Щелкунчик мультфильмнен үзінді - видео бейне
Сабақтың тақырыбы
Петр Ильич Чайковский
Сабақтың типі
Дәстүрлі сабақ
Пәнаралық байланыс
Әдебиет, музыка әдебиеті
Көрнекіліктер
- П. И. Чайковскийдің суреті
- Композитордың балет-операларынан иллюстрациялар
- «Аққу көлі», «Щелкунчик» бейнематериалдарынан үзінділер
- Интерактивті тақта, үнтаспа, электронды пианино (Yamaha)
Мақсаты мен міндеттері
Негізгі мақсат
- 1.Оқушыларды П. И. Чайковскийдің өнері мен шығармашылығымен таныстыру.
- 2.Оқушылардың вокалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
- 3.Музыка сабағына және жалпы мәдениетке сүйіспеншілік тәрбиелеу.
Бағыттары
-
Білімділік
Өнердің қайнар көзі халықта екенін ұғындыру, музыка сауатын ашу.
-
Тәрбиелілік
Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу; танымын кеңейтіп, ой-өрісін дамыту.
-
Дамытушылық
Сын тұрғысынан ойлауға, өз ойын жүйелі жеткізуге, өздігінен білім алуға және топта жұмыс істеуге дағдыландыру.
Музыкалық материал
- «Щелкунчик» мультфильмінен үзінді (бейне)
- «Аққу көлі» балетінен «Кішкентай аққулар биі» (бейне)
- «Жыл мезгілдері»: «Бозторғай әні» (тыңдату)
- Б. Бейсенова — «Жаса мәңгі Қазақстан» (орындау)
- Б. Бейсенова — «Наурыз келді» (тыңдау, үйрету)
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
- Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.
2) Қызығушылықты ояту (сұрақ–жауап)
- 1. 1685–1750 жылдары өмір сүрген композитор кім? (И. С. Бах)
- 2. Ең алғашқы симфониясын 8 жасында жазған композитор кім? (В. А. Моцарт)
- 3. «Фиделио» операсы мен «Эгмонт» драмасының авторы кім? (Л. Бетховен)
Оқушыларға П. И. Чайковскийдің «Щелкунчик» балетіне негізделген мультфильмінен үзінді көрсетіледі.
3) Ой шақыру (стратегия)
- Бұл қай мультфильм деп ойлайсыңдар?
- Оқиға кім туралы?
- Мультфильмге музыканы кім жазды деп ойлайсыңдар?
Қорытынды: бұл — «Щелкунчик» мультфильмі, ал музыкасының авторы — П. И. Чайковский. Бүгінгі сабақта Ресейдің ұлы композиторы әрі дирижері Петр Ильич Чайковскийдің өмірі мен шығармашылығымен танысамыз.
4) Мағынаны тану: П. И. Чайковский туралы
Петр Ильич Чайковский — дирижер, педагог, дүниежүзілік классикалық музыканың аса ірі өкілі. Ол — музыка әлемінде өз орны бар дара дарын, ұлы орыс композиторы.
Композитор 1840 жылы Ресейдің Воткинск қаласында дүниеге келген. Музыкалық қабілеті ерте байқалып, 5 жасында фортепианода ойнай бастайды, ал 3 жылдан кейін нота оқып, шағын шығармаларын жазуға кіріседі. Кейін Мәскеу консерваториясына түсіп, оны үздік аяқтайды.
Шығармашылығының ерекшелігі
Чайковский музыкасына әсемдік, нәзік лирика, терең сезім мен қайталанбас көркемдік тән. Ол симфониялар, опералар, фортепианолық шығармалар және балеттер жазды.
