Іс қағаздарының құрылымдық - тілдік ерекшеліктеріМақсаты

Қызығушылықты ояту

Оқушылар топтарда жұмыс істей отырып, іс қағаздарының түрлерін және олардың тілдік-құрылымдық ерекшеліктерін ажыратады. Негізгі назар — ресми құжаттардың ықшам, нақты әрі бірізді жазылу талаптарына аударылады.

1) Мекеме мен ұйым жұмысына қатысты құжаттар

Бұл бағытта мекеме, ұйым қызметіне тікелей қатысты құжаттардың жазылуы мен құрылымдық үлгілері қарастырылады:

  • келісімшарт
  • бұйрық
  • хаттама
  • анықтама
  • жарнама
  • хабарландыру

2) Жеке адам өміріне қатысты құжаттар

Жеке тұлғаның өмірі мен қызметіне байланысты құжаттар тілдік норма, дәлдік және ресмилік талаптары сақтала отырып рәсімделеді. Мысалдар:

Негізгі түрлері

  • өмірбаян
  • өтініш
  • арыз
  • түсініктеме
  • сенімхат
  • қолхат

Хат және оның түрлері

  • ресми хат
  • қызметтік хат
  • жеке хат
  • ұсыныс хаты
  • сұраныс хаты
  • шағым хаты
  • жолдама хат

Қысқа хабар түрлері

Қысқа әрі нақты ақпарат жеткізуге арналған құжаттардың жазылу үлгілері:

  • жеделхат (телеграмма)
  • телефонограмма
  • күнделік
  • өмір дастаны (өмірбаяндық жазба)

Іс қағаздарының түрлері

Іс қағаздары түрлі салада қолданылады және мазмұнына қарай әртүрлі үлгіде рәсімделеді. Төменде кең тараған түрлері берілген:

  • өмірбаян
  • түйіндеме
  • жеке іс парағы
  • визит карточкасы
  • өтініш
  • хабарлама
  • арыз
  • бұйрық
  • мінездеме
  • кепілдеме
  • кеден мағлұмдамасы
  • хаттама
  • жеделхат
  • жарнама
  • хабарландыру

Іс қағаздарының қызметтері

  • Жеке тұлғалар арасындағы қатынасты реттейді.
  • Жеке адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттейді.
  • Әртүрлі мекеме мен ұйымдардың өзара байланысын реттейді.
  • Мекеме, ұйым жұмысының ұйымдастыру тәртібін негіздейді.
  • Жеке адам мен қоғам өміріне қатысты оқиғаларды айғақтайды.
  • Мемлекеттік басқару ісін жүйелейді.
  • Тарихи құбылыстарды зерттеудің қайнар көзі болады.
  • Мекеме мен ұйымның атқарған істерінің көрсеткіші қызметін атқарады.
  • Мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші болып саналады.

Іс қағаздарының сипаттары

Саяси

Мемлекетішілік, мемлекетаралық және халықаралық қатынастарда қолданылады.

Әлеуметтік

Қоғамдық-әлеуметтік қатынастарды реттеуге қызмет етеді.

Ұйымдастырушылық

Басқару қызметі жүйесіндегі тәртіп пен рәсімдерді айқындайды.

Құқықтық

Заңдық нормалар мен тұлғалар арасындағы қатынастарды рәсімдейді.

Тарихи

Әр дәуір мен қоғамдық сатының өзіндік ерекшеліктерін айғақтайды.

Ресмилік

Құжаттың міндетті түрде заңдық тұрғыда тіркелуімен ерекшеленеді.

Құжаттау үдерісінің элементтері

  1. 1 Құжаттарды дайындау.
  2. 2 Құжаттарды жолдау және тіркеу.
  3. 3 Сырттан келген құжаттарды қабылдау және тіркеу.
  4. 4 Құжаттарды қолдануға дайындау.
  5. 5 Құжаттардың орындалуын бақылау.
  6. 6 Құжаттарды мұрағат қорына дайындау.

Ресми құжат стиліне тән белгілер

  • Мазмұнның қысқа әрі тұжырымды баяндалуы.
  • Тұжырымдардың дәл және нақты болуы.
  • Сөздер мен терминдердің тура мағынада қолданылуы.
  • Терминдер мен тұрақты орамдардың бірізділігі.
  • Ең жиі қолданылатын және Мемлекеттік терминология комиссиясы бекіткен термин нұсқасын пайдалану.
  • Қалыптасқан мазмұндық-құрылымдық нормаларды қатаң сақтау.

Автор туралы мәлімет

Білім беру ұйымы

Н. Наушабаев атындағы Затобол мектеп-гимназиясы ММ

Пән мұғалімі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі — Сейтмағанбетова Шолпан Жүгеревна