Зат есімнің түрленуі

Сабақтың тақырыбы

Зат есімнің түрленуі. Көптік жалғау

Жалпы мақсаты

  1. 1 Оқушылар сабақ соңында зат есімге мысалдар келтіріп, оны орынды әрі дұрыс қолдана алады.
  2. 2 Сөйлемдерден түбір мен қосымшаны ажыратып, жалғаулар арқылы зат есімдерді көптей алады.
  3. 3 Басқа сөз таптарының ерекшеліктерін зат есіммен салыстырып, мысал келтіріп талдай алады.

Оқу нәтижелері

Нәтиже 1

Оқушылар көптелген зат есімдерге мысал келтіріп, оларды орынды қолдана алады. (барлығы)

Нәтиже 2

Сөйлемдерден түбір мен қосымшаны ажыратып, жалғаулар арқылы зат есімдерді көптей алады. (барлығы)

Нәтиже 3

Басқа сөз таптарының ерекшеліктеріне мысал келтіріп, қорытынды жасай алады.

Сабақ кезеңдері

Уақыт бөлінісі және оқыту әрекеттері.

Кіріспе

3 минут Ұйымдастыру

Оқушыларды ортаға дөңгелете тұрғызып, смайликтер арқылы 3 топқа бөлу.

Тұсаукесер

5 минут Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақтар (жуан және жіңішке)

  • Морфология нені зерттейді?
  • Қосымша туралы не білеміз?
  • Негізгі сөз таптарын ата.

Жаттығу

Жаттығу жұмыстарын тексеру, қателерді талдау.

Негізгі бөлім

25 минут Блум таксономиясы

Білу, түсіну

Тірек-сызба арқылы жаңа сабақты меңгерту.

Жалғау түрлері

  • Көптік
  • Тәуелдік
  • Септік
  • Жіктік

Көптік жалғаулары

-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер

Әр топ көптік жалғауларына өз мысалдарын келтіреді.

Қолдану, талдау

Топтық жұмыс арқылы жалғауларды табу және зат есімдерді талдау.

І топ

Берілген сөйлемнен жалғау түрлерін табу:

Тіл – адамзат баласын қазіргі өркениетке жеткізген ұлы күш.

ІІ топ

Берілген сөйлемнен жалғау түрлерін табу:

Ата-бабаларымыз ана тілімізді шұрайлы да көрікті қалпында кейінгі ұрпақтарына аманат ете білген.

ІІІ топ

Зат есімдерге толық сатылай талдау жүргізу:

Адам тағдырын тәрбие шешеді, тәрбие құралы – сөз. (Олжас Сүлейменов)
Ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғары қасиеті. (Ғабиден Мұстафин)

Жеке жұмыс

Жаттығу жұмыстарын орындату. Тақтаға 3 оқушы шығып, тапсырмаларды орындайды.

Саралау

Қабілеті жоғары оқушылар

Көптік жалғауларын пайдаланып, өзі ұнатқан тақырыпқа қысқа мәтін жазады.

Қолдауды қажет ететін оқушылар

Иллюстрациялы суреттен зат есімдерді табады; көптік жалғауларын жалғап, жай сөйлемдер құрайды.

Қорытынды

8 минут Бекіту

1) Жабық тест

Қысқа сұрақтар арқылы негізгі ұғымдарды бекіту.

2) Кері байланыс

  • Бүгін мен не үйрендім?
  • Маған не ұнады, не ұнамады?
  • Жаңа сабақ бойынша сұрағым немесе пікірім.

Бағалау

2 минут Қорытындылау

1) Мадақтау

Оқушының белсенділігі мен талпынысын қолдау.

2) Формативті бағалау

Топтық жұмыс нәтижесін критерий бойынша бағалау.

3) Өзара бағалау

Оқушылар бір-біріне кері байланыс беріп, бағалайды.

Қорытынды ескерту

Сабақ мазмұны «Зат есімнің түрленуі. Көптік жалғау» тақырыбын меңгертуге бағытталған: зат есімдерді тану, түбір мен қосымшаны ажырату, көптік жалғауларды дұрыс қолдану.