Опералар
- «Ұста Вакула»
- «Евгений Онегин»
- «Пиковая дама»
Балеттер
- «Аққу көлі»
- «Ұйқыдағы ару»
- «Щелкунчик»
Жинақтар
- «Балалар альбомы»
- «Жыл мезгілдері»
Оның музыкалық туындылары дүние жүзіне кеңінен тарап, халықтың рухани игілігіне айналды. Чайковскийді әлем халқы, әсіресе, балет музыкасына ең үздік шығармалар жазған композитор ретінде таниды.
5) Музыкалық ұғым: балет
Балет (франц. ballet) — сахналық өнердің бір түрі. Онда мазмұн музыка мен хореография арқылы ашылады: ой мен жан күйі қимыл-қозғалыс, би пластикасы арқылы бейнеленеді.
Көрсетілім: «Щелкунчик» балетінен би үзіндісі (Николай Цискаридзе), сондай-ақ «Аққу көлі» балетінен «Кішкентай аққулар биі».
Талқылау сұрақтары
- Шығарма қай оркестрге арнап жазылған? (Симфониялық)
- Музыка әуеніне қандай қимыл жасауға болады? (Би қимылдары)
- Қандай аспаптардың үнін естідіңдер? (Скрипка, виолончель, флейта)
- Бұл шығарма қандай музыкаға жатады? (Классикалық)
Назар аударатын тұстар
- Оркестр тембрлері мен динамикасы
- Музыканың екпіні мен көңіл күйі
- Әуен мен қозғалыстың байланысы
6) «Жыл мезгілдері»: 12 пьесадан тұратын цикл
Композитордың танымал туындыларының бірі — «Жыл мезгілдері» циклі. Бұл жинақ 12 пьесадан тұрады: әрқайсысы белгілі бір айдың табиғатын және сол мезеттен туатын адамның көңіл күйін суреттейді.
Қаңтар
«Камин жанында»
Ақпан
«Масленица»
Наурыз
«Бозторғай әні»
Сәуір
«Бәйшешек»
Мамыр
«Ақ түндер»
Маусым
«Баркарола (Балықшы әні)»
Шілде
«Шалғышының әні»
Тамыз
«Егін ору»
Қыркүйек
«Аңшылық»
Қазан
«Күз әні»
Қараша
«Үш ат жеккен шана үстінде»
Желтоқсан
«Святки» (діни мереке)
Тыңдалым
«Жыл мезгілдері» циклінен «Бозторғай әні» үзіндісі тыңдатылады.
7) Вокалдық жұмыс
Дауыс жаттығуы
До мажор гаммасы.
Орындау
Б. Бейсенова — «Жаса мәңгі Қазақстан».
Ән үйрету: «Наурыз келді»
- 1.Әннің екпініне және мазмұнына мән беру.
- 2.Музыкалық сауаттылық: балет, опера ұғымдарын бекіту.
- 3.Әнді бірігіп айту, дұрыс дыбыстау мен тыныс алуды қадағалау.
8) Шығармашылық жұмыс
Өлшемдерге байланысты есептердің шешімін табу: өлшемдерді қосу арқылы тапсырмалар орындау.
9) Толғаныс: семантикалық карта
Оқушылар шығармаларды жанры, орындаушы/тыңдаушыға арналуы, оркестр түрі және екпіні бойынша салыстырып, кестені толтырады.
| Шығарма | Жанры | Кімге арналған | Қандай оркестрге арналған | Екпіні |
|---|---|---|---|---|
| «Аққу көлі» | — | — | — | — |
| «Щелкунчик» | — | — | — | — |
| «Жыл мезгілдері» | — | — | — | — |
| «Евгений Онегин» | — | — | — | — |
Бекіту сұрақтары
- 1.Чайковский қай елдің композиторы?
- 2.Бүгін қандай шығармаларды тыңдадық?
- 3.Балет дегеніміз не?
- 4.Опера дегеніміз не?
Үй тапсырмасы
- 1.«Наурыз келді» әнін жаттау.
- 2.Өзіңе ұнаған шығармаға сурет салу.
- 3.«Балет», «опера» сөздеріне бес жолды өлең құрастыру.