашылық тапсырма
Адасқан бастауыштарды өз орнына қойып жаз. «Не қалай дыбыстайды?»
| Жануар | Дыбыстауы |
|---|---|
| Арыстан | ақырады |
| Түйе | боздайды |
| Жылқы | кісінейді |
| Қой | маңырайды |
| Сиыр | мөңірейді |
Ескерту: Жауаптарды өз нұсқаңмен реттеп жазып шық.
25-жаттығу
Өлеңді көшіріп жаз. Бастауышты тауып, астын сыз.
Төсегіне күн жатты,
Жердің бетін түн жапты.
Маужырады шың-құздар,
Көзін ашты жұлдыздар.
Жылқы жусап далада,
Қой ұйықтады қорада.
5) Сергіту сәті
«Кім? Не?» сұрақтарына жауап беретін сөздерді пайдаланып, қатарлар бойынша жарыс ұйымдастыр.
6) Бекіту
26-жаттығу
«Адасқан сөздер» ойынын ойнай отырып, жаттығуды орында.
- Арыстан — боздайды
- Түйе — мөңірейді
- Жылқы — ақырады
- Қой — кісінейді
- Сиыр — маңырайды
28-жаттығу
Сурет бойынша әңгіме құрастыр. Жазған сөйлемдеріңнен бастауышты тап.
Бағдар:
- Суреттегі кейіпкерлерді ата.
- Олардың іс-әрекетін сипатта.
- Әр сөйлемнен бастауышты белгіле.
7) Үй тапсырмасы
- Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
- Ережені жаттау.
8) Қорытынды
Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар мадақталып, бағаланады.