Ақпарат тобының сұрақтары

Сабақтың тақырыбы

«Информатика әлеміне саяхат» (7-сынып)

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың информатика пәнінен алған білімін жинақтау, білім деңгейін бақылап, бағалау.

Дамытушылық

Ойлау қабілетін, компьютерлік сауаттылық пен іскерлікті, танымдық және логикалық дағдыларды дамыту; пәнге қызығушылық пен белсенділікті арттыру.

Тәрбиелік

Білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізуге, топпен бірлесе жұмыс істеуге тәрбиелеу; тәртіптілік, сабырлылық, еңбекқорлық, ұқыптылық қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың форматы

Сабақтың түрі

Сайыс сабақ

Сабақтың әдісі

Топтық жұмыс

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар өз орындарына жайғасады. Әр топта 10 оқушы болады, олардың ішінен бір оқушы топ басшысы болып сайланады.

Мұғалім: Барлығыңызды бізбен бірге қызықты Информатика әлеміне аттануға шақырамын. Өздеріңізбен бірге ойлау жылдамдығын, тапқырлықты, шапшаңдықты және көтеріңкі көңіл-күйді алып жүруді ұмытпаңыздар. Бұл саяхат информатиканы үйренушілерге, информатиканы сүйетіндерге және әлі де таныса қоймағандарға арналады.

Командалар

I топ

«Ақпарат»

II топ

«Компьютер»

Сайыс кезеңдері

  1. 1 Сәттілік
  2. 2 Шешімін тап
  3. 3 Кім жылдам
  4. 4 Мақал-мәтелдер орталығы
  5. 5 Мен саған, сен маған
  6. 6 Тапқыр достар
  7. 7 Жорға (топбасшылар сайысы)

Алдағы бағыт айқын, озат екеніңді тағы таныт. Информатика әлеміне қадам басып, компьютер тілінде сайысайық.

1-кезең: «Сәттілік кезеңі»

Ереже

Әр топқа 10 сұрақ беріледі және орындауға 2 минут уақыт қарастырылады.

Жауап беру тәртібі

Топ мүшелері өз орындарында отырып жауап береді. Уақыт аяқталған соң кез келген мүшесі сұрақтарды жауаптарымен бірге оқып шығады.

Бағалау

Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.

«Ақпарат» тобының сұрақтары

Сұрақ Жауап
1 1 байт неше биттен тұрады? 8
2 Ақпараттық үдерістер қандай? Сақтау, алмасу, өңдеу
3 Бір мезгілде қатар басылған қай екі перне терезені жабады? Alt + F4
4 Компьютердің негізгі құрылғылары қандай? Жүйелік блок, пернетақта, монитор
5 Ақпаратты кері кодтау қалай аталады? Декодтау
6 Қай пернені бір рет басқанда бас әріптер енгізіледі? Caps Lock
7 Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы? Принтер
8 Алғашқы электронды есептеуіш машина қашан және қайда жасалды? 1946 жылы, АҚШ, Пенсильван университеті
9 Процессорды басқа құрылғылармен жалғастыратын арна қалай аталады? Шина
10 Ақпаратты белгілі бір әліпби арқылы құпиялап жазу қалай аталады? Кодтау

«Компьютер» тобының сұрақтары

Сұрақ Жауап
1 Экранның төменгі жағындағы жіңішке жолақ қалай аталады? Тапсырмалар тақтасы
2 Windows сөзінің қазақша аудармасы? Терезе
3 Экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ қалай аталады? Терезе
4 Нақты бір файлды көрсететін арнайы белгішелер қалай аталады? Таңбашалар
5 Жою пернесі? Delete
6 Компьютерден өшірілген құжаттар қайда сақталады? Корзина
7 Меңзердің оң жағындағы символдарды өшіретін перне? Delete
8 Бір мезгілде қатар басылған қай екі перне жасаған әрекетті болдырмайды? Ctrl + Z
9 «Компьютер» сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағына береді? Есептеу
10 Сурет салуға арналған бағдарлама? Paint