Кейіпкері кім

Сабақтың жүрісі

Бұл сабақта оқушылар ертегі арқылы еңбектің құндылығын түсініп, мәтінмен жұмыс жасау дағдыларын дамытады: жоспар құру, рөлге бөліп оқу, сөздік қорын толықтыру, сұрақтарға жауап беру.

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Психологиялық дайындық: сабаққа назар аударту, жағымды көңіл күй қалыптастыру.

II. Өткен сабақты қайталау және қызығушылықты ояту

Қайталау жоспары

  1. «Құрылыста» (2–3 оқушыдан сұрау)
  2. «Жүк машинасының мақтануы» (мақтаншақтық, жолдастық туралы мақал-мәтелдер)
  3. «Көтергіш кран»
  4. «Күн лайсаң»
  5. «Достық көмек»

Ой қозғау сұрақтары

  • Мақтаншақтыққа қарсы қандай қасиеттер тұрады?
  • Еңбек адамға не үшін керек?
  • Еңбек туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Венн диаграммасы: жақсы әдет пен жаман әдет

Жақсы әдеттер

Амандасу, әдептілік, инабаттылық, ізгілік, сыйластық, жомарттық, білімділік, тәртіптілік, ұқыптылық, шыншылдық.

Жаман әдеттер

Надандық, әдепсіздік, тіл алмау, өтірікшілік, нашар оқу, мақтаншақтық.

III. Ертегі әлеміне кіріспе

Балалар ертегіні кішкентайынан тыңдап өседі: ата-әжелер айтады, теледидардан көреді, радиодан тыңдайды. Ертегі — қиялды дамытып, ғажайып әлемге жетелейді.

Ертегілердің түрлері (схема)

Қиял-ғажайып
Хайуанаттар
Шыншыл
Тұрмыстық

Бүгінгі сабақтағы негізгі шығарма — «Еңбекпен тапқан тиын». Ертегі еңбек тақырыбын қозғайды: жалқаулықтың зиянын көрсетіп, адал еңбектің қадірін ұғындырады.

IV. Мағынаны тану: мәтінмен жұмыс

Тапсырмалар

  • Рөлге бөліп оқу.
  • Мәтінге жоспар құру.
  • Түсініксіз сөздермен жұмыс.
  • Сұрақтар мен тапсырмалар орындау.

Мәтін жоспары

  1. Қарияның қартаюы.
  2. Ұлының жалқаулығы.
  3. Анасының ұлына жаны ашуы.
  4. Ұлының әкесіне өтірік айтуы.
  5. Адал еңбек.
  6. Әкесінің ұлының еңбектенгеніне көз жеткізуі.

Сөздік жұмысы

Кәрі
қарт
Бұлжытпай
екі етпей
Тиын
ақша
Қулық
арамдық
Ұлы
бала

«5 жол өлең» стратегиясы

  1. 1. Зат есім: ертегі, еңбек.
  2. 2. Сын есім: қызық, ұзақ, адал, арам.
  3. 3. Етістік: оқиды, тыңдайды, айтады, істейді.
  4. 4. Сөйлем: Біз ертегіні сүйіп оқимыз.
  5. 5. Қорытынды: әдеби жанр.

Кубизм стратегиясы (сұрақтар)

  • Ертегінің түрін ата.
  • Бұл ертегі қай жанрға жатады?
  • Кейіпкерлері кімдер?
  • Анасы баласына қандай ақыл айтты?

V. Үй тапсырмасы және бағалау

Үй тапсырмасы

Мәтінді мазмұндап айту.

Қосымша: «Еңбек етсең ерінбей…» тақырыбында қысқаша ойтолғау жазу.

Бағалау

  • Рөлге бөліп оқудағы белсенділік.
  • Жоспар құру және сұрақтарға жауап беру сапасы.
  • Топтық/жеке жұмыстағы ынта мен тәртіп.