Моншақ пен матадан аппликация
Еңбек пәні бойынша күнделікті сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Қатырма қағаз туралы мәлімет
Сілтеме
Еңбек оқулығының әдістемесі
Сабақтың типі
Аралас сабақ
Әдістері
- Түсіндіру
- Әңгімелеу
Көрнекілігі
Суреттер
Сабақтың мақсаты
-
Оқушыларға қатырма қағаз туралы түсінік беру және қағаздан бұйымдар жасау жолдарын үйрету.
-
Білімін және ой-өрісін дамыту.
-
Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Топқа бөлу
Сынып оқушыларын туған жыл мезгіліне қарай төрт топқа бөлу:
- 1-топ
- Күз айында туғандар
- 2-топ
- Қыс айында туғандар
- 3-топ
- Көктем айында туғандар
- 4-топ
- Жаз айында туғандар
Ынтымақтастық атмосферасы
Оқушылар шеңберге тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүрекшені ұсынып, бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жылы лебіз айтып, сыныпта жағымды ахуал қалыптастырады.
Ортақ әрекет
Оқушылар мұғаліммен бірге тақпақ айтады.
Қызығушылықты ояту
Сұрақ: «Мына заттар неден жасалған деп ойлайсыңдар?»
Мағынаны тану
Қатырма қағаз — қағаздың қалың әрі тығыз түрі. Оны өндіру тәсілі қағаз жасаумен ұқсас, алайда қатырма қағаз үшін ірірек және қаттырақ ағаш талшықтары қолданылады.
Мысалдар
- Дәптер мұқабасы
- Дәрілік қораптар
- Кітап мұқабасы
Сергіту сәті
Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ. Бесті беске қосайық, Қатты-қатты соғайық.
Ой толғаныс
Оқу түрлері
- Іштей оқу
- Дауыстап оқу
- Тізбектей оқу
Сұрақ-жауап
«Қатырма қағаздың қандай түрлерін білесің?»
Үй тапсырмасы
Қатырма қағаздан бұйым жасап келу.
Бағалау
Оқушылардың жұмыстарын салыстыра отырып, еңбегін бағалау.