Сапабек пен әкесі әңгімесінің жараспауы
Сабақтың тақырыбы
Т. Әбдіков, «Қонақтар» әңгімесі.
Жалпы мақсаты
Жазушы өмірі туралы мағлұмат бере отырып, әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашу; қазіргі заман үлгілерінен мысал келтіре отырып, оқушылардың білімін жетілдіру.
Күтілетін нәтижелер
-
1
«Қонақтар» әңгімесінің мазмұнымен таныса отырып, өз көзқарасын және пікірін еркін айтуға талпынады.
-
2
Ойларын анық әрі дәл жеткізуге дағдыланады; шығарманы өмірмен байланыстыра отырып дүниетанымы кеңейеді; өзіндік қорытынды жасап, пікірін білдіре алады.
-
3
Жақсы мен жаманды ажырата біледі; кейіпкерлер бойындағы жақсы қасиеттерді үлгі етеді; ата-ананы сыйлауға, олардың алдындағы борышты ақтауға тәрбиеленеді.
Жалпы идея
«Ата-анасын ұмытқан бала — опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы» (Ғ. Мұстафин).
Ресурстар
Тапсырмалар форматы
Топпен жұмыс
- «Біздің пікір»
Жеке жұмыс
- Ой толғау
- Пікірлесу
- Лайықты сөз
- Топтастыру
- «Қала мен дала» салыстыруы
- Венн диаграммасы
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сергіту сәті
- Топқа бөлу (жасырылған суреттер арқылы)
II. Үй тапсырмасын пысықтау
- Т. Айбергеновтің өмірі мен шығармашылығы.
- Т. Айбергенов, «Ана» өлеңі.
- «О, адамдар, ана керек адамға» тақырыбында шағын эссе жазу.
III. Топпен жұмыс: «Біздің пікір» (постер қорғау)
1-топ
Ата-ана дегеніміз кім? Олардың алдындағы міндетіміз қандай?
2-топ
Борыш, парыз, үміт ұғымдары нені білдіреді?
3-топ
Ата-ананы сыйлау — елді сыйлау.
IV. Жаңа сабақты меңгерту (оқулықпен жұмыс)
- Т. Әбдіковтің өмірі, шығармашылығы, қызметі және жазушы туралы пікірлер («топтастыру» әдісі арқылы).
- Әңгіменің барысымен танысу (мәтінді топтарға бөліп оқу).
V. Шығарманы талдау
Басталуы
Баласын тағатсыздана күткен әке мен шеше.
Дамуы
Қарттың ішкі ойы.
Байланысуы
Қаладан келген қонақтар.
Шиеленісуі
Сапабек пен әкесінің әңгімесі жараспайды. Ауыл әні.
Шарықтау шегі
Мазасы кеткен қарт.
Шешімі
Орындалмаған соңғы үміт.
Қорытынды
Құлазыған көңіл.
VI. Жеке жұмыс: деңгейлік тапсырмалар
A деңгей
- Ой толғау: «Әкеге бағыну — тәңірге бағыну».
- Пікірлесу: Сапабектің іс-әрекетін бағалау. Оның үйіне қонақ болып кетуіне кім кінәлі?
B деңгей
- Лайықты сөз: Оқылған әңгіме бойынша екі бағанды лайықты сөздермен толықтыру